жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Сан есім
|
Қазақ тілі |
|
Кабинет: 2 |
Мұғалім:Шотка Г |
|||||||||||||||||||||||
|
Сыныбы: 4В |
|
|
|
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы |
Сан есім |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сілтеме |
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі,ғаламтор |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың жабдығы |
кестелер, слайд, маркер,А3, стикер, суреттер. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Жалпы мақсаттар |
Сөз табының бір түрі сан есім туралы білімдерін жетілдіру. • сан есімнің мағынасына және құрамына қарай түрленуіне арналған жаттығулар орындату арқылы сан есім сөздердің өмірде қолданылуы жайлы түсініктерін кеңейту; |
|||||||||||||||||||||||||
|
Күтілетін нәтиже |
- Сөз таптарын ажырата біледі , мәнін терең ұғынады - Сөйлем ішінен сан есімді тауып дұрыс сұрақ қояды, қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Қолданылатын модульдар |
Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау. Талантты және дарынды балаларды оқыту. Оқытудағы ақпараттық -коммуникациялық технологияны пайдалану. Оқыту үшін бағалаужәне оқуды бағалау.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. |
|||||||||||||||||||||||||
|
|
Мұғалімнің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
||||||||||||||||||||||||
|
Ынтымақтастық атмосферасы |
-Қандай ақын жазушы болмасын, ана тілінен нәр алған. -Поэзия! Менімен егіз бе едің? – деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев айтқандай біз сабағымызды поэзия минуттарынан бастаймыз.
Қазақ тілім – ол менің ана
тілім!
Қазақ тілім- өз
тілім,ана тілім, Міне,кемеңгер ғұлама ақын,жазушылардың тілі, туған тіліміз , қазақ тілі сабағын бастаймыз. |
Өлең жолдарын мәнерлеп оқып, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. |
||||||||||||||||||||||||
|
Топқа бөлу |
Үш тілде салемдесу арқылы бөлемін. |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Үй тапсырмасын «Миға шабуыл» |
Тест жұмысы А) Етістік Б) Зат есім С) Сын есім 2. Сын есімді тап. Біздің ауыл қалың, орманның ішінде орналасқа. А) ауыл Б) қалың С) орман 3.Сын есімі бар сөйлемді көрсет. А) Алақай, ертең атама барамыз! Б) Біздің үйдің жанынды өзен бар. С) Бұл бақта қызыл жауқазындар өседі. 4. «Биік-аласа, қалың-жұқа» бұлар қандай сын есімдер. А) қарсы мәндес сын есім Б) дара сын есім С) күрделі сын есім |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Қызығушылығын ояту «Ой қозғау» |
“Қазыбектің тапқырлығы” Бұқар жыраудың қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып қаз дауысты Қазыбек би келеді. Сонда Бұқар жырау: -Бірден онға дейінгі санның мағынасын маған ешкім айтып бере алмады. Қазыбек, сен айтып берші,-деген.Сонда Қазыбектің берген жауабы. -Бір дегеніңіз-бірлігі кеткен ел жаман. -Екі дегеніңіз-егесіп кеткен ер жаман. -Үш дегеніңіз-үш бунақты шідерден шошынған ат жаман. -Төрт дегеніңіз-төрде төсек тартып жатқан жаман. -Бес дегеніңіз-білікті адамнан белгілі бала тумаған жаман. -Алты дегеніңіз-аймағын билей алмаған кісі жаман. -Жеті дегеніңіз-жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. -Сегіз дегеніңіз-серкесіз бастаған қой жаман. -Тоғыз дегеніңіз-толғанғаныңыз. -Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз. деген екен. Сұрақ: Қазыбек Бұхаржыраудың сұрағын қалай жауап берді. А) санамақпен Б) өлеңмен С) сөзбен Бұхаржыраудың сұрағы не жайында айтылған. А) бірлік туралы Б) сан туралы С) ақыл туралы Ендеше бүгінгі тақырыбымыз «Сан есім» |
|
||||||||||||||||||||||||
|
Жаңа сабақ Мағынаны тану |
Сабақтың мақсаты: І. Көркем жазу. Тт Тт Т т Тт Тт Он, жиырма, елу, тоқсан, дара, оныншы, жетінші, егіз, отыз бес, жиырма үш. Неше сөз жаздық. Бұл сөздерге сұрақ қой. Бұл қай сөз табына жатады? Сан есім дегеніміз не? (Оқушы жауабы тыңдалады) Кестені түсіндіру.
*Реттік сан есімдер - заттың саналу ретін, (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есім есептік сан есімге – ыншы, - інші, - ншы,- нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. *Есептік сан есім – заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. *Дара сын есім бір сөзден тұрады. *Күрделі сан есім екі немесе оданда көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздер бөлек-бөлек жазылады. ІІ. Оқулықпен жұмыс 144 бет 1-жаттығуды мәнерлеп оқып, жұмбақты шешу. Сан есімдерді тауып, теріп жазу. Жауабы: домбыра Үш, екі, тоғыз-есептік сан есім. Реттік сан есім жаса. 2-жаттығуды көшіру, сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету. Бір кісі қазған құдықтан, ( неше кісі?)
Мың кісі су ішеді. (неше кісі?)
ІІІ. Сөйлемдегі бос орынға төмендегі сөздерді орнына қойып аяқта. Әділет бес дәптер сатып алды. Ақжан жетінші пәтерде тұрады. Біреу көріп күледі, біреу еріп күледі. Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар. Жүз теңгең болғанша, бір досың болсын. ІҮ. Топтық жұмыс: *Сан есім дегеніміз не? *Сан есім мағынасына қарай бөлінуі *Сан есімнің құрамына қарай бөлінуі * Семантикалық карта |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сергіту сәті |
|
|||||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды. «Ой толғаныс»
|
І. «Бәйге» ойыны:
10-зат есім дегеніміз не? 10-Етістік дегеніміз не? 10-Сын есім дегеніміз не? 10-Сан есім дегеніміз не? ІІ. Топтар өзара бір-бірлеріне сұрақ қояды.(Стикерге жазып береді) |
|||||||||||||||||||||||||
|
Үй тапсырмасы |
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау |
Оқушылар күнделіктеріне |
||||||||||||||||||||||||
|
критерий |
жетістік |
дескриптор |
|
|||||||||||||||||||||||
|
Талдау, берілген тапсырмалармен жұмыс. |
0 |
қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу |
|
|||||||||||||||||||||||
|
1 |
дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен толық дұрыс жеткізе алмау;. |
|
||||||||||||||||||||||||
|
2 |
тапсырманы баяу орындау; |
|
||||||||||||||||||||||||
|
3 |
Сан есімге байланысты ұғымдарды қате айту. |
|
||||||||||||||||||||||||
|
4 |
Тапсырманы орындалуы, сұрақтың дұрыс қойылмауы. |
|
||||||||||||||||||||||||
|
5 |
Тапсырманың қатесіз орындалуы. |
|
||||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген