Материалдар / Ашық сабақ Салауатты өмір салты 10 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Салауатты өмір салты 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пән мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
657
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

Мектебі: Ақтоған ш.о. орта мектебі

Мерзiмі:15.09.2016 ж

Мұғалiмі:Аралбаева А.Е.

Сынып: 10 «А»

Оқушылар саны:20

Тақырып: Салауатты өмір салты

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: ұқыптылық, ұстамдылық


Мақсаты: Адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын түсіндіре отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу. Салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулыққа қиянат жасамауға баулу.


Міндеттері:

- Салауатты өмір салтын ұстануға және денсаулыққа қиянат жасамау

туралы түсіндіру.

- Ұқыптылық,ұстамдылық қасиеттерін дамыта отырып зиянды заттарды

қолданудың алдын алу.

- Ұқыптылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:

Мұғалімге арналған әдістемелік құрал. «Өмір қымбатсын маған» кітабы.

Интернет.

Сабақ барысы:


Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


5 Т ережесін еске салу.

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық


Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын"

Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.

Ескерту


Үй тапсырмасын тексеру


«Қара пима» поэмасынан берілген үзіндіден түйген ойларын оқушылар ортаға салады. Сұрақтар бойынша талдау жүргізу. Оқушыларға ішімдіктің адам өміріне зиян екенін түсіндіру.

  1. Мәтінді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?

  2. Бала кімнің кесірінен мүгедек болып қалды?

  3. Әкесі баласына неліктен қиянат жасады деп ойлайсыздар?

  4. Сіздердің зиянды әдеттерге деген көзқарастарының қандай?

  5. Сіздердің өмірлеріңізде осыған ұқсас жағдаяттар кездесті ме?



Дәйексөз.

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмайтын жол ізде! (Мақал)

  1. Дәйексөзден қандай ой түюге болады?

  2. Ауырмайтын жол ізде деген сөзді калай түсінесіздер?

  3. Біз өз денсаулығымызға қиянат жасамау үшін не істеуіміз керек?

  4. Адам өмірінде салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы қандай?


(Дәйексөз дәптерге жазылады,оқушылар 3 қайталайды)


Оқиғаларды әңгiмелеу

Жұмбақ кейіпкер:

Уа,жаратылыс!Сен естисің бе?Мен сүт сәулелі мына бір өмірдің бар қызығын көре алмай арманда өтіп бара жатқан жұмыр басты құрбанның зарын бір сәт тыңдашы.

Бүгінгі жұмбақ кейіпкеріміздің өмірінен үзінді.

Жеңгесі:Телефон шырылдайды,тұтқаны жеңгесі көтерді,ешкім жауап бермейді.Тағы да телефон желісі шырылдап,жеңгесі жауап береді.Алло,алло сізге кім керек?Сол кезде қыз жүгіріп келіп жеңгесінен тұтқаны жұлып алады.

Қыз:Алло,алло сіздер ме?Қазір барам,жақсы ,міне шықтым.

Жеңгесі:Сен осы кіммен сөйлесіп жүрсің?Мезгілсіз уақытта қайда барасың?

Қыз:Мен өзім білемін.Сенің шаруаң болмасын.Сен мені қадағалайтын кім едің?

Қыз үйден шығып жүре береді.

Жеңгесі: Кетсең кет,енді үйге оралма.

Біраз күн өтіп,қыз үйіне оралды.Қыз келіп,үйдің есігі қағылды. Жеңгесі:Бұл мезгілсіз жүрген кім?

Қыз:Мен,Назирамын,есікті аш!

Жеңгесі есікті ашып,қыздың жағымсыз істерін көріп,аң-таң болды.

Сол күннен бастап қыздың өмірі өзгере бастайды.

Менің өз әке-шешем 9-сыныпта оқып жүргенде екеуі бір күнде жол апатынан қайтыс болды да,мен үйде туған аға-жеңгемнің қолында тәрбиелендім.Әке-шешем барда не ішем,не кием болған жоқ.Үйдегі жалғыз қайын сіңлісіне,яғни өзімді айтып отырмын,шешеміз өлгесін маған күн бермеуді көрсетті.Ақша сұрасам бермейді,киім алам десем, “киімдерің бар соны ки” дейді.Ұзын сөздің қысқасы,күнім күн болмағасын,әрі ойланып,бері ойланып ақша табудың жолына түстім.Қасымдағы қыздарға еріп,түнгі клубқа баратынды шығардым.Жігіттермен де таныстым,іштім,шектім,тарттым,бәріне де үлгердім.Қалтаға жайлап ақшалар да,доллар да түсе бастады.Өмір қызықты ,мәнді де,сәнді де бола бастады.Бір күні үйде қатты ауырып қалдым.Сонда жедел жәрдем шақыртты.Мені ауруханаға апарып,толықтай тексерістен өткізді.Аяғымның ауыр екенін және СПИДпен ауыратынымды айтқан кезде мен есімнен танып қалдым. “Жоқ,жоқ, олай болуы мүмкін емес” деп,орнымнан ұшып тұрдым.Сол жерде дәрігерлер маған дәрігерден өткізген анықтамаларды қолыма берді.Енді не істеуім керек?Күндер өте қыз баланы дүниеге әкелдім.Мектеп қабырғасы жөніне қалды.Баланы да толықтай тексерістен өткіздік,ол да ауру болып шықты.Содан баланы үйге алып келгесін неше түрлі ойлар ойымнан кетпей,менің өмірім мынау,ертең ол да менің күйімді кешеді-ау деген есеппен,кешкісін баланы жақсылап жаялыққа орап,емізіп,қаладағы жәшіктердің қасына барып тұрдым да,бірақ баланы ертең біреулер тауып алар деген оймен күн бата бір ағаштың қасында кішкене қазылған жер бар екен,сол жерге барып,қызымның бетінен бір сүйіп,тірідей қоштастым.Тірідей сол шұңқырға жатқыздым да бетінен топырақ жауып кеттім.О,жарық дүние!Кешір мені,кеш мені.Шынында да берілген азғантай өмірімді неге сонша қорладым.Мұндай жағдай ешкімнің басына бермесін.Менің осы істеген ісіме кім кінәлі?Балалығым ба,әлде шалалығым ба,әлде қоғам ба,әлде жетімдік пе,әлде жүрген ортам ба?Қазір бәрін ойласам жанымды қоярға жер таппаймын.Өкінгенмен еш шара жоқ.Бәрі де кеш!

(Оқушылар әңгімеден кейін өз ойларын ортаға салады.)

  1. Қалай ойлайсыздар жұмбак кейіпкердің мұндай күйге түсуіне не себеп болды?

  2. Егер жеңгесі мейірімді болып, кейіпкерге қамқор болғанда қыздың тағдыры басқаша болар еді деп ойлайсыздарма?

  3. Бұл кейіпкердің өміріне қиянат жасаған кім деп ойлайсыздар?

  4. Сіздердің таныстарыңыздың арасында осындай жағдай кездесті ме? Кездескен жағдайда оған қандай көмек берер едіңіздер?


Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

«Шылым шегу әуестік пе,әлде тәуелділік пе?» тақырыбында оқушылармен пікірталас ұйымдастыру.

Оқушылардың өмірмен байланыстарын күшейтіп, ақпарат жинай алу, іскерілікке дағдылау мақсатында мектеп оқушылары мен студенттердің шылым шегу себептерін анықтау үшін өз таныстарыңыздың арасында зерттеу жұмысын жұргізіп көрейік.


Топпен ән айту.

«Балалық шақ»


Күндерім өткен ұзағын

Қаншама шаттық,қанша мұң

Бәрінен тәтті екен-ау

Балалық шағым,бал шағым

Алыста қиса ертеге

Бейкүнә таза мөлтеген

Қоштасып бала өмірмен

Өскіміз келді ертерек!

Қайырмасы

Балалық шақтың бекетін

Қалдырдым өмір жолында

Арман көп оған жететін

Билет жоқ әттең қолымда!



Кеттіғой көктем талай күз

Жылдарды әлі санаймыз

Өмір кеп аңсап бал күнді

Жалтақтап артқа қараймыз!

Қайырмасы

Балалық шақтың бекетін

Қалдырдым өмір жолында

Арман көп оған жететін

Билет жоқ әттең қолымда!


Үй тапсырмасы.

13 сабақ «Талап» Ш.Құдайбердінің өлеңін оқып,мағынасы бойынша өз түйгендерін айтады. 62 бет.


Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қойылады.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді. Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша 1 минуттай отырады. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!