400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сан есім" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: сан есім туралы түсінік беру қанша, неше, нешінші, деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді түсіндіріп, оларды сөйлем ішінде таба білуге жаттықтыру. ә) дамытушылығы: сөз мағыналарын дұрыс түсінуге, өз ойын еркін айтуға, сөз байлығын сөйлеу дағдыларын арттыру. б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: сан есім туралы түсінік беру қанша, неше, нешінші, деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді түсіндіріп, оларды сөйлем ішінде таба білуге жаттықтыру.

ә) дамытушылығы: сөз мағыналарын дұрыс түсінуге, өз ойын еркін айтуға, сөз байлығын сөйлеу дағдыларын арттыру.

б) тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақ көрнекілігі: суеттер, сөзжұмбақ, жұмбақтар, мақал-мәтел, венн диограммасы, симантикалықкарта, ребус.

Пән аралық байланыс: ана тілі, дүниетану, музыка, математика.

Сабақ барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа назарын аудару.

-Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ, өткені сендердің білімдеріңді бағалауға қонақтар келіп отыр. Қане, сәлем беріп алайықшы.

Үлкенге де сіз Құрметпенен сіздерге

Кішіге де сіз Сәлем бердік біз.

-Қане балалар бүгін жарыс сабақ болғандықтан екі топқа бөлініп алайық.

1 Ақыл тобы Ақыл азбайды.

2 Білім тобы Білім тозбайды.



Үй тапсырмасын тексеру.

Өтілген сабақты пысықтау. Балалар өткен сабақта біз қандай тақырыптар өттік мына тірек сызба арқылы сөз таптарын еске түсіріп алайық.

Shape2 Shape1 Зат есім. Сан есім

СShape3 өз таптары

ЕShape4 тістік Сын есім

-Сұрақ жауаптар арқылы сөз таптарын анықтаймын. Үйге берілген 497-жаттығуды ауызша оқытып сын есімді тауып тексеріп шығамын.

Жаңа сабақ: математикалық сөз жұмбақты тақтаға ілемін. Балалар мына тақтадағы криптограмманы дұрыс тапсақ бүгінгі жаңа сабағымыз шығады.

с

а

н

е

с

і

м








-Қандай сөз шықты балалар?

–Дұрыс бүгінгі өтетін сабағымыз

Сан есім.

-Тақтадағы алма талда неше қызыл алма қанша сары, қанша көк алма бар екенін сұрап мысал келтіріп сөйлем құратам. Сөйлем ішінен сан есімді тауып сұрақ қою.

Жаңа сабақты пысықтау.

Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз. Сан есімдерге қанша, неше, нешінші деген сұрақтар қойылады: бес, жеті, жүз, он.

Суретпен жұмыс.

а)-Тақтада сатушымен қыз суретін іліп сөйлем құраймыз. Сатушы дүкенде нан сатып тұр. Асанның 60 тенгесі бар 60 тенгеге 2 нан береді.

-1 кг бидай өсіруге 1200 литр су кетеді.

- Нан туралы, су туралы балаларға түсінік берем.

Бір құдық қазса- мың кісі су ішеді. (мақал.с .с)

ә)ұпай жинау арқылы сан есімге арналған жұмбақтар шешу.

2 топпен жұмыс.

1.Қырық екі жауынгер

Сапын түзіп тұрады.

Бүлдіршіндер қауымды ел.

Сырын терең ұғады.

2.Кезікті бір жануар.

Үстінде екі тауы бар,

3.Екі басы жұдырықтай, Ортасы қылтырықтай.

4.Оңынан оқысаң да сол сан. Соңынан оқысаң да сол сан. 5.Айдалада бір отау, Аузы мұрны жоқ отау 6.Келеді үлкен алып аузын ашып.

Жүреді он екі қадам басып,

Әр бірінде отыздан бармағы бар.

Құтылмас ешбір адам мұнан қашып,

7.Басы жоқ төрт аяқты.

Жансыз бір зат Құлағы жоқ, көзі жоқ.

Бейне бір зат 8.Қос қазық, екі жем сегіз ноқта Сөйлейді межіредей адам соқса.

1 50

2 80

5 60

7 20

3 20

4 40

6 20

8 90

Сергіту сәті. Оқулықпен жұмыс.

-Дәптеріңді ашайық Салақтықпен қашайық Қолға қалам алайық Әдемі етіп жазайық. -Күн реті, сабақтың тақырыбын жазайық

-Балалар, сан есім дегенде қай әріппен басталып тұр.

С әріпі дауыссыз дыбыс, дыбыс сөздің сөздің басында ортасында және ақырында кездеседі сағат, үстел, бас.

Көркем жазу: Сс Сс Сс Сс Сс.

1 -жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқу, ауызша орындау сан есімді табамыз.

Елу метр есіктен Еңкеюмен шақ кірдім. Жүзқ асқырды өшіккен Бір қозыға бақтырдым.

-Балалар бұл өлеңді бізге балалар ақыны Қадыр Мырза Әли ақын ағамыз жазған. Бұл ақын 1935 жылы туылған Ана тілі сабағында да біз көптеген өлеңдерін оқыдық, жаттадық.

Кім жылдам сайысы

Ақыл тобы білім тобы

1.Мемлекеттік тіл. 1.Сенің Отаның

2.Абайдың әжесі 2.Не істеді қайтты?

3.Кім? не? сұр жауап б.сөз.т 3 .Үш арыс

4.Астана қай өзеннің жағ.орн. 4.Көбелек,құмырсқа,шегіртке

5.Дара және күрделі 5.Абайдың шешесі

6.Ыбырай кім? 6.Тәуелсіздік күні

7.Заттың түрін,түсін білдіреді 7.Зат.есімнің.түрлері.

8.Уақыт өлшемі. 8.Қандай ?қай?

2 –жаттығу. Сандарды сөзбен жазып, сөйлемдерді көшір.

-Қай сөзбен байланысып тұрғанын айту. -Уақыт өлшем бірліктеріне тоқталу.

3-жаттығу. Мәтінді оқып, сан есімдердің қай сөзге қатысты екенін анықта. Мәскеу мен Алматы арасы төрт мың шақырым шамасында.

Мақал мәтел жалғасын тап.

-Жігітке ... өнерде аз.

-Қызды ... үйден тыю.

-Мың қосшыға ... басшы.

Жүз сомың болғанша ... досың болсын.

4-жаттығу

Төрт, алты, тоғыз, он жеті, жиырма төрт. Үлгі: төрт қап, ...

Жазған сан есім мен зат есімдерді қатыстырып, үш-төрт сөйлем құра.

Жаңа сабақты пысықтау

6-жаттығу Есеп жұмбақты оқып, шешуін тап.

8-жаттығу. Көңілді шумақты оқы.

Сабақты қорытындылау:

-Соныменен ,балалар, бүгін біз сабақтан не өттік, не үйрендік?

-Сан есімнің ережесін айтқызып сұрақтарға мысал келтіру

-Біздің сыныпта неше оқушы бар?

-Ернар нешінші партада отырады?

-Бағлан неше алдың ?

-Қанша бал жинадыңдар?

Білімдерін бағалау.

Үйге: 7-жаттығу. Анаграмманы шеш.

































































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
1818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі