Батыс Қазақстан облысы.
Ақжайық ауданы
Есенсай орта жалпы білім
беретін мектебінің
технология пәнінің
мұғалімі
Букеев Жанболат
Аманшаұлының
2-інші сыныпқа дайындағын
сабақ жоспары.
Сабақтың
тақырыбы: Салфеткаға қағаздан сақина
жасаймыз.
Сабақтың мақсаттары
2.1.3.2 Үй тұрмысына қажетті
заттарға эстетикалық жағынан қарауға тәрбиелеу. Дастарқан жаюды,
безендіруді уйрету.
2.2.3.3Шығармашылық жұмыстарды
дайындау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін
қолдану
Сабақтың нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны
орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша
тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыс жасайды. Сұраққа жауап
береді.
Оқушылардың көбісі мынаны
орындай алады:
Топтық жұмысты бірлесе
орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша
үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі
мынаны орындай алады:
Оқулықтан тыс берілген қосымша
тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен
дәлелдер келтіре алады.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу,
түсіндіру, ойын, көрнекілік, керібайланыс.
Сабақ барысы :
Ұйымдастыру
кезеңі
Жағымды көңіл -күй
қалыптастыру: «Көрші»
Көршіңді оң жақтан
құшақта,
Көршіңді сол жақтан
құшақта.
Оң жақтағы көршіңе бір
жымиып,
Сол жақтағы көршіңе бір
жымиып,
Бүгінгі тренинг
барысы,
Біз үлкен отбасы деп барлығы
бірге қолдарын жоғары көтереді.
Топтарға бөлу. «Маған
ұнаған жеміс-жидек»
Оқушылардың санына есептелген
үш түрлі жемістер бейнесі бар суреттерді оқушыларға таратып,
ұнағанын таңдату арқылы топтарға бөлінеді.
Жаңа
сабақ: Білу және
түсіну. Түсіндіру барысында қонақ күт,
дастарқан жаю, үстелді безендіру жөнінде әңгімелесе келіп, сақина
жасап, салфеткаларды бүктеп уйретеді.
32-33бет

Практикалық
бөлім: Оқулықтағы тапсырмаларды
орындау.
Қажетті құрал-жабдықтар: түрлі
түсті жұқа қатырма қағаз, қайшы, сызғыш, желім, түсті
фломастер.
Ұстаздың түсіндіруімен
салфетканы әдемілеп бүктеу, безендіру.
Сергіту сәті: «Көңілді
күн»
Бағалау: «Отшашу»
әдісі.
Кері байланыс:
«Рефлексиялық шеңбер»
Оқушылар шеңберге тұрып,
төмендегі сұрақтарға жауап
береді.
*Сабақ барысында көңіл-күйіңіз
қандай болды? Неліктен?
*Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін
не жаңалық болды?
*Сабаққа қатысуыңызды қалай
бағалайсыз?
*Сабақта қандай қиындықтар
туындады?
*Сабақ аяқталғанда
көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?
Үйге
тапсырма: Бүгінгі жұмысқа ұқсас басқада
безендірулер жасау.