400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Шамалар Масса 1-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі тиіп жатар. Жаңартылған бағдарлама бойынша. Өзімнің сыныбымда жүргізген ашық сабақ. Оқушылар мектепте алған білімдерін өмірде қолдана білсе деген ойым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы

Шамалар. Масса

Мектеп: Олег Кошевой атындағы негізгі орта мектебі

Мұғалім: Рахимова Айжан Даулетхановна

Күні

22.12.2018

Пәні: математика

Сынып

1-сынып

Қатысқандар саны: 16

Қатыспағандар саны: 1

Оқу мақсаттары

ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт шамаларын ажырату; өлшеуге

арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшеу

        1. 1.1.3.2 ** см, дм/кг/л өлшем бірліктерін қолдану арқылы шамаларды өлшеу

Сабақ мақсаты

Төмен деңгей: шамалар өлшем бірліктерінің қасиетін біледі.

Орта деңгей: . шамалар өлшем бірліктерін қолданады

Жоғары деңгей: заттың массасын өздері табады;

Бағалау критерийі:

1. Заттың масса өлшем бірліктерін табады (№1, №2)

2.Ұзындық, масса, көлемнің өлшем бірліктерін салыстырады (қосымша үлесірме)

3.Атаулы сандармен амалдар орындайды(қосымша үлестірме)

Дескриптор

- массаны салыстырады және салыстыру таңбасын қояды;

- ұзындықты салыстырады және салыстыру таңбасын қояды;

- сыйымдылықты салыстырады және салыстыру таңбасын қояды.

атаулы сандармен қосу амалын орындайды;

- атаулы сандармен азайту амалын орындайды;

- жауабына тиісті өлшем бірліктерін жазады

Басы


Екі оқушы түтікше мен ермексаздан шаршы және тіктөртбұрыш құрастырады Дәптерлеріне шаршы, тіктөртбұрыш сызады айырмашылықтарын айтады Ұзындық өлшем бірліктерін атайды

«Миға шабуыл» стратегиясы

2 қораптың айырмашылығы бар ма? –жоқ Екі оқушыны ортаға шығарып қолдарымен ұстап көру Біреуі жеңіл ал екіншісі ауыр

Массаны дәл анықтау үшін не істеу керек? (Өлшеу керек.)

Заттың массасын қандай құралдың көмегімен өлшейміз? (Таразы.)

Сендер таразыны қайдан кездестірдіңдер? (Оқушы жауаптарын тыңдау.) Слайд 1/таразының түрлері/

Шамалар Масса фильм көрсету

Ойын « Дұрыс /Дұрыс емес»

«Қалт етпей қағып ал, жауабын біліп ал» ойыны (доп лақтыру)

Кіртастардың массасын өсу ретімен айт.

Оқушылар тапсырманы орындай отырып, әр кіртасындағы сан оның массасын білдіретінін түсінеді. Сұрау:

— Суретте массасы қандай кіртастары көрсетілген?

— Оны қалай анықтадыңдар?

Кіртастарындағы сан оның массасын көрсетеді деген қорытындыға келтіріңіз. Кіртастарын өсу ретімен ататыңыз.

Жауабы: 1 кг, 2 кг, 3 кг, 5 кг, 10 кг.





























Ай Мектеп

Ай Мектеп

Ортасы


Тапқырлық тапсырмаларды шешу әдісі

Есептеп көр. Бұл тапсырмада заттардың массалары килограммен берілгендіктен атаулы сандарды қосу немесе атаулы сандарды азайту.

Жауабы: 2 кг; 10 кг; 3 кг; 9 кг; 3 кг; 8 кг. Оқушылар дәптерлерін бір-бірімен ауыстырып тесеріп смайликтермен бағалайды

Орындап көр. Таразыдағы екі жағдайда да бір заттың өлшеніп тұрғанынa және оның массасы 3 кг-ды көрсетіп тұрғанына назар аудару. Оның себебін оқушылардың дәлелдеп беруіне тапсырманы жұппен орындату.

Жауабы: 3 кг.

«Кім жылдам?» ойыны. Шығарып көр. Тапсырмада қанша килограмм қант бар екенін сурет бойынша өз бетінше анықтау. Оқушылар жауабын ламинатталған бетке жазады.

Жауабы: 3 қорапта — 3 кг, 5 қорапта — 5 кг.

Ойлан. Оқушыларға тапсырманы жұппен орындату. Олар талдай отырып, қандай кіртасын пайдаланып жануарлар массасын теңестіруге болатынын анықтайды.

Сергіту сәті «Таразы»

Топтық жұмыс 1топ-картоп, пияз өлшеп ламинатталған параққа жазады

2 топ- өздерінің салмақтарын өлшейді

3топ -сәбіз, тұз өлшеп жазады

Таразы, ламинатталған парақ қағаздар;

Аяқталуы

Жазылым. Дәптермен жұмыс

1. Таразыдағы жемістердің массасын салыстыр.

Алма мен алмұрттың массасы әр таразыда қандай қатынаста болатынын сурет бойынша талдау қажет. Оқушылар өз жауаптарын жұмыс дәптеріндегі бос орындарға суретін салып дәлелдейді.

Жауабы: бір алма; бір алмұрт.

2. Әр қаптың массасын есепте. Оқушылар тап-сырмада суреттегі таразыдағы кіртастар бойынша бір қаптың массасын дұрыс тауып, астында берілген бос орындарға жазу керек.

Жауабы: а) 8 кг; ә) 9 кг.

Ойын «Жеңіл,ауыр»















Ай Мектеп

Рефлексия

Кері байланыс


Дифференциалды оқыту – көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Құндылықтармен байланыс

Қабілеті жоғарыоқушылардықиналатын оқушыменжұптастырып жұмыс жасауды тапсыру.

Оқушылар сабақ соңында:

таразының көмегімен заттың массасын өлшеп, анықтауды меңгереді.

«3 таяқша» әдісі. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдау:

— Заттың массасын анықтайтын құралды ата.

— Кіртастарындағы сандар нені білдіреді?

— Массаның өлшем бірлігі не?

— 4 кг заттың массасын қандай кіртастарының көмегімен өлшеуге болады?

Дүниетану, АКТ

Жұптық жұмыстарда бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.



Picture 1



Олег Кошевой атындағы негізгі орта мектебі МДШО КММ













Тақырыбы: Шамалар. Масса.

/1 сынып/













Бастауыш сынып мұғалімі:Рахимова Айжан Даулетхановна





















Қарабұлақ 2018жыл

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
2401
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі