400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сабырсыз, арсыз, еріншек" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ыстық орындық» әдісі арқылы. 1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің? 2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр? 3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады? 4. Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді? 5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Әдебиет

Сыныбы: 4 «ә»

Мерзімі: 17.11.

2017жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Куренкеева.М. Б.

Сабақтың атауы

Абай. Сабырсыз, арсыз, еріншек

Жалпы мақсаты

Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу.

Табыс критерийлері:

1. Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен танысу.

2. Өлеңді түсініп оқу, өлеңнің негізгі идеясын ашу.

Оқыту  нәтижесі

Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын еске түсіреді, өлеңді түсініп, мәнерлеп оқиды. Өз ойларын еркін жеткізеді. Сыни көзқарас қалыптасады.

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

АКТ, ақ қағаздар , маркерлер, түрлі-түсті суреттер

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ынтымақтастық атмосферасы

Ойға толсын санамыз,

Бестік болсын бағамыз.

Баласындай бір үйдің ,

Тату болсын арамыз.

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Жарайсыңдар!

Топқа бөлу

«Атом малекула» әдісі бойынша топқа бөліну

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Топқа бөлініп,орындарына отырады.


Ауызша алғыс

Қызығушылықты ояту


«Ыстық орындық» әдісі арқылы.
1. Спандияр Көбеев кім? Ол туралы не білесің?

2. Әңгіменің басында «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

3. Хамза Қаржасовтың сөзі неге ұнамады?

4. Болыс Салмұғамбет Спандияр мен оның әкесіне не деді?

5. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп - сұр болып кетті?

6. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

Үй тапсырмасына дайындықтарыңды тыңдап көрейік

І топ С.Көбеев туралы мәлімет жинақтау

ІІ топ «Менің арманым» шығарма жазып келу

ІІІ топ Мәтіннен бай және кедейге байланыстыайтылған сөздерді теріп жазып келу.

Бір оқушыны орындыққа

отырғызып,үй тапсырмасы бойынша

2-3сұрақтан қояды. Сұрақтарына жауап алады




Мадақтау сөздері

Жаңа білімге көпір салу (АКТ)

(интерактивті тақта арқылы)

«... Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой,

Бес асыл іс - көнсеңіз»

- Тақтадағы үзінді Абайдың қай өлеңінен алынған?

- Бұл өлеңді кімдер жатқа біледі?

- Абайдың тағы қандай шығармалары бар?

- Абай ата туралы не білеміз?

Рисунок 2

- Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, асыл сөздің зергері. Азан шақырып қойған аты - Ибрагим. Әжесі Зере сүйкімді де сүйікті немересін Абай деп еркелеткен. Осыдан кейін Ибрагим дейтін шын аты аталмай, ел арасында Абай атанып кетеді.

Абайдың шығармалары:

• Ғылым таппай мақтанба

• Интернатта оқып жүр

• Пайда ойлама, ар ойла

• Жасымда ғылым бар деп ескермедім

• Әсемпаз болма әрнеге

• Жазғытұры

• Жаз

• Күз

• Қыс

• Желсіз түнде жарық ай

Абай Құнанбаевтың дүниеге келуінен үзінді (бейне баян көрсету)

Оқушылар

бұл өлең жолдары Абай атамыздың өлеңі екенін айтып, өлеңді оқып, оны ары қарай жалғастырады


Абай Құнанбаевтың өміріне қысқаша тоқталады. Шығарма- өлеңдерінен бір шумақтан айтып еске түсіреді

Тамаша










Өте жақсы

Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Абайдың «Сабырсыз,арсыз,еріншек» өлеңімен танысады. Кітапта осы өлеңнен үзінді берілген, оқушылар оқиды .


Сөздік сөздермен жұмыс жүргізу,сөздерді түсіндіру

Оқушылардың іштей оқуы.

2-3 оқушы мәнерлеп оқиды. Өлеңді түсініп мағанасын өз ойларын жеткізу .

Қарама-қарсы мағыналы сөздерді табады. Мысалмен дәлеледейді


Жарайсыңдар!

Сергіту сәті

«Желсіз түнде жарық ай»өлеңінің бейне баян.

Абайдың өлеңінің музыкасына қосылып, ырғатылады.

Ой қорыту

(Жұптық жұмыс)

«Кім шапшаң?» ойыны.

оқушылар

Екі өлеңді салыстыра отырып, өлеңдегі сөздерді пайдаланып, салыстыру

• Жағымды - Сабырлы, арлы, еңбекқор, сыпайы, білімді, ақылды...

- Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым...

• Жағымсыз - Сабырсыз, арсыз, еріншек, көрсеқызар, жалмауыз, алауыз,...

- Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ...


Оқушыларжұптасып отырып,
кестеге өтілген жаңа сабақтағы «Сабырсыз, арсыз, еріншек» деп аталған өлең мен «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін салыстыра отырып, адамның жақсы, жаман қылықтарын топтап жазады.

Өте жақсы

Шығармашылық тапсырма

І топ – Абай атасына кластер жасау

ІІ топ – Абай атамызға 5 жолды өлең құрастыру

ІІІ топ - Абай аудармаларынан мысалынан көрініс көрсету.

ІVтоп- Абай атаға хат

Абай Құнанбаев туралы не білдік? плакатка жазу.

«Синквейн» әдісі бойынша 5 жолды өлең жазу.

Саханалау.

Абай атаға хат жазады.

Тапсырмаларды орындайды.

Тамаша

Кері байланыс

- Абай рухы - туған тілдің тірегі.

Абай рухы - қазағымның жүрегі.

Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,

Намысыңды қамшыласын үнемі


-дей келе әрқайсысың өздеріңді қандай адам болуым керек деп ойлайсыңдар? (оқушылардың ойларын тыңдау)

-«Жақсы сөз – жан азығы» - дейді қазақ. Мына жүрекшеге қандай адам болу керектігін білдіретін тілек жазады

Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Ұнаса үш рет қолымызды шапалақтайық.

Жүрекшеге өз ойларын

жазып , тақтадағы үлкен жүрекшеге жапсырады


Мақтау сөздер


Бағалау

Рефлекциялық бағалау кезеңі. Сабақ соңында топтағы жауап бергендердің саны, яғни плюстері саналады. Оқушылар өздерінің жауаптарына формативті баға береді.

Өздерін бағалайды

Өте жақсы

Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау

Күнделіктеріне жазады






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
664
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі