400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару . 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе бөлісу үшін салынды
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: математика

Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген есептерді шығару

Тақырып: Зат сатып аламын



Мектеп: Александров орта мектебі

Күні: 20.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Базылбекова А.Б.

Сынып: 3 «а»

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

-

Оқу мақсаттары

3.5.1.3 санның және шаманың үлесін табуға берілген есептерді талдау және шығару; кері есеп құрастыру және шығару

3.5.1.4 шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушыларүшін:

Шаманың бөлігін және бөлік бойынша шаманы табу: жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Санның және шаманың үлесін табуға есеп шығару және зерттеу; кері есептерді құрастыру және шешу

Кейбір оқушылар үшін:

Шамалар арасындағы тәуелділікке; пропорцияның белгісіз мүшесін табуға берілген есептерді талдау және шығару

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның, шаманың, өзара байланысты шамалардың бөлігін және бөлік бойынша санды қалай табу керектігін түсіндіру.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек, алым, бөлім, өзара байланысты шамалар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Шамалардың өзара байланысын есіңе түсір.

Бағасын, санын, құнын қалай табуға болады?

Жазу:

Есептерді шешуін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бөлшек және үлес ұғымы. Бағасы, саны құны түсініктері

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс - әрекет

Ресурстар








0-3




Психологиялық дайындық

Амандасу

Үлкенге де сіз 
Кішіге де сіз 
Барлығына бас иіп 
Сәлем бердік біз 

«Алма жинау» әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша сұрақтар және үй тапсырмасы:

1.Үлес дегеніміз?

Егер бір нәрсені бірдей бөліктерге бөлсек, бұл бөліктер математикада үлестер деп аталады.

2.Кейбір үлестердің ерекше атауын ата:

Екіден бір үлес-жарты, төрттен бір үлес-ширек деп аталады.

3.Бөлшек қалай жазылады?

4. 7 санының квадратын ата?

5. 4 санының кубын ата?

6. 6 санының кубын ата?

Бағалау түрі: шапалақтау













алма ағашы, алмалалар



4-7


Жаңа тақырыпты игеруге дайындық:

50 теңгеге нелер сатып алуға болады?

Ауызша есептейді, не сатып алуға болады атауларын атайды.

Тапсырма орындалған соң жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Бағалау түрі: бас бармақ әдісі
















7-20

Жаңа сабақ

Сурет бойынша заттың бағасын, санын құнын қалай табуға болатынын еске түсіру

Ақша – арнайы өнім, ол өнімнің, еңбектің және т.б.құнының өлшемі болып табылады.

Бағасы белгілі бір затқа, әрекетке және т.б. алуға болатын ақшаның саны

Құны – бұл барлық өнімге төленген ақшаның саны.

Санын табу үшін құнын

бағаға бөлеміз. (С=Қ:Б).

Құнын табу үшін бағаны санына көбейтеміз (Қ=Б∙С)

Бағасын табу үшін құнын санына бөлеміз (Б=Қ : С)


«Полиглот» ойыны

Жаңа сабақ бойынша негізгі тірек сөздердің үш тілде сәйкестендіреді

Бағалау түрі: сөздік бағалау


Оқулықта: № 2 (жұптық жұмыс)

Кесте бойынша есептер құрастырып, оларды шығару

Бағалау түрі: смайлик арқылы


№ 3 (жеке жұмыс)

Кесте бойынша есептің шартын жазып, шешуін шығарады.

Бағалау түрі: бағдаршам әдісі


«Көршіңмен кеңес» әдісі бойынша

дәптерде № 5 есепті шығарады, бір-бірін тексереді

Бағалау түрі: оқушылар бір-бірінe алма бeру арқылы бағалайды




















плакат




А4 парақта



оқушы дәптері

21-23

Сергіту сәті

«Күздегі жаңбыр» ойыны








24 – 35

Бекітуге арналған тапсырмалар

1.Сурет және кесте бойынша есеп құрастырады, шығарады

Бағалау түрі: 2 жұлдыз, 1 тілек


2.«Ретін тап» ойыны

8- тапсырмада бөлшектерді өсу ретімен орналастырып, шыққан сөзді оқиды.

Бағалау түрі: өзін-өзі бағалау


3. Әрбір тіктөртбұрыш қанша бөлікке бөлінген?

Үлестерді жаз

Бағалау түрі: өзін-өзі бағалау







плакат








плакат


36-40


Қорытынды: "Сенемін-сенбеймін"

Сендер сенесіңдер ме:

– барлық затқа төленген ақша – бағасы? (Жоқ)

– бір затқа төленген ақша – құны? (Жоқ)

– санын табу үшін құнын бағасына бөлеміз? (Иә)

– құнын табу үшін бағаны санына бөлеміз? (Жоқ)

– бағаны табу үшін құнын санына бөлеміз? (Иә)"


Үй жұмысы

Рефлексия. «Алма ағашы» әдісі арқылы жапырақтарды іледі.

Жасыл алма - барлығын түсіндім

Сары алма - енді түсініп келемін

Қызыл алма - түсінбедім




























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
4709
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі