15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Сам орта мектеп 4 сынып
Тік төртбұрыштың ( шаршының ) периметірі
Мақсаты: Тік төртбұрыштың ( шаршының ) қабырғаларын өлшеу және оның ұзындықтарының
қосындысын табу, тік төртбұрыштың ( шаршының ) периметірі ұғымының мән –
мағынасын талдау, түсіндіру. Екі амалмен шығарылатын есептер құру және бекіту.
Өз бетінше ойлау, ұқыптылыққа, байқампаздыққа бейімдеу.
Көрнекілігі: Ел басы суреті, геометриялық фигуралар, спорт түрлері.
Әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ – жауап, талдау.
Түрі: Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс : Әдебиеттік оқу.
Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру
Достығы жарасқан,
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәріміз
Татулық табамыз.
Бәріміз бір болсақ
Бәрінде жеңеміз.
Күндей боп күлімдеп
Таудай боп өсеміз.
Олай болса, бүгінгі алдымыздан кездесер қиындық атаулыны бірігіп жеңеміз.
Оқушылар, қазір жылдың қай мезгілі ? ( қыс )
Қыс айларын атап беріңдерші ? ( желтоқсан, қаңтар, ақпан )
Желтоқсан қыстың алғашқы айы екен.
Осы айда қандай мерекелер бар ? ( Тұңғыш Президент күні , алдымызда тәуелсіздік күні )
Президентіміздің қандай жақсы қасиеттерін білеміз ? ( Мейірімді , көреген , спорттың барлық түрлерін жақсы көреді )
Спорттың адам денсаулығына пайдасы көп.
Олай болса, біздердің бүгінгі сабағымыз, өздерің жақсы көретін спорт түрлерімен өтеді.
Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев – 1940 жылы 6 – шілде де Алатаудың баурайында, Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Әкесі – Әбіш, анасы – Әлжан. Ол өзінің еңбек жолын Қарағанды металургия комбинатында жұмысшы болып бастады. 1991 жылы 1 – желтоқсанда Н.Назарбаев тұңғыш президент болып сайланды. Біздің елімізде 1991 жылдан бері көптеген балаға Нұрсұлтан есімі берілген.
2. Өткен сабақ.
Үй жұмысына нешінші есеп берілді ?
Дәптерлерін жинау, тарату.
Қандай геометриялық фигураларды білеміз ?
Тік төртбұрыштың , шаршының қасиеттерін атаңдар. Периметр деп нені айтамыз ?
3. Жаңа сабақ
Тік төртбұрыштың, шаршының периметірін табуды жалғастырамыз.
Оқулықпен жұмыс
Балалар, өмірде тік төртбұрыш көп кездеседі ( Сынып, тақта, оқулық т.б )
Шанамен
сырғанау : суретпен жұмыс
№ 1 3см Сызғыштың көмегімен тік төртбұрыштың қабырғаларын өлшеу.
3 см + 2 см + 3 см + 2 см = 10 см
2см
2 см Шаршының қабырғаларын өлшеу
2 см + 2 см + 2 см + 2 см = 8 см
2см
Тік төртбұрыштың, шаршының қабырғаларының қосындысы – осылардың
периметрі болады екен.
4. Өзіндік жұмыс.
Жұппен жұмыс. ( Әр түрлі тік төртбұрыш, шаршылардың периметрін табу )
5. Шаңғы тебу. Дәптермен жұмыс
№2. Сурет бойынша есеп құрастыр.
Ш: Ойыншық
– 30 тг
Ш: Зырылдауық – 90 тг
Қоңырау – ? 6 тг. қымбат Құрастырмақ - ? 10 тг. арзан
С: Барлығы – ? тг
Ш: 30 + 6 = 36 тг ( қоңырау ) Ш. 90 – 10 = 80 тг
30 + 36 = 66 тг ( барлығы ) Ж. Құрастырмақ 80 тг.
Ж: Қоңырау – 36 тг. барлығы 66 тг.
6. Коньки тебу: сергіту сәті.
Қазақ барысы ( Күрес ) Тақтамен жұмыс
№3. а + 30 а = 27 ; 8 27 + 30 = 57 8 + 30 = 38
а – 6 а = 76 ; 89 76 – 6 = 70 89 – 6 = 83
7. Асық ойыны. Топтық жұмыс
№4. 1 – топ 2 – топ 3 – топ
а + 8 = 98 а – 5 = 40 а – 6 = 32
a = 98 – 8 а = 40 + 5 а = 32 + 6
a = 90 а = 45 а = 38
___________ ___________ ___________
90 + 8 = 98 45 – 5 = 40 38 – 6 = 32
Көкпар ойыны. Тақтада орындау.
№5
.
17 18 9 + 8 = 17 17 – 8 = 9
9 + 9 = 18 18 – 9 = 9
9 9
Хан талапай. « Сөз құрастыр » өсу ретімен жаз.
30 – 1 Р 18 – 9 А 74 – 70 Қ 4 + 7 М
8
+ 8 П 14 + 5 Ы
13 – 6 А 17 – 9 Л
8. Ат жарысы . Қортынды:
1. Біз қандай тақырыппен таныстық ?
2. Тік төртбұрыштың ( шаршының ) периметрін қалай таптық ? ( ұзындығы мен енін қосамыз )
3. Фигураның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы қалай аталады ? ( периметр )
Тапсырманың барлығы жақсы орындап, өздеріңнің білімді ұрпақ екендеріңді көрсетіңдер .
Геометриялық пішіндерді ажырата аламыз.
9. Бағалау Аударыспақ ойыны.
10. Үйге тапсырма
№6 – есеп

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген