400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: саласы : Таным бөлімі: ҚМТҚ тақырыбы: «Диірменшіге көмектесейік» балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды жоғары- төмен, бірдей көлемдерін салыстырып үйрету. Биік және аласа заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ: «Диірменшіге көмектесейік» балабақша

Аты- жөні: Изтелеуова Айгерим Алмасбековна

Жұмыс орны: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті,

Қ. Пірімов ауылы № 92 мектеп жанындағы «Жаннұр» шағын орталығы



Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Диірменшіге көмектесейік»

Мақсаты: Балаларды жоғары- төмен, бірдей көлемдерін салыстырып үйрету.

Биік және аласа заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, үлестірмелі суреттер, диірмен, доп.

Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын.

Сөздік жұмыс: жоғары- төмен, биік- аласа, бірдей



Шаттық шеңбер

Армысың алтын күн,

Армысың көк аспан.

Армысың жер Ана,

Армысың достарым.

Сендерді көріп қуандым.

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілі / балалар жауабы\

  • Көктем мезгілінде неше ай болады?

  • Үш ай болады? / балалар жауабы\

  • Атап айтайықшы?

  • Наурыз, сәуір, мамыр / балалар жауабы\

  • Ауа райы қалай өзгереді?

  • Күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, құстар келеді т.б.

  • Дұрыс айтасыңдар, рахмет.



Жүмбақ жасыру.

Ұзын мұртты сарылар,

Қойнында толған дәні бар / бидай/

  • Дұрыс

  • Бүгінгі оқу қызметіміз қызықты болмақ. Өйткені сендер көптеген нәрсені біліп үйренесіңдер. Ендеше экранға назар аударайықшы.



Экраннан егіс алқабы, комбайын диханшылардың наубайхана

диірмен илеуі көрсетіледі. т,б.



  • Балалар экраннан ненің бейнесін көрдіңдер?

  • Комбайн , бидай, нан

  • Осылай егіс алқаптан, диханшылар комбайнмен орып, наубайханаға әкеліп, диірменнен өткізіп, ұн шығарады екен. Ұнды дүкеннен анамыз сатып, алып қамыр илеп, нан пісіреді екен.



  • Әже кіріп келеді.

  • Сәлеметсіңдер ме балалар!

  • Сәлеметсіз бе әже.

  • Қайдан келесіз?

  • Жолдан келемін. Көмек сұрай келдім.

  • Қандай көмек әже.

  • Менің мына диірменнен арпа, бидай тартуға балалар көмектессе екен.

  • Жарайды. Балалар әжемізге көмек берейік . 1-2 бала диірмен тартады.

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.











Экраннан суреттер көрсетіледі.

Жоғары, төмен, биік аласа деген ұғымдарды түсіндіру және балалар сурет бейнесіндегі заттарды көлеміне қарай атайды.



Ойын: « Жоғары- төмен»

Шарты: балалар жеке дара тақтаға суреттерді көлеміне қарай орналастырып атап өтеді.





Ойын: «Дастарханды жайайық»

Шарты: Үлестірмелі суреттер жапсыру арқылы заттарды салыстырып, орналастырады.





Күтілетін нәтиже:



Қайталай алады: Жоғары- төмен , биік аласа деген сөздерді мағынасын

Түсінеді: заттардың кеңістікте орналасу бағдарын

Қолданады: суреттерді салыстыру дағдысын



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
3852
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі