400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Сан есім 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сан есім туралы ашық сабақ күнделікті сабақта пайдалануға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сакипкалиева Аида Ермековна

«Алмалы ОЖББ мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Қазақ тілі 2 сынып

Сабақтың тақырыбы: Сан есім

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың сан есім туралы білімдерін тереңдете отырып,
сөз таптары туралы білімдерін бекіту.
2. Ойлау белседіліктерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
3. Әдемі, көркем жазуға баулу.


Көрнекіліктер: суреттер, семантикалық карта, тест тапсырмалары.
Әдісі: ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап
Түрі: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Топқа бөлу. (бірлік, ондық, жүздік)

  • Балалар, қазақ тілі сабағымызға қонақтар келіп отыр,қонақтарға өзіміздің білімімізді көрсетіп, белсене қатысайық.

Психологиялық дайындық

Үлкенге де Сіз

Кішіге де Сіз.

Сәлембердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

3-жаттығу, 183 бет. Сұрақтарға жауап бер.

Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.
Ойынның мақсаты:
Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек.

Мысалы,

Сын есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (иә),

«Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ).

Бала, оқушы, ана, торғай сан есім? (жоқ)

Сан есімнің сұрақтары Неше? Нешінші? Қанша? (ия)

Он жеті күрделі сан есім бе? (ия)

Оқып отыр күрделі етістік? (ия)

Етістіктің сұрақтары Кім? Не? (Жоқ)

Жүзіп жүр дара етістік пе? (жоқ). сұрақтар қойылады.

Жаңа сабақ.

Қызығушылықты ояту. «Кім тапқыр?»

Мақал –мәтелдегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.

  1. .... теңген болғанша, ... досың болсын. (жүз)

  2. Білекті ... жығады, білімді ... жығады. (мыңды, бірді)

  3. Жігітке ....өнер де аз. (жеті)

  4. ... ауыз сөздің тобықтай түйіні бар. ( тоқсан)

Бұл сөздер қай сөз табына жатады?
Ендеше сан есім туралы білетінімізді еске түсірейік.


1 топ. Топтастыру. Ішінде сан есімдері бар мақал –мәтелдер айту.

2 топ. «Сан есім» Топтастыру

3 топ. Ж әрпінен басталатын сандар жазу.

Оқулықпен, дәптермен жұмыс

Дәптерімізді ашайық күннің жадын және мен жасырған жұмбақ жауабын көркем етіп жазайық.

Көркем жазу.

Бесте бар,

Баста жоқ.

Бұл қандай әріп (Е)

Е е Е е Е е Е е Е е Е е Е е Е е

Бес Бес Бес Бес

Сергіту сәті.


Оқулықпен жұмыс.

1 топ. 1-жаттығу. «Сен білесің бе?» Мәтінді түсініп оқы. Сөйлемдегі цифрларды сөзге ауыстырып, мәтінді көшіріп жаз. Екі сөзден тұратын сан есімнің астын сыз.


2 топ. 3- жаттығу. Берілген сан есімдерді зат есімдермен тікестіріп жаз. Осы сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастыр.

Жеті, үш, отыз, төрт, мың, тоқсан, жиырма бір.


3 топ. 4 –жаттығу.Цифрларды сөзге айналдырып, сөйлемдерді көшіріп жаз.


Қорытындылау.

1 топ. Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз. Заттың санын білдіретін сөздерді тап.

Айгүл сыйлады үш кітап Асанға. 42 әріп бар қазақ әліпбиінде.


2 топ. Семантикалық карта.


Сөздер

Зат есім

Сын есім

Сан есім

Етістік

Доп

+




Қызыл


+



Төрт



+


Ойнап жүр




+

Қоян

+




Пісірді




+

отыз



+


Оқушы

+





3 топ.

«1 тақырып туралы 10 идея» әдісі

Мысалы; сан есім туралы 10 ақпарат жазуға болады. Тиімділігі толық ақпарат жинайды.

САН ЕСІМ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


Бағалау.


Үйге тапсырма: 2 жаттығу. 185 бет



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 маусым
510
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі