400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Салақтық"2-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың ой белсенділігін, сабаққа қызығушылығын арттыру маақсатында топтық,жұптық жұмыстардың пайдасы көп. 2-сыныпта ана тілі « Салақтық» тақырыбында өткен ашық сабағымды ұсынып отырмын. Жас мамандарға көмегі тиер деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин. Салақтық.

Сабақтың мақсаттары:

1.Білімділігі:

Оқушыларды Ы.Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру.Әңгіменің мазмұны мен идеясын ашу.

2.Дамытушылығы:

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу тілін дамыту.Өз бетінше қорытынды жасауға, өз ойларын ашық айтуға үйрену.

3.Тәрбиелігі

Оқушыларды бірлесе жұмыс жасауға, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.Жақсы, жаман қасиеттерді ажырыта білуге, жақсы қасиеттерді үйреніп ,жаман қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:

жаңа сабақты игеру

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің суреті, тірек сызбалар,кестелер, а-4 форматындағы қағаз, оқулық.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Ана тілің - арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте!

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Оқушылардың «Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым» бөлімінен алған білімдерін байқау.

1-топ «Татулық» тобы өздерінің ана жайлы өлең, тақпақтарын айтады.

2-топ «Достық» тобы әкелері жайында шығармашылығын оқиды.

3-топ «Бірлік» тобы ата-әжелері жайлы тақпақтар айтады.


3.Жаңа сабақ.

Балалар «Мақал - сөздің мәйегі» дегендей мақал-мәтел жарысын өткізейік.






Мақал-мәтелдерде адам бойындағы қандай қасиеттер жайында айтылады?

Адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттер жайында.

Ендеше адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді атап көрейік.







Оқушыларды Ы. Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру









Ендеше, бүгін Ы.Алтынсарин атамыздың «Салақтық» әңгімесін оқып, мазмұнымен таныстыру.

Мәтінді үш бөлімге бөліп, топтарға оқытып, әңгімелету.

Балалар салақтық дегенді қалай түсіндік? Сызбаға түсірейік.



Балалар салақтық сөзіне қарама-қарсы қандай сөз? «Тазалық» сөзі. «Тазалық-денсаулық кепілі»

2012 жылғы 15 желтоқсандағы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан -2050 стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты жолдауынан үзінді.

Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі. Біз балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз етуге жаңа тәсілдер енгізу мәселесімен жұмыс жүргізуіміз қажет,


«Сөз құрастыр» ойынын ойнайық.

1-топ «Салақтық» сөзіне

2-топ «Тазалық» сөзіне

3-топ «Денсаулық» сөзіне

Берілген сөздер ішінен жаңа сөз құрайды, жариялайды.

4.Сабақты қорытындылау.


Балалар, осы қасиеттер жайында қандай өлең –тақпақтар білеміз?

Салақтық және тазалық сөздерін Т-кестесіне түсіру

Салақтық Тазалық

Кір болу Жуынып жүру

Лас жүру Таза жүру

Ауруға Денсаулық

ұшырау Спортпен шұғылдану




  • Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?

  • Бүгін біз не үйрендік?


5. Бағалау

6.Үйге тапсырма: Ы.Алтынсаринның «Салақтық» әңгімесін түсініп оқу



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
1443
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі