15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Сам орта мектеп 1 сынып
Күні:01.02.19 Сынып: 1 «А» |
Сауат ашу
|
||
Сабақтың тақырыбы |
Б дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.9.1.Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2.Оқудың түрлерін «буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу,түсініп оқу) қолдану. 1.2.5.1.Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе қойылған сұраққа жауап беру (мұғалімнің көмегімен). 1.1.4.1.Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы бойынша болжау. 1.1.9.1.Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты,дауыссыз,жуан,жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау. 1.3.11.1.Сөйлемді бас әріптен бастап жазып,сөйлем соңына тиісті тыныс белгісін қою. |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. |
||
Жетістік критерийлері |
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады. |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Өнер, ана тілі,математика сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
слайд , таныстырылым. |
||
Тілдік құзыреттілік |
Бор-мел-chalk |
||
Сабақ барысы: |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 5 минут |
«Қайырлы күн»деп айтамыз, Түсте бірге қайтамыз. Отбасының гүліміз, Көңілді өтер күніміз. – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! Топқа бөлу. 1 топ. Балық 2 топ. Бор 3 топ. Бағдаршам Өткен сабаққа шолу жасау. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық ? П дыбысынан басталатын сөздер айт. Дыбыстар нешеге бөлінеді ? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді ? Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? Жаңа сабақ: « Жұмбақ» 1. Өзі біреу, көзі үшеу. ( бағдаршам ) 2. Қанаты бар ұшпайды, Су астында қыстайды. ( балық ) 3. Жазу жазып жалықпаған, Жаза – жаза арықтаған. ( бор ) -Осы сөздердің басында қандай дыбыс келіп тұр? Б дыбысын айту: б- б- б Б дыбысы қандай дыбыс ? Б дыбысына сөздер ойлау Біздің сыныпта б дыбысынан басталатын кімнің есімдері бар? -Барлық баланың сүйіп көретін қандай теле арнасы бар?
|
Шаттық шеңбері
1-топ:Балық 2-топ:Бота 3-Топ:Бор |
|
Сабақтың ортасы 20 минут
тапсырма 10минут
|
Б б суретпен жұмыс, бақбақ Оқылым. Сөздерді,буындарды оқу. -Сұрақ арқылы түсінігін сұрау. Топтық жұмыс: 1-топ: Мәтінді оқып,түсінігін айту. 2-топ: Балық, бақа сөздеріне дыбыстық,буындық талдау жасау. 3-топ: Бор сөзіне постер қорғау
-Бор неден жасалады? Өз ойын айту. Дәптермен жұмыс Б б әрпін жазу |
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Оқулық, дәптерлер
|
|
Сергіту сәті 3 минут |
Музыка ырғағымен билеу |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
|
|
Топтық жұмыс 1-топ: Әрбір суретке атауын жаз. 2-топ: Буындардан сөз құра 3-топ: Суреттен б дыбысы бар заттардың атын тауып жаз. Жұптық жұмыс
|
|
|
Сабақтың соңы Қорытындылау: 5 минут
|
-Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық? -Б дыбысы қандай дыбыс? Рефлексия
|
Бас бармақ |
|
2 минут |
Бағалау : Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды жұлдызшалармен бағалау.
|
Пәнаралық байланыс Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген