400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сан есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Материял жаңа бағдарлама бойынша қысқа мерзімді жопар негізінде жасалды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тілі, 2-бөлім

Сынып: 2

Күні:

Сабақ: № 125

Мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия

Мұғалімнің аты-жөні: Рахымжанова Айдана Шыңғысбекқызы

Бөлім

Саяхат сабақ

Тақырыбы

Сан есім

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілеме)

2.1.1.1. Тыңдалған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру. (тыңдалым,айтылым)

2.3.7.1. Сөйлем түрлерінің айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қолдану.

Сабақ мақсатары

Барлық оқушылар жасай алады:

- Сөз таптарын ажырата алады;

- Тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтін мазмұнын ашады;

- Сауатты, көркем жазады;

Оқушылардың көбі жасай алады:

- Берілген сөйлем ішінен сан есімдерді таба отырып, тиісті тыныс белгісін қояды;

- Сан есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды;

Кейбір оқушылар істей алады:

- Берілген суреттер негізінде өз ойын болжап айта алады;

- «Астанаға саяхат» тақырыбында әңгіме құрайды:

Бағалау критерийлері

- Берілген мәтіннің мазмұнын түсініп, сұрақтарға жауап береді;

- Мәтіндегі сөйлемдерге тиісті тыныс белгісін қойып, сан есімдерді табады;

- Сурет негізінде «Астанаға саяхат» тақырыбында әңгіме құрап айта отырып, қанша? неше? нешінші? сұрағына жауап беретін сөздерді қолданады;

- Мақалдағы сан есімдерді таба отырып, олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтайды;

- Жұмбақ-өлеңді оқып, шешуін табады:

Сөздік қор

Саяхат, путешествие, journey;

саяхатшы, путешественник, traveler;үш, три, three; бес, пять, five; жеті, семь, seven; туризм, егжей-тегжейлі, жорықтарға, Астана, ЭКСПО, Бәйтерек, Хан шатыр, Ақ Орда, т.б.

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойында білімге талпынысын, табиғаттың нағыз жанашыр қорғаушысы болу, кездескен қиындықтарды жеңу дағдыларын қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

Үш тілдік (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын), математика, дүниетану, көркем еңбек.


АҚТ қолдану дағдылары

Электронды оқулық, слайд, интербелсенді тақта

Бастапқы білім

Зат есім, сын есімдерді ажыратады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин







Оқушылармен амандасу, кезекшімен сұхбат.

1. Психологиялық дайындық.

- Екі көзің не үшін керек?

- Жақсыларды көру үшін.

- Екі құлағың не үшін керек?

- Ақыл – кеңес тыңдау үшін.

- Екі қолың не үшін керек?

- Елге көмек беру үшін.

- Екі аяғың ше?

- Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.




Интербелсенді тақта






3 мин

2. Топқа бөлу.

Оқушылар тақтаға ілінген карточкаларды алады. Ондағы өрнекті ауызша шешеді. Жауаптарында шыққан сандарға байланысты 3 топқа бөлініп отырады. Топ аттарын үш тілде айтып өтеді.

«Киелі сандар»:

1- топ: «Үш саны»

2- топ: «Бес саны»

3- топ: «Жеті саны»

Топ басшысын өзара ақылдаса отырып, таңдайды. Топ ережесін айтады.

Оқушылардан қазақ халқында бұл сандардың неге «Киелі сандар» деп аталатындығын, қандай мағынада қолданылуын сұраймын.

Әр топ өз сандарына байланысты ұғымдарын айтып өтеді:

«Үш саны» - үш бақыт, үш би, үш арсыз;

«Бес саны» - бес жаксы сан, бес арыс, бес асыл іс;

«Жеті саны» - жеті ата, жеті жұрт, жеті апта;

Оқушылардан не себепті сандарға байланысты топтарға бөлгенімді, бүгінгі жаңа тақыраппен қандай байланысы бар екенін сұраймын.

Оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін, өзім толықтырып жаңа сабақтың тақырыбы Сан есім деп аталатынын түсіндіріп өтемін.



Есеп карточкалары

Сабақтың ортасы

6 мин


















Затың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім деп атайды. Сан есімдерге қанша? неше? нешінші? деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, тоғызыншы, жиырмасыншы.

2.1.1.1.(МК; Ұ; Қ)

104-бет, 22- жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

Топтық жұмыс.

3. «Ойлан, Топтас, Пікірлес» әдісі.

Мәтін бөліктеріне қарай әр топтан үш оқушы мәтінді дауыстап оқиды. Топта мазмұнын талқылайды. Келесі топқа сұрақтар дайындайды.

Әр топтың дескрипторлары тақтаға ілінеді.

Сұрақтары:

- Туризм дегенді қалай түсінесің?

- Саяхатшылар саяхатта жүргенде не істейді?

- Саяхатшыларды неліктен табиғаттың жанашыры

дейді?

- Өзің саяхаттауды ұнатасың ба?

- Мәтіннен қанша? неше? сұрақтарына жауап

беретін сөздерді тап.

Дескрипторлар:

  • Мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;

  • Түсіндірмелі сөздікпен жұмыс жасайды;

  • Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады;

ҚБ: Топтық бағалау. «Өте жақсы. Ұсыныс.»

Оқулық

Интербелсенді тақта


















4 мин


2.3.7.1. (МК; Ө; Ж; Қ).

105-бет, 23- жаттығу.

«Тиісті белгісін қой» әдісі.

Мәтінді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жаз. Сан есімдердің астын сыз.

4. Дәптермен жұмыс.

Дескрипторлар:

  • Мәтінді көркем етіп, қатесіз жазады;

  • Тиісті тыныс белгісін дұрыс қояды;

  • Сан есімдерді дұрыс тауып, астын сызады;

ҚБ: Жұптық бағалау. Мұғалімнің басшылығымен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындаған жұмысты өзара бағалайды.

Бір-бірінің дәптерлеріне көңіл-күй смайликтерін жабыстыру.




Оқулық

Жұмыс дәптері








1 мин

5. Сегіту сәті.

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға бірікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды,

Өнерлі екен он саусақ

Қала салсақ, жол салсақ.

ҚБ: «Керемет, Тамаша!»

Интербелсенді тақта











7 мин

6. Мозайка әдісі.

(МК;Т; Қ)

105- бет, 24- жаттығу.

Суретке қарап, қай қалаға саяхатқа шығатынымызды болжа.

Топтық жұмыс.

Әр топ сурет қиындыларын құрастырып, қай қалаға саяхатқа шығатынымызды болжап айтады. Шыққан суреттер бойынша «Астанаға саяхат» тақырыбына әңгіме құрайды.

Дескрипторлар:

  • Суретке қарап қай қалаға саяхатқа шығатынын болжап айта алады;

  • «Астанаға саяхат» тақырыбында әңгіме құрай алады;

  • Әңгімеде қанша? неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді пайдалана алады;

ҚБ: Топтық бағалау. «Өте жақсы. Ұсыныс.»

Саралау «Диалог және қолдау көрсету» әңгіме құрау барысында қиындық болған жағдайда көмек көрсетемін.

Сурет қиындылары












4 мин


7. Ширату жатығуы.

«Кір жаю» әдісі.

Кір жайғыштың бір бетіне сан есімдер жазылады, оқушылар келесі бетіне сол сан есімге қатысты зат есімдерді жазып, іледі.

ҚБ: «Керемет, Тамаша!»



Кір жайғыш қима қағаздар




4 мин

(Ө; Қ)

8. 105-бет, 25- жаттығу.

«Есте сақтау диктанты» әдісі.

Мақалды жатқа жаз, сан есімдерді тап. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықта.

Батыр бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.

Дескрипторлар:

  • Мақалды жатқа жаза алады;

  • Қатесіз, көркем етіп жаза алады;

  • Сан есімдерді таба алады;

  • Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын анықтай алады;

ҚБ: Жұптық бағалау. Бір-бірінің дәптерлеріне көңіл-күй смайликтерін жабыстыру.



Жұмыс дәптер









2 мин

(Ө; Қ)

9. 105- бет, 26- жаттығу.

Дескрипторлар:

  • Жұмбақ - өлеңнің шешуін таба алады;

  • Өлеңдегі сан есімдерді анықтай алады;

ҚБ: Топтық бағалау. «Өте жақсы. Ұсыныс.»




4 мин


10. «Кубизм» әдісі

- Сан есім дегеніміз не?

- Сан есімнің сұрақтарын ата?

- «Үшінші» сөзі қандай сұраққа жауап береді?

- «Мен екі сынып оқимын» сөйлемі дұрыс құралған ба, қалай өзгертер едің, неліктен?

- «Нешеу?» сұрағына мысалдар келтір?

Дескриптор:

Сұрақтарға жауап береді;

ҚБ: «Керемет, Тамаша!»


Кубик

3 мин

11. Рефлексия. «Табыс баспалдағы» әдісі.


Бұл әдіс бойынша оқушылардың бүгінгі сабақтан алған білімін қорытындылау негізінде өзін-өзі бағалайды. Интербелсенді тақтаға қарай отырып, оқушы өзіне сәйкес баспалдаққа барып тұра қалады.


Интербелсенді тақта

Саралау

«Астанаға саяхат» тақырыбында әңгіме құрау барысында, оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында қолданамын.

Саралау «Диалог және қолдау көрсету» әңгіме құрау барысында қиындық болған жағдайда көмек көрсетемін.

ҚБ: Оқушыларды ынталандыру үшін, топтық бағалау: «Өте жақсы. Ұсыныс.» арқылы жүгізіледі

ҚБ: Оқушыларды ынталандыру үшін, жұпық бағалау: бір-бірінің дәптерлеріне көңіл-күй смайликтерін жабыстыру жүргізіледі.

ҚБ: «Керемет, Тамаша!» тәсілі арқылы бағалап өтемін.

Сабақ барысында әртүрлі жарақат алып қалмау үшін қарындашты, сандарға арналған таяқшаларды және интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында ток жүйелерін дұрыс қолдануын

қадағалау.





































САБАҚ: Қазақ тілі


МЕКТЕП:

ТАҚЫРЫБЫ: 84-сабақ. Етістік



туралы білетінімді еске түсіремін








КҮНІ:



МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:






СЫНЫП: 3


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
893
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі