15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ "Сан есім" 2 сынып
Тақырыбы: Сан есім
Мақсаты: Сан есімнің заттың санын, ретін білдіретін сөз табы екенін түсіндіру, сан есімге сұрақ қоя білуге дағдыландыру.Сан есімнің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу және жазу стилінде дұрыс қолдана білу дағдыларын арттыру.Танымдық тапсырмалар арқылы ой белсенділігін, шығармашылық қабілеттерін арттыру, сауатты жазу дағдыларын жетілдіру.
Түрі: аралас
Әдіс-тәсілдер:жұптық, топтық, СТО стратегиялары, АКТ, деңгейлік тапсырма, электронды оқулық.
Дереккөздер:стикер, маркер, бағалау парақтары
Барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық жаттығу
Салфеткалар алып, санына байланысты өздері жайлы айтады. 2 салфетка алса, өзі жайлы 2 мағлұмат айтады. (Не істегенді ұнатады? Өзі қандай? Не істейді?)
Топқа бөлу
Топқа 3,7 сандары арқылы бөліну.
Алтын ереже
Бағалау парағы, топ басшысы
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру
469-жаттығу
1.Қай көшеде тұрасың?
2.Үйіңнің нөмірі нешінші?
3.Пәтеріңнің нөмірі нешінші?
4.Отбасыңда қанша адам бар?
-Жақсы, өткенді қорытындылау үшін тапсырма орындайық.
«Сөздер банкісі» ойыны
Берілген сөздерді тиісті банкіге салайық.
Тоғызыншы, алпыс, елу екі, жеті, бесінші, жиырма екі, сегіз, оныншы, елу, тоғыз,
Бағалау о-о, м-м
|
|
|
Ж |
|
|
||
|
И |
|
|||||
|
Ы |
||||||
|
|
Р |
|
|
|||
|
М |
||||||
|
|
|
а |
||||
|
б |
Б |
|||||
|
е |
о |
ж |
е |
б |
||
|
с |
а |
н |
е |
С |
і |
м |
|
|
л |
|
т |
|
р |
ы |
|
п |
і |
|
ң |
|||
|
ы |
|
|
||||
|
с |
||||||
Сөзжұмбақ
1-топ
1.Өте жақсы баға.
2.1 сағат= ... минут
3.1дм=... см
4. 1апта= ... күн
5. Рәміздерге қанша жыл?
6.24 сағ= ... тәулік
7.1км= ... м
2-топ
Ақтілектің үйге барар жолын анықтаңдар.
|
ә |
қ |
ғ |
ө |
|
а |
н |
е |
ұ |
|
с |
ү |
с |
ң |
|
һ |
я |
і |
м |
|
ю |
щ |
ц |
ф |

ІІІ.Жаңа сабақ
Бүгін сабақта сан есімге жаттығу жұмыстарын орындаймыз. Ол үшін сан есім туралы не білетінімізді еске түсіріп көрейік.
«Алтын балық» ойыны
Сандардың артындағы балықтар бойынша тақтаға оқушылар шығарылып, сұрақтарға жауап береді. Отырған оқушылар сұрақ қояды. (Топқа бөлінген санның артындағы сұрақтарды қояды)
1.Сан есім дегеніміз не?
2.Сан есімнің сұрағын ата.
3.Сан есімге мысал келтір. Сан есім екенін дәлелде.
4.Мен екінші сыныпта оқимын. Сөйлемінен сан есімді тап. Сұрақ қой.
5.Тоғызыншы сөзінің сан есім екенін дәлелде.
6. 25 санын ретін білдіретін сан есімге айналдыр.
Көркем жазу «Сандық ребус»
Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жаз.
1жан, 2бастұз, 1қазан, 6бақан, жел90, 7ген, к3ік.
(Топ мүшелері бір-бірін бағалайды)
«Адасқан сөздер» ойыны
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құра.Сан есімнің астын сыз. Сан есіммен байланысып тұрған сөзді тап.
1-топ
Айжан сыныпта бесінші оқиды.
Он бес Гүлназдың шары бар.
2-топ
Болаттың толды жасқа атасы жетпіс бес.
Кітабым екі менің бар.
Бармақ арқылы бағалау.
Сергіту сәті
Топтық жұмыс
Балалар, топқа бөлу үшін алынған сандар туралы не айтар едіңдер?
-Қасиетті сандар.
-Ендеше әр топ өздеріне тиісті сан туралы оқып, қорғайды.
1-топ Үш
3
Үш қуат: Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.
Үш жүз: Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз
Үш жұрт: Өз жұрты. Нағашы жұрты. Қайын жұрты.
Үш арсыз: Ұйқы. Тамақ. Күлкі.
Үш жамандық: Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу.
2-топ Жеті
Жеті ата: Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.
Жеті күн: Бүгін. Ертең. Бүрсігүні. Арғы күні. Ауыр күн. Соңғы
күн. Азына.
Жеті қазына: Ер жігіт. Сұлу әйел. Ақыл, білім. Жүйрік ат.
Қыран бүркіт. Б
7
ерен мылтық. Жүйрік тазы.Жеті жұт: Құрғақшылық.Жұт(мал қырылу).Өрт.Оба (ауру).
Соғыс. Топан су. Зілзала.
Жеті ғалам: Күншығыс.Батыс.Түстік. Терістік. Аспан-жоғарғы
ғалам. Жер – орта ғалам. Жер асты- төменгі ғалам.
Жеті жетім:
Тыңдамаған сөз жетім,
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу-қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса-
Бәрінен де сол жетім.
Оқушы орындықтарына жасыл, сары, қызыл стикерлерді жапсыру арқылы деңгейлік топқа бөлу.
Деңгейлік тапсырма
1-деңгей Қыдырәлі, Жансая, Қыдырәлі, Нұрдана
Берілген мақалдарды көшіріп жазып, сан есімдердің астын сыз.
-
Еңбек – адамның екінші анасы.
-
Бір тал кессең, он тал ек.
-
Бес саусақ бірдей емес.
-
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
2-деңгей Назлы, Бектас, Ернияз, Санжар
Берілген сөйлемдерден сан есімді байланысып тұрған сөзімен бірге теріп жаз.
-
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
-
Жігітке жетпіс өнер де аз.
-
Ер жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын.
-
Бір кісі қазған құдықтан
Мың кісі су ішеді.
3-деңгей Аяжан, Меңтай, Адият, Нұрлан, Сая
Сызбаны толтыр

Сан есім
Сын есім
Қорытынды
Семантикалық карта
|
р/с |
Сұрақтар |
нұсқалары |
|||
|
а |
ә |
б |
в |
||
|
1 |
Сан есім дегеніміз не? |
заттың сынын |
заттың санын, ретін |
заттың атын |
заттың қимылын |
|
2 |
Сан есімнің сұрақтарын көрсет. |
кім? не? Кімдер? Нелер? |
Не істеді? Қайтті? |
Қандай? қай? |
Қанша? Неше? Нешінші? |
|
3 |
Сан есімді көрсет |
жасыл |
Он бес |
дала |
оқыды |
|
4 |
42 саны қай нұсқада дұрыс жазылған? |
Қырықекі |
қырық |
Қырық екінші |
Қырық екі |
|
5 |
Жүзінші сөзінің сұрағын тап |
Нешінші? |
Неше? |
Нешеу? |
Қанша? |
Рефлексия «Шахмат тақтасы»
Шахмат тақтасы ақ және қара түстерден тұрады. Ақ түс сәйкес келген оқушы сабақтың ұнаған тұсын, қара түс сәйкес келген оқушы ұнамаған жағын айтады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Көңіл күй жаттығуы
Смайликке стикер жапсыру
Үйге тапсырма 466-жаттығу (түсіндіру)
Бағалау «Баспалдақ» (топ басшысы)

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген