жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Салауатты өмір салты"
|
Сыныбы 7 «в» |
күні |
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Салауатты өмір салты. Демеулік шылаулар. |
||
|
Мақсаты |
Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. |
||
|
Күтілетін нәтиже |
Демеулік шылауларды қайталай отырып, олар туралы тереңірек ұғынады, ауызекі сөйлеу тілінде қолданады. Адам денсаулығына салауатты өмір салты пайда әкелетіні туралы түсінеді. Еркін сөйлеу дағдылары қалыптасады, жас кезінен денсаулықты күту керек екенін ұғынады. |
||
|
Керекті жабдықтар |
Оқулық, жұмыс дәптері, суреттер,интерактивті тақта, стикерлер, видеоролик. |
||
|
Сабақ барысы: |
|||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
|
|
Кіріспе |
Ортаға шақырып,бір-біріне қарама қарсы тұрғызып, жылы шыраймен жақсы сөз айтып,амандастыру. -Ал қараңдар бәріңнің жүздерің бал-бұл жайнап,көздерің күлімсіреп көңіл-күйлерің көтеріліп қалған сияқты. Көңіл күйлерің қалай? -Тамаша енді осындай көтеріңкі көңіл күймен сабағымызды бастайық. Әуелі топтарға бөлініп алайық. Тақтада ілулі тұрған стикерлерді алып, топтарға бөліне қойыңдар. Кім кезекші?Сыныпта кім жоқ? Сабақты бастамас бұрын бүгінгі сабағымызда бағалау қандай формада жүретіндігі туралы айтып кетейін. -Бүгін сендер өз-өздеріңді бағалайсыңдар. Мына бағалау парағына әрбір орындалған тапсырмалар бойынша балл қойып отырасыңдар.Соңында қорытынды баға қоясыңдар. Сондай ақ біз бүгін үздік топты анықтаймыз.Мен мына қолымдағы текшелерді жақсы жауап берген топтарға беріп отырамын. Сабақтың соңында текшелер санына байланысты көшбасшы топты анықтаймыз. -Үйге қандай тапсырма берілді? 1-топ "Денің сау болсын десең..." тақырыбы бойынша ой өрбіту. 2-топ Диалогты сахналап көрсету. /Стикерлер үлестіремін./ -Жақсы,рахмет. -Балалар мына жерде әр түрлі тақырыптарға байланысты суреттер жатыр, сол суреттерді топтастырыңдар. -Ал енді барлығын біріктіріп,
бір сөзбен айтқанда бұл не? Бүгінгі сабағымызда денсаулығымызды қалай
сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой
өрбітеміз. |
Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып бір –біріне қарама қарсы тұрып тілек айтады. Көңіл- күйіміз тамаша.
Оқушылар стикерлерді алып, екі топқа бөлінеді,орындарына отырады. Үйге қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы әңгімелеу берілді.
Екі топ берілген тапсырмалары бойынша жауап береді.
1-спорт 2-пайдалы тағамдар 3-Ұйқы 4-денсаулыққа зиянды заттар. Салауатты өмір салты. |
|
|
|
|
||
|
Тұсаукесер |
Дұрыс ,бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да "Салауатты өмір салты" деп аталады. Грамматика:Демеулік шылауларды еске түсіру. Сабағымыздың мақсаты: Табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру.Оқушылардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықтың қадірін түсіне, сақтай білуге тәрбиелеу. |
|
|
|
Негізгі бөлім |
1-Тапсырма. Ережелерді естеріне түсіріп айту.Екі топ бір-бірден айтады. Сөздікпен жұмыс . Салауатты өмір салты-здоровый образ жизни Серуен-прогулка Еңбек демалысы-отпуск Жат әдеттер-вредные привычки Жаңа сөздерді өзім оқимын. 2-тапсырма Мәтінмен жұмыс. Мәтінді өзім оқимын,тізбектеліп оқиды. Мәтін бойынша екі топқа тапсырма беремін. "Орамал тастау " ойыны. Мақал-мәтелдер айту. Сергіту сәті. 4-Тапсырма Балалар,жаңа біз мәтінде оқығандай біздің жеп отырған асымыз құнды, дәрумендерге бай болуы қажет.Біз көбіне көкөністер мен жеміс жидектерді пайдалануымыз қажет. Ал енді тапсырма. 1-топ А,В дәрумендері бар тағамдарды тауып алып, осы дәрумендерден адам денсаулығына әкелетін пайдасы туралы әңгімелеу. 2-топ С,Д дәрумендері бар тағамдарды тауып алып, осы дәрумендердің адам денсаулығына әкелетін пайдасы туралы әңгімелеу. Бекіту 1-топ Салауатты өмір салтын қалыптастыратын факторлар. 2-топ Салауатты өмір салтына зиянды факторлар. |
Сөздерді хормен оқиды,жоғарыдан төменге қарай,төменнен жоғары қарай. 1-топ екі сөзбен демеулік шылауларды пайдаланып сөйлемдер құру. "Серуен" сөзін септеу. 2-топ Келесі екі сөзбен сөйлем құру. "еңбек демалысы " сөзін тәуелдеу. 1- топ мәтін бойынша сұрақ құрады,жауап береді. 2-топ диалог құрады. 1-топ тірек сөздер арқылы мәтінді мазмұндайды. 2-топ Суреттерді пайдаланып постер құру,қорғау. Мақал-мәтелдер айтады. Оқушылар интерактивті тақтадан видеороликке қарап сергіту сәтін орындайды. 1-топ А, В дәрумендері. 2-топ С, Д дәрумендері.
Екі көзқарасты қорғайды. |
|
|
Қорытынды |
Біздің елімізді көркейту үшін дені сау ұрпақ қажет.Әркімнің денсаулығы жақсы болуы өзіне байланысты екенін ұмытпайық.Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз. «Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер». Ал енді әркім өзін қалай бағалады соны тыңдап көрейік. Сабақтың көшбасшы тобын анықтау. Екі тілек, бір ұсыныс айту. /1-2/ оқушы. Үй тапсырмасы.192 бет,4-тап. |
Сабақтың соңында оқушылар осы сабақ бойынша рефлексия жасайды. Кері байланыс .Екі тілек бір ұсыныс. Бірнеше оқушы ауызша айтады,қалғандары стикелеріне жазып,тақтаға іледі |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген