жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Салауатты өмір салты
|
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары Мектеп:Т.Әубәкіров атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебі Мерзiмі:18.11.2015ж Тақырыбы:Салауатты өмір салты Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер:өзіне,басқаларға қиянат жасамау,шыдамдылық,ерік- жігер, табандылық,салауатты өмірге құлшыныс. Мұғалiм:. Сынып : 10 Оқушылар саны: 14 Сабақ мақсаты:Салауатты өмір салтын ұстана отырып, оқушыларға өмірдің мәнін түсіндіру және қиянат жасамау құндылығын ұғындыру. Міндеттері: 1Салауатты өмір салтын ұстану, өзіне және өзгеге де қиянат жасамауға үйрету; 2. Оқушылардың салаутты өмірді сүюге және қадірлеуге ерік- жігерлерін дамыту. 3. Оқушыларды шыдамдылыққа, табандылыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы:
5 Т-ні еске түсіру.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
|
Ресурстар: (музыка, оқулық, дәптер,бейнероликтер, плакаттар, түрлі- түсті маркерлер) |
|
|
Үй тапсырмасын тексеру: 11 сабақ 1.В.Ягодинскийдің мәтінін оқып келу. 2. Зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы қосымша мәліметтер жинау. - мәтіннен қандай ой түйдіңіз? - зиянды заттарды пайдаланған адамның тағдыры қалай өзгереді? - шылым шегіп, арақ ішкен адам өзінің, басқалардың өміріне қандай қиянат жасайды? |
Сабақ барысын талдау: |
|
|
Дәйексөз:«Сау дене, азат ақыл, адал көңіл-үшеуімен болады бақытты өмір...» Әйтеке би - дәйексөздің мағынасын ашып, талдау. - адам қай кезде бақытты бола алады? Дәйексөзді бірнеше рет қайталап, жаттап және дәптерге жазып алу. |
|
|
«Темекі шегу-адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық» деген болатын орыстың ұлы белгілі фармакологы И.М.Догель. Өйткені адам баласында темекіге қажеттілік жоқ. Адамның шеккен алғашқы сигареті оның басын айналдырып, жөтелдіріп, жүрегін айнытып, басын ауыртып, көптеген жағымсыз әсерлер беретіні белгілі. Байқасаңыз адам табиғатының өзі оны сақтандырып тұрған тәрізді. Әйтсе де, жас адамның ересек көріну, қатарынан қалмау, кәнігі шылымқор болып көрінгісі келуі сияқты орынсыз тілектері оны шылымды үсті-үстіне шегуге итермелейді. Адам темекіге деген ағзасының табиғи жиренішті реакциясын жеңіп, ағзасын темекі түтініне үйретеді. Нәтижесінде темекінің улы әсері бірте-бірте әлсіреп, оның орнын қысқа мерзімді эйфория (жағымды әсер) басады. Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500жылдығын атап өтті. Ал Африка мен Американың халқы оның дәмін бірнеше ғасыр бұрын татқан болатын. ТемекініңЕуропадакеңінентаралуына француз ғалымы Жан Нико да себепкерболды. Олтеңізшілерәкелгентемекіөсіріп, өзініңатыменаталған «барлықауруларғақарсы ем» – никотиндітапты. Алдыментемекіөсімдігініңсабақтарынкептіріп, ұнтақтап, оны иіскеусәнгеайналғанеді. Кейіннен оны тұтатыпшегубұл «дәстүрді» ығыстырыпшығарды. Бірте-біртетүрлісигаралар, темекітрубкалары, папиростар мен сигареттерпайдаболды. Бұләдеттеадамзаттарихындағықасіреттіқадамеді. Өйткенітемекішегукезіндеауаоныңжаныпжатқанбөлігіненөтіп 300 градусқадейінқызады. Табақыстықпенқұрғақтайөңделіп, оныңқұрамынанбөлініпшыққан аммиак, көміртегітотығы, шайыр, канцерогендікөміртегілер, радиоактивтіизотоптар мен түрліулызаттартүтінгеқосылады. Соныменбіргетүтінөкпеніңжалпыкөлемі 100 шаршы метр болатынальвеолаларынтұтастайтолтырады. Өкпеэпителийініңмұндайүлкенкөлеміменжанасқантүтіндегіулызаттардыңбөлшектерітолығыменөкпеткандеріне, қанғаөтеді. Демек, темекішегу – табактыңкомпоненттерініңтынысжолдарыменөтетығызжәнетолықжанасуыжәнезияндыәсеретуіболыптабылады. Темекітүтіні-темекініңжануынанпайдаболғанөнімдер, оларауадақалықтағанөтемайдақұрғақтозаңжәнемиллимикронменөлшенетінкөлемдегісұйықтықтамшыларытүріндеболады. Темекі түтінің құрамы бірнеше жүздеген заттардан тұрады. Оның ішінде өте улы никотин, көміртегі тотығы, аммиак, кукіртсутегі, формальдегид, фенол, түрлі қышқылдар, қорғасын, мышьяк, сынап, кадмий, кобальт, радиоактивті элементтер, құрамында канцерогенді бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды.Никотин – есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Темекіні шегудің алғашқы кезеңінде, бір-екі минуттан кейін ол миға жетіп, оған жағымды әсер етіп, уақытша белсенділігін оятады. Адам эйфорияға беріліп, күш қосылғанын байқайды
бензопирен бар темекі шайыры сияқты элементтер бар. Осы аталған заттардың кез келгені адам ағзасына зиянын тигізбей қоймайды. Никотин – есірткі болғандықтан алдымен орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Темекіні шегудің алғашқы кезеңінде, бір-екі минуттан кейін ол миға жетіп, оған жағымды әсер етіп, уақытша белсенділігін оятады. Адам эйфорияға беріліп, күш қосылғанын байқайды. Бірақ бұл қысқа мерзімді әсер ғана. Сондықтан адам темекіні үсті үстіне шегуге мәжбүр. Бірте бірте ол ағзаның үйреншікті стимуляторы болып, адам өз әдітінің құлына айналады. Бензопирен мен полоний, калий, висмут изотоптары – өте активті канцерогендер. Олар қалыпты клеткалардың өзін рак клеткаларына айналдыра алады. Мысалы, полоний-210 изотопының жартылай ыдырау кезеңі 138 күн десек, ол осы уақыт бойы ағзаға радиациялық әсерін тигізіп отырады. Оның радиациясына қарсы тұра алмаған жәй клеткалар рак клеткасына айналады. Адам ағзасында темекінің зиянды әсерінен зардап шекпейтін мүше жоқ десе де болады .Темекі шегетін жасөспірімдердің жүйке жүйесі нашарлайды, оларда ашушаңдық, тез әсершеңдік пайда болады. Ал олардың есте сақтау қабілеті мен зейінін бағыттау 5-7 пайызға төмендейтіні эксперименталды түрде дәлелденген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде 1,1 миллиард шылымқор бар, олардың орташа өмір жасы темекі шекпейтіндермен салыстырғанда 8-10 жылға кем. Сондықтан барлығымыз бірлесе отырып «әдемі өмірдің» сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуымыз керек.
|
|
|
|
Бірақ бұл қысқа мерзімді әсер ғана. Сондықтан адам темекіні үсті үстіне шегуге мәжбүр. Бірте бірте ол ағзаның үйреншікті стимуляторы болып, адам өз әдітінің құлына айналады. Бензопирен мен полоний, калий, висмут изотоптары – өте активті канцерогендер. Олар қалыпты клеткалардың өзін рак клеткаларына айналдыра алады. Мысалы, полоний-210 изотопының жартылай ыдырау кезеңі 138 күн десек, ол осы уақыт бойы ағзаға радиациялық әсерін тигізіп отырады. Оның радиациясына қарсы тұра алмаған жәй клеткалар рак клеткасына айналады. Адам ағзасында темекінің зиянды әсерінен зардап шекпейтін мүше жоқ десе де болады .Темекі шегетін жасөспірімдердің жүйке жүйесі нашарлайды, оларда ашушаңдық, тез әсершеңдік пайда болады. Ал олардың есте сақтау қабілеті мен зейінін бағыттау 5-7 пайызға төмендейтіні эксперименталды түрде дәлелденген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлемде 1,1 миллиард шылымқор бар, олардың орташа өмір жасы темекі шекпейтіндермен салыстырғанда 8-10 жылға кем. Сондықтан барлығымыз бірлесе отырып «әдемі өмірдің» сәніне айналған, денсаулыққа, қоғамдық моральға орын қалдырмай отырған темекі шегумен бітіспес күреске шығуымыз керек. Арақ – ұрпақты аздырушы Арақ iшкен адамға ғана кесiрiн тигiзіп қоймайды, ұрпағын да шарпиды. Әйел арақ iшсе, аналық жұмыртқа клеткалары зақымданып, бала кемiс туады. Әсiресе, аяғы ауыр кезiнде арақ iшкен әйелдің баласы сөзсіз кемшін болады. Питербург университетiнде 700 сәбиге жүргiзiлген зерттеудің нәтижесiнде: бiр стакан сыра ана құрсағындағы баланың миына әсер ететіні анықталған. Ішкілiк қолданбайтын әйел-дерге қарағанда, аз мөлшерде болса да iшкiлiк керектенетін әйелдерден туған сәбилердің – 89 пайызы әлсiз әрі болашақта психикалық дағдарысқа ұшырағыш немесе бас көлемi қалыпты мөлшерден кiшi, есту-сөйлеу мүшелері кемiс, аяқ-қол саусақтары қисық, жүрек ауруына шалдыққыш болып туады екен. Дәрiгерлер iшкiлiк қолдану кезінде пайда болған сәбидің бойынан 850-ден астам аурудың белгілері табылуы ықтимал деп қорытынды шығарған. Норвегия еліндегі Фреде-рикстад емханасының психологы Др. Отто Хауг алкогольдi ішімдік адамның ми клеткасын жоятындығын анықтаған. Арақты былай қойғанда қарапайым сыраның өзі миды зақымдайды. Кейбір құрамында этилдік элементтер көп сыраның миды әлсірету қуаты вискимен бiрдей екені анықталып отыр. Сыраға құмар әйел затының басқаларға қарағанда көкiрек рагына шалдығу қауіпі 60 пайызға жуықтаған. Ішімдіктің салдарынан еркектер – бүйрек, қуық және тiк iшек рагына шалдығу кең етек алып барады. Әлемдегі ең зиянды зат арақтан құтылудың жолын шешкен – Ислам шариғаты.
Сыныпты 3 топқа бөліп тапсырма беріледі. 1-топқа:
2- топқа: 3- топқа:
|
|
|
Сынып 3 топқа бөлінеді.
Темекіні болдырмау туралы жарнама жасау және жарнамалау
Араққа қарсы жарнама жасау және жарнамалау
Нашақорлықтың зияны туралы ролик бойынша әңгімелеу өз ойларын қосу.
«Бақыт деген...»
Бақыт деген бірде шаттық бірде мұң. Бақытты сол тәрік етіп түндерін Бақыт іздеп азаптанса кімде- кім Қайырмасы:
Бақытын да басқасын да білмеуің Бақытсыз- ақ ойнап- күлгенің. 2 рет
Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал мен үшін ең бақытты күндерім Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім Қайырмасы:
|
|
|
|
Бақыт деген сенің бала күндерің Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің. 2 рет қайталау Бақытын да басқасын да білмеуің Бақытсыз- ақ ойнап- күлгенің.
Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал мен үшін ең бақытты күндерім Бұл өмірде бақыт іздеп жүргенім Қайырмасы:
1) Үйге тапсырмасы. 12 сабақ бет 57 «Қара пима»Ұ.Есдаулетовтың поэмасын оқып келу. 2) Дәптерден 12 сабақ тапсырма 2
|
|
|
Музыканың ырғағымен көздеріңізді жұмыңыздар. Есімізге сабақтың сәтті кезеңдерін түсірейік. Осы сәтті келесі сабаққа дейін жүрегіңізде түйіп қалыңыз. Рахмет сіздерге! Пайдаланған әдебиеттер:1. Өзін-өзі тану оқулығы. 2.Әндер жинағы.Интернеттегі ақпарат жүйесі.
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген