400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Салауатты өмір салты 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп: Қазақ-мектеп гимназиясы  

Мұғалiм: Ескенова А. Т. Сабақ: №12

Тақырып: Салауатты өмір салты

Құндылық: Қиянат жасамау     

Қасиеттер: кеңпейілділік, бірлік, қамқорлық.

Сынып

Оқушылар саны

Қатысқан оқушылар саны

Мерзімі

күні

айы

жылы

10«А»







Сабақ мақсаты: адам өміріндегі салауатты өмір салтын ұстанудың мәнімен қиянат жасамау ұғымы туралы түсініктерін кеңейту. 

Міндеттері:

  1. Салауатты өмір салты мен кеңпейілділік туралы түсініктерін кеңейту. 

  2. Зиянды заттарды қолданудың алдын алу және бірлікке ұмтылу қасиеттрінің қалыптасуына ықпал ету. 

  3. Салауатты өмір салтын ұстануға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (оқулық, дәптер, маркерлер, ақ қағаз)

Сабақ барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңi.

Тыныштық сәтi. Нұрға  бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

- Оқушылар тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңдар?

5 Т ережесін еске түсіру

Тәртіп

Талап

Тазалық

Тыныштық

Татулық

2. Үй тапсырмасын тексеру

Ескерту

3.     Дәйексөз.

Ауырып ем іздегенше,

Ауырмаудың жолын ізде.

Мақал

3.1 Дәйексөзді оқу. /қыздар, ұлдар, бәрі бірге/

3.2 Дәптерге жаздыру.

3.3 Дәйексөзді қалай түсінесің?/мағынасын ашу 

  1. Әңгiмелеу.

Авторы: Ұ.Есдәулетов «Қара пима» (үзінді) 43-50 бет

 

   5. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)

................................................баламыз,

.................................................аламыз.

.....................................................

.................................................санамыз.

................................................күлеміз,

.................................................жүреміз, .

......................................................

...................................................сүреміз.

2 тапсырма. Жарнама ойыны.

Салауатты өмір салтын сақтау үшін жарнамалау.

3. жағдаяттарды талдау.

I топ - Сенің бірге өскен досың кішкентайынан темекі шегеді. Бірақ сен оны білмейсің. Бір күні темекі шегіп тұрғанын көрдің. Сен не істейсің? Достығың жалғаса ма?

II топ - Сенің досың жұқпалы ауруға шалдықты. Не істейсің? Достығыңыз жалғаса ма?


6. Топпен ән айту. Өміріңе немқұрайлы қарама.

Сөзі С.Сейітмандікі Әні С.Дәрібаевтікі

Тыңда,досым,мен айтайын от тілек,

Дүниеден өтті бай да,өтті бек.

Өміріңе немқұрайлы қарама,

Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп!

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,

Зерлі шапан киінсең де жақұттан.

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Шақша басың айналса да бақыттан,

Бақ құсыңды қонған кезде бағала.

Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала,

Кенелсең де,досым қанша шаттыққа,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып,бас тартқызбай көш дара,

Етсе-дағы дұшпан күлкі,дос таба,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да,

Күн сағатта сақтау үшін өз басын.

Сатып кетсе,сеніп жүрген жолдасың,

Өміріңе немқұрайлы қарама.

Айдын көлге айналса да көз жасың

 

7. Үй тапсырмасы.

«Мақсат» туралы 3 нақыл сөз жазу

 

8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

- Балалар енді бүгінгі  сабақта өткен  кезеңдерді есімізге түсірейік. Енді  осы барлық жағымды  әрекеттерімізді жүрегімізде  сақтайық.

Сіздерге көп рахмет!

 


Шығармашылық тапсырма: тақпақ құру .(5 мин)





...........................................баламыз,

.............................................аламыз.

.....................................................

...........................................санамыз.



.............................................күлеміз,

............................................жүреміз, .......................................................

.............................................сүреміз.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
1499
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі