400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сан есім" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа технология бойынша құрастырылған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі 4 сынып

С. тақырыбы: Сан есім

С. мақсаты: Білімділік: оқушыларға сан есім туралы ұғым қалыптастыру арқылы кең түрде мағлұмат беру, сан есімнің құрамы, мағынасы мен тұлғасының ерекшеліктеріне тоқтала отырып, теориялық білімдерін тереңдету арқылы білімдерін шыңдау, түсіндіру.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын, қиялын, есте сақтау қабілеттерін ояту және сан есімдерді сөйлем арасынан табуға, қатесіз, сауатты жазуға үйрете отырып, өз ойларын еркін түрде айтуға, әдеби тілде сөйлеуге баулу, пәнге қызығушылығын ояту.

Тәрбиелік: оқушыларды әдемілікке, сауаттылыққа, сыни тұрғыдан ойлай отырып өз ойларын еркін айта білуге баулу, әдепті, салмақты болуға, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

С. түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер: баяндау, түсіндіру, талдау, жинақтау.

Көрнекіліктер: сызба, слайд, карточка, суреттер, бағалау парақтары

Пәнаралық байланыс: математика, әдебиет, дүниетану

Сабақтың барысы:

І. Психологиялық дайындық.

Балалар, бүгінгі сабақ ерекше сабақ болғалы тұр, өйткені бізге көптеген

қонақтар келді. Ендеше қонақтарға әр ұлттың амандасу рәсімін көрсету арқылы қонақтармен амандасайық. Қазақтар құшақтасып, европалықтар қол алысып, солтүстік американдықтар жұдырықтасып, жапондықтар бас иіп амандасады.

ІІ. Негізгі бөлім.

1. Кәмпит бойынша сыныпты топқа бөлу.

"Рахат" фирмасы. Алматы қаласы

"Қарағанды кәмпиттері". Қарағанды қаласы

"Баян сұлу" Қостанай қаласы.

"Славянка" көршілес Ресей мемлекеті

2. Құрметті қонақтар, сіздер бүгін 4 сынып жанынан құрылған "Ең тәттілер" ашық акционерлік қоғамы өткізіп отырған тендердің куәсі боласыздар. Алдымен ашық акционерлік қоғам дегеніміз не?

ААҚ - бағалы қағаз, акция пакеті акционерлік қоғам қызметкерлерінің арасында өзара сатылады.

Тендер - бизнес жоспарын ұсынып, өнім шығару құқығына ие болу жарысы.

"Ең тәттілер" ашық акционерлік қоғамының менеджері мен - Касимова Роза Алпысбаевна.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты - наурыз мерекесіне қарсы балаларды қуантып, жаңа бір конфет түрін ойлап шығару. Сол үшін Қазақстан Республикасының айтулы конфет шығаратын фирмалары тендерге қатысуға өтініш беріп отыр. Тендерге қатысу үшін әр фирма өздерінің құжаттарын, бизнес жоспарларын тапсырды. Ол өтінішті беріп отырған мына сіздер. Бүгінгі сабақтағы тапсырмаларды дұрыс орындаған фирма тендерден озып шығып, жаңа конфет шығару құқығына ие болады. Ендеше барлық фирмаларға сәттілік тілеймін.

2. Топ басшысын сайлау.

Бағалау парағын тарату.

Топ мүшелерін топ басшысы бағалайды, мен әр топты бағалаймын. Топтар "Бағдаршам" стратегиясы бойынша әр тапсырмадан кейін бағаланады.

/қызыл түс - 5, жасыл түс - 4, сары түс - 3/

Сабаққа қойылатын ережелерді есімізге түсіру:

- бірін - бірі тыңдау, бәсең сөйлеу;

- уақытты үнемдеу;

- ойларын еркін айту;

- тақырыптан ауытқымау.

3. Интербелсенді тақта арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

Shape7 Shape6 Shape5 Shape1 Shape2 Shape3 Shape4



Shape8 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9

Shape13 - А - С - І

- Е - М - Н

Фигуралардың орнына әріптерді дұрыс қою арқылы сабақтың тақырыбын анықтау.

4Shape16 Shape15 Shape14

Сан есім

. Әр топқа қағаз таратылады, оған әр топ сан есімді постерге салады, яғни топтастырады.



Shape17

Shape18


Әр топтың спикері сөйлеп, бұл жұмыста топ бағаланады.

5. Әр топқа мақал - мәтел таратылады, бірақ тапсырмалары әртүрлі болады.

а) Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

ә) Жігітке жеті өнер де аз.

б) Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

Тапсырмалар:

"Рахат" фирмасы: Сан есімді табу және түрін ажырату.

"Қарағанды" фирмасы: Сан есім қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.

"Баян сұлу" фирмасы: Сан есімді сөз құрамына талдау

"Славянка" фирмасы: Мақалдың мағынасын түсіндіру.

Қосымша тапсырма әр топтан сан есімі мақал айту.

Топ бағаланады.

6. Оқулықпен жұмыс. Тақтада орындалады. Әр топтың спикері шығып, тақтаға

сөйлемді жазады, сан есімді сөзбен жазып, қай сөзбен байланысып тұрғанын

сызбамен көрсетеді. Спикердің жұмысы арқылы топ бағаланады.

7. Сергіту сәті. Интербелсенді тақта арқылы орындалады.

8. Сурет бойынша мәтін құрастыру, Әр топқа әртүрлі сурет таратылады. Олар

барлығы ішінде сан есімі бар мәтін құрастырып, спикері қорғайды.

Топ бағаланады


"Рахат" фирмасы: "Қарағанды" фирмасы:


"Баян сұлу" фирмасы: "Славянка" фирмасы:


9. Ұйқас құрастыру.

"Рахат" фирмасы: ... беті ... он

... жеті ... қон

"Қарағанды" фирмасы: ... бірінші ... үш

... сүйінші ... күш

"Баян сұлу" фирмасы: ... екінші ... елу

... секірші ... келу

"Славянка" фирмасы: ... жалқау ... тоғыз

... алтау ... қобыз

Спикерлер оқиды, топ бағаланады.

10. Интербелсенді тақта арқылы берілген сөздерге тиісті сөздерді апару.

"Рахат" "Қарағанды" "Баян сұлу" "Славянка"

Бір шымшым бір жайым бір салым бір ауыз

бір асым бір шөкім бір жұтым бір ұрттам

Керекті сөздер: айран, су, өлең, бұлт, шай, ет, қамыр, тұз.

Әр оқушыдан кейін өлшемдердің мөлшерін түсіндіріп отыру.

11. Сандарға қатысты алты сөзді табу.

О

Е

Т

Н

К

Ө

Б

І

Р

Е

Л

Т

С

Ү

Ш

ІІІ. Қорытынды.

Семантикалық карта.


сырғанады

елу екі

шаңғышы

мықтылар

Зат есісм





Сан есім





Сын есім





Етістік










ІҮ. Бағалау. Топ басшылары топ мүшелерінің бағаларына талдау жасайды.

Топтардың бағалары арқылы қорытынды шығарылып, жеңген топ

жаңа кәмпит шығару құқығына ие болып, сертификатпен

марапатталады.

Ү. Үйге тапсырма.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1426
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі