ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІОңтүстік Қазақстан облыстық Білім басқармасыМ. Х. Дулати атындағы үш тілде оқытатын мамандандырылған №8 гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістемелік бірлестігі
ТАҚЫРЫБЫ: Сан есім.Киелі сандар
Мұғалім: Жаманбалаева Лаура Жусиповна
Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 7 Сабақтың тақырыбы: Сан есім.Киелі сандарСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың сан есім сөз табынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау, жүйелеп қорыту, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.Дамытушылық: Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту,ойын түрлері арқылы ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру,өз ойын жеткізуге үйрету,ойлау қабілеттерін арттыру.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке,әдептілікке шапшаңдыққа тәрбиелеу,мәтіндер арқылы ұлттық салт-дәстүрлерімізді қадірлеуге,киелі сандардың қасиетін білуге тәрбиелеу.Сабақтың типі: өткен материалды қайталауСабақтың түрі: ойын сабақ, сайыс сабақСабақтың әдісі: сұрақ-жауап, инсценировка, сыни тұрғыдан ойлау, топтастыру, әңгімелеу, баяндау, ойын, т.б.Пәнаралық байланыс: математика, қазақ әдебиеті, орыс және ағылшын тілдері, т.б.Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, презентациялар,кластер, көрініске қажетті заттар, бейнетаспа, перфокарта, үлестірмелі кестелер, жұмбақтар,мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, фразеологиялық тіркестер, ребус, т.б.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу,оқу құралдарының толықтығына көңіл бөлу,оқушы назарын қонақтарға, сабаққа аудару; қонақтарға жақсы тілек айтқызу.
Сабақтың құрылымы:1. Ой қозғау. Математикалық жұмбақ жасыру 2. Үй тапсырмасы. «Қазыбектің тапқырлығы» көрінісін қою3. «Сан есім» кластерін толтырту арқылы білімдерін тексеру 4. Перфокартаны толтыру5. Тілдарын. Математикалық оқулар арқылы4. «Мақал – сөздің мәйегі». Мақал-мәтелдерді түсіндіру 5. «Кім жылдам?». Жаңылтпаштан жаңылмаймыз6. Үнтаспа арқылы мәтін тыңдау. «О священных числах» Сөйлемді дұрыс құрастыру7. «Ұлағатты ұғымдар». Киелі сандар мағынасын ашу8. Фразеологиялық тіркестер. Мағынасын түсіндіру9. Сергіту сәті «Көңілді шумақтар» 10. «Орнымды тап» ойыны. Сөйлемді дұрыс құрастыру11. Ребус шешу.ІІ. Ой қозғау:Мұғалім сөзі: Балалар, мен бүгінгі сабағымызды сендерге математикалық жұмбақ жасырудан бастасам: