400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сәкен Жүнісов "Кімнің мекені жақсы?" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға өз туған жерін құрметтеуге баулиды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін: ДБСЖО Г.Б.Қарақұл

Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Әдебиеттік оқу

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім: «Менің туған өлкем»

Күні: 10.12.2019

Мектеп: № 249 мектеп - лицей

Мұғалімнің аты-жөні: Махан Б

Сынып: 2 Е

Қатысқандар саны: 26

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Өз мекенім жақсы С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы ?» (107-бет)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

2.1.1.1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: мәтінді оқиды, түсінеді, бағалауға қатысады, негізгі ойды анықтайды.

Көпшілігі: мәтіндегі негізгі ойдың басталуын, жалғасуын, аяқталуын табады. Соған сәйкес мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қояды.

Кейбірі: мәтін кейіпкерлеріне еліктеп, өз туған жері туралы толғана пікір білдіреді.

Бағалау критерийлері

Сабаққа белсенді қатысады

Сұрақтар төңірегінде пікір алмаса алады

Өз мекені туралы әңгімелей алады

Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қоя алады.

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық, өз Отанына деген құрмет

Тілдік құзіреттілік

мекен

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, сурет, өзін-өзі тану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнежазба, таныстырылым.

Алдыңғы оқу

Қазақ тілім- анам тілі – өз тілім

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Сәлемдесу

Психологиялық дайындық

Болашақтың гүліміз,

Жарқын болсын үніміз.

Достық, байлық мекені,

Біздің туған еліміз!

Қызығушылықты ояту

    1. Ұжымдық жұмыс:

  • Суреттерден не көрдіңдер балалар?

  • Жануарлардың ұясын, інін, апанын, бабаларымыз мекендеген киіз үйді, қазіргі үйдің суретін көрдік.

  • Бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атауға болады?

  • Мекен деп атауға болады.

  • Мекен дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Мекен деп – жануарлардың мекендейтін орнын, адамның үйін атаймыз

  • Шет елдік досымызбен таныссақ, толық мекен-жайымызды қалай таныстырар едік?

Тақырыппен таныстыру

Бүгінгі өтетін тақырыбымыз – «Өз мекенім жақсы» деп аталады.

Сабақ мақсатымен таныстыру

Бүгінгі сабақты өтудегі мақсатымыз - «Өз мекенім жақсы» тақырыбының мағынасын түсіну.


Интербелсенді

тақта





Суреттер






Сабақтың ортасы

  1. минут


Жұмбақты шеш. Қылдай белі бүгілген,

Өзінен де жүгі үлкен. (Құмырсқа)

Қос мекенді жануар (Құрбақа)

Жыл басы қай жануар? (Тышқан)

Жұмбақтың шешуі болған жәндік туралы не білетініңді әңгімеле.

-    Балалар, осы құмырсқа, құрбақа, тышқан үшеуі жолға шығады. Олар жолға неге шықты деп ойлайсындар?

-Білгілерің келе ме?

Олардың саяхаты туралы белгілі жазушы Сәкен Жүнісов «Кімнің мекені жақсы» тақырыбында әңгімелейді

Ендеше алдымен автормен танысып алайық.


Есіңе сақта! Автор туралы мәлімет (Бейнекөрсетілім)

Сәкен Жүнісов Нұрмақұлы 1934 жылы 1 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысына қарасты қазіргі Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін және аспирантурасын бітірген халық жазушысы, аудармашы.
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері

Жүнісовтың алғашқы кітабы балаларға арналды. Ол кішкентай оқырмандарға арнап «Сонарда», «Әжем мен емші және дәрігер», «Kімнің мекені жақсы?» және тағы да басқа көптеген еңбектер жазды.  «Жапандағы жалғыз үй» романы «Ажар мен ажал», «Жаралы гүлдер», «Қызым саған айтам» тақырыбында пьесалар, ХХ ғасырда ел басына орнаған дүрбелеңді сипаттайтын-«Заманай мен Аманай» романы жазды. Шығармада бас сауғалап, шетел асқан қазақтардың жай-күйі, отанға деген сағынышы шебер суреттеледі. Ал кейіннен бұл шығарма «Заманай» фильмінің түсірілуіне арқау болды. 

Жаңа сабақ

Оқылым.

(Ұ) 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Сәкен Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?»

1) тізбектеп оқыту

2) тұтас, дауыстап, мәнерлеп оқыту.

Мағынаны ажырату

Жазылым.

Сөздікпен жұмыс

ми қайнатар ыстық – күннің қатты ысуы

көде - далалы жерде өсетін шөп.

іңір қараңғысында – күн батқан кез

көз жеткісіз – шексіз созылып жатыр.

таңдайы кепті – шөлдеді.

үйіріліп – аспанды жапты.

жердің миы шығып – балшық болды.

қамықты — уайымдады.

жарықшақ – жердің тілінген жерлері.

Бағалау: жұптар бірін – бірі тексеріп, қол соғу әдісі арқылы бағалайды

Айтылым.

Мәтін неше бөлімнен тұрады ?

Топтық жұмыс:

1 – топ Мәтіндегі негізгі ойдың басталуын тауып, ат қояды.

Суретте берілген кейіпкер туралы мәліметтер жазады.

Адасқан сөздер арқылы сөйлем құрастырады.

(Мәтін құмырсқа, құрбақа, тышқанның жайлы қоныс, жақсы мекен іздеп

шығуымен басталады.

«Дүниедегі ең қолайсыз жер осы болар-ау, иісі қандай сасық еді,

қолқаңды атады» - деген Тышқан сөзін құрастырады)

2 – топ Мәтіннің негізгі бөлімін тауып, әңгімелейді, ат қояды.

Суретте берілген кейіпкер туралы мәліметтер жазады,

Адасқан сөздер арқылы сөйлем құрастырады.

(жолаушылардың көкқұтан, құрбақа, жауынқұрттарына жолығуын, Құрбақаның сөзін тауып жазады. - «Дүниедегі ең бір қолайсыз қоныс осы болар-ау, қандай ыстық еді», - деген Құрбақа сөзін құрастырады)

3 – топ Мәтіннің аяқталуын тауып, ат қояды.

Суретте берілген кейіпкер туралы мәліметтер жазады.

Адасқан сөздер арқылы сөйлем құрастырады.

(Құмырсқа, құрбақа, тышқанның өз қоныстарына оралуын әңгімелейді.

  • «Дүниедегі ең қолайсыз қоныс осы жер болды-ау. Жауыны қандай қатты еді», - деп қамыққандығын жазады.)

4 – топ Мәтіндегі негізгі ойды әңгімелейді.

Суретте берілген кейіпкер туралы мәліметтер жазады,

Адасқан сөздер арқылы сөйлем құрастырады.

«Иісі қандай жақсы-көкірегіңді ашады, суы қандай тәтті – жер татиды. Батпағы қандай жұмсақ-нағыз май батпақ»-деген Көкқұтанның сөзін құрас-тырады.

Бағалау:

Әр топ бірін – бірі критерийлерге сәйкес «+» белгісін қою арқылы бағалайды

1. Мәтін бөліктерін таба алады


2. Мәтін бөлігіне сәйкес ат қоя алады


3. Кейіпкер туралы толық мәлімет бере алды


4. Адасқан сөздерден сөйлем құрай алды



Жұптық жұмыс:

Сәйкестендіру Мекенін тап!

Жануарлар атауы

Жануарлар мекенінің

атауы

Жануарлардың өз мекенінің

жайлылығын сипаттауы

Құмырсқа

Илеуі.

Жайлы, биік, жұмсақ.

Тышқан

Ін,

Тар, қараңғы, қауіпсіз.

Құрбақа

қос мекенді

Салқын, дымқыл,көлеңке

Көкқұтан

шалшық су

Иісі көкірегіңді ашады. Суы жер татиды, батпағы майлы, жұмсақ.

Бозторғай

Жазық дала, көде

Жақсы мекен, жайлы қоныс.

Жауынқұрт

Балшықты жер қыртысы

Ылғалды, жауынды жер.

Бағалау: Әр жұпқа «Керемет жұп», «Тамаша жұп» мадақтау сөздері

жазылған суреттер таратылады.

Жеке жұмыс:

Мақал – мәтелдер жазу тапсырылады

Бағалау: «Жарайсың!, Керемет!» мадақтау сөздері жазылған суреттер беріліп

отырады.

Интербелсенді

тақта



Сурет









Интербелсенді

тақта


















Оқулықпен

жұмыс




Дәптермен жұмыс

















Постер,

суретпен жұмыс




























Топтық жұмысты бағалау кестесі




Кестемен жұмыс








Дәптермен жұмыс



Сергіту сәті

1 минут

Қыдырып қайтайық әні

Қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды


Сабақтың аяқталуы

10 минут

Кері байланыс: ауызша оқушыларға кері байланыс беру.

  • Бүгінгі тақырып қалай аталады?

  • Мәтін авторы кім?

  • Мәтін қалай аталады?

  • Мәтін кейіпкерлерін ата

  • Мәтіннің кіріспе бөлімінде не әңгімеленеді?

  • Мәтіннің негізгі бөлігі қалай жалғасады?

  • Жолаушылар ең алдымен қандай жерге кез болады?

  • Ол жер қай кейіпкерге ұнамады?

  • Алғашқы жерге келгенде тышқан не айтты?

  • Көкқұтанның мекені өзіне несімен жайлы?

  • Екінші неге жолықты?

  • Екінші мекен неге ұнамады?

  • Бозторғайдың мекеніне жолыққан құмырсқа не айтты, қандай күйде болды?

  • Бозторғай өз жерін қалай мақтан етті?

  • Жайлы мекен іздеушілер табиғатта қандай өзгеріске тап болады?

  • Табиғаттың бұл құбылысы жолаушыларға қалай әсер етеді?

  • Жауынқұрттардың мекені қандай еді?

  • Жайлы қоныс, жақсы мекен іздегендер оны тапты ма ? Неліктен ?

  • Өз мекеніне оралған кейіпкерлер нені ұқты?

  • Жазғы демалыста басқа қалаға лагерге барсаң қандай сезімде болар едің?

  • Мәтіннен мазмұнынан өз бойыңа қандай құндылықты дарыта алдың?


Сабақтың соңы

3 минут


Ой толғаныс

Түйін сөз

  • Өз тұрған жерің несімен ұнайды ?

  • Мәтін кейіпкерлеріне ұқсап, өз тұрған жерің туралы әңгімеле.

Бағалау: ЖК бойынша бағалау.

Үйге тапсырма: С. Жүнісов «Кімнің мекені жақсы?» (107-бет)

мәтінді оқу, мазмұндау, эссе жазу.

Рефлексия. «Өз пікірім»

Оқушы сабақ туралы бір сөйлеммен пікір жазады.

  • Не қиын болды?

  • Не қызықты болды?

  • Нені өзгерту керек?








Стикер

Қосымша ақпарат Кейіпкерлер туралы қосымша ақпаратар беріледі.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

Жоғары деңгей тапсырмалары


Ақын сөздерін пайдаланып, көркем сөйлеу.


Орташа деңгей тапсырмалары


Мәтін кейіпкерлерін ата

Топтық жұмыс орындауда

Әр топ бірін – бірі критерийлерге сәйкес «+» белгісін қою арқылы бағаланады.

Жұптық, жеке жұмыс тапсырмасын орындауда бағалау критерийлеріне сәйкес, «Жарайсың! Керемет! Тамаша!» мадақтау сөздері жазылған суреттермен бағаланады

Жинаған суреттерінің саны арқылы сараланады.

Құндылықтарды дарыту: ынтымақтастық, құрмет.Пәнаралық байланыс:қазақ тілі, сурет..АКТ-ны қолдану дағдылары: осы сабақ барысында оқушыларға тақырыпқа қатысты көрнекі құралдар слайдпен көрсетіледі.Тәрбиелік мәні: туған жерін құрметтеуге , қадірлеуге тәрбиелеу.

- Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

- Бүгін оқушылар не білді?

- Сыныптағы ахуал қандай болды?

- Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

- Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

- Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
1964
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі