жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "Салыстыру операторлары 4 – сынып"
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Әлихан Бөкейханов атындағы
№1 гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Салыстыру операторлары
4 – сынып
Информатика пәнінің мұғалімі
Алипбаева А.Е.
2020-2021 оқу жылы
Мектеп |
Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия |
||
Пәні |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар |
||
Мұғалімнің аты-жөні |
Алипбаева Алия Ерғалиқызы |
||
Сынып |
4 - сынып |
||
Оқулық |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 4-сынып |
||
Күні |
15.10.2020 ж. |
||
Салыстыру операторлары |
|||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
4.4.1.3 салыстыру операторларын пайдалану |
||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Бұл бөлімде айнымалылар, логика негіздері, логикалық салыстыру және қайталау операторлары қарастырылады. Көптеген оқушылар: Нәтижесінде оқушылар тоқсан бойы орындаған жұмыстарын біріктіріп, ойын жобасын құрастыра алады. Кейбір оқушылар: Ойын құрастыру кезең барлық тақырыптарды бекітуіне ықпал етеді. |
||
Бағалау критерийлері |
|
||
Тілдік мақсаттар |
Пән бойынша оқу мақсаты Оқытудың тілдік мақсаты Пәндік лексика және терминология Салыстыру операторлары– Операторы cравнения – Comparison operators Диалог құруға/жазылымға қажетті сөздер Оқушылар: - айнымалыларды қолдана алады; - кірістірілген қайталау операторын жүзеге асыра алады; - мәтінде қарапайым кестелер жасай алады - логикалық операторларды пайдалана алады; - салыстыру операторларын пайдалана алады; - өз сценарийі бойынша ойын жасай алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыстар |
Математика, жаратылыстану, орыс тілі, ағылшын тілі. |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу; |
||
Бастапқы білім
|
Оқушылар дайын сценарий бойынша ойын құрастыра алады және Scratch программалау ортасында бірнеше сахналармен, кейіпкерлермен жұмыс атқара алады. |
||
Сабақтың барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы 3 минут
5 минут
5 минут
10 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б.
Алдыңғы білімді еске түсіру. Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойып, жауап берген оқушыларды комментарий арқылы бағалау.
Салыстыру операторлары тақырыбында жаңа сабақты түсіндіру Дарын онлайннан жаңа тақырып бойынша түсіндірме видеоны қою. https://www.youtube.com/watch?v=aQ8jU6rNPoo
Жаңа тақырып бойынша қолдану (М) Оқушыларға екі нысандарды «артық, кем, тең, тең емес» сөздерді қолдана отырып салыстыруды ұсыныңыз. Мысалы ол заттардың көлемдері, бағалары болу мүмкін. (Ұ) Оқушыларға «Ақиқат, Жалған» ойынын ұсынамын. 7 4-тен артық немесе тең (7≥4) 10 8-ден артық (10>8) 35 35-тен артық немесе тең (35≥35) 5.6 5-ке тең емес (5.6≠5) Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату. |
Сурет
Сұрақтар
Видео
Сурет |
|
Сабақтың ортасы 2 минут
Практика 10 минут |
Ширату тапсырмасы. «Сұрақ» тапсырманы мысал ретінде келтіріп, Scratch ортасындағы салыстыру блогының жұмысын көрсетіңіз.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Scratch ортасында тапсырманы мұғаліммен бірге орындау. Кейіпкер сұрақ қояды, сосын сұрақтың ақиқаттығын анықтап, тексеру нәтижесін қайтарады.
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау, толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Дескрипторы:
|
Сурет
Scratch программасы |
|
Сабақтың соңы 5 мин |
Сабақты бекіту: Сұрақ қою:
Мұғалім тапсырманы орындап, сұраққа жауап берген оқушыларды бағалау.
Оқушылар чатты пайдаланып, «БББ» әдісі арқылы Білемін Білдім Білгім келеді деген кестені толтырады. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс «БББ» әдісі арқылы білдіре алады.
Үйге тапсырма: 29 беттегі «Үйде орындайық» тапсырмасы
|
Сұрақтар
БББ әдісі |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген