400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сан есімнен өткенді қайталау"6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Сан есімнен өткенді қайталау"тақырыбын өткенде пайдалануға боладыю
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты: 04.12.17.

Қазақ тілі


Мұғалім: З.Мангелова

Сынып: 6 «а»

Сабақ тақырыбы:

Сан есімнен өткенді қайталау

Жалпы мақсат:

1.Оқушылардың сан есім туралы білімдерін тереңдету, мағыналық түрлері, оның жасалуы, білімдерін нығайту,тиянақтау,теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру.

2.Оқушылардың ойлау тапқырлық,ізденімпаздық, қабілеттерін арттыру,шығармашылыққа баулу,өз ойын тиянақты жеткізуін дамыту.

3.Оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, адамгершілікке,ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

6-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау


Сабақта қолданылатын материалдар:

Слайдтар,үлестірме материалдары .

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Топқа бөлу. (қар бейнесіне жазылған сан есім түрлерін алу арқылы)

1.Есептік

2. Реттік

3.Жинақтық

4.Болжалдық

5.Бөлшектік

6.Топтау

Өлеңді көтереңкі көңіл күймен хорменоқиды.Ортаға шығып қар бейнесіне жазылған сандардың сан есімнің қай мағыналық түріне жататынын табу арқылы топқа бөлінеді.


ІІ.Қызығушылықты ояту

«Шашу» әдісі». Сан есімге қатысты жазылған сұрақтарға жауап беру.

Алған кәмпит суретіндегі сұрақтарға жауап береді.

ІІІ. Қолдану.

Әр топқа сын есімге байланысты тапсырмалар беріледі.

1.Постер құрау.

2.Жіңішке сұрақтар.

3.Жуан сұрақтар.

4.Бестармақ.

5. «Адаспай тап»

6.Сан есімді қатыстырып өлең,жұмбақ жаңылтпаш(біреуін) құрастыру.

«Айналмалы бекет» әдісі.бойынша тексерту.

Оқулықпен жұмыс.

130-жаттығу.(Берілген есептік сан есімді мағыналық түрлерін жасап, сөзбен жазу.) Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды.

Тыңдалым. Тыңдаған мәтіннен сан есімді тауып жасалу жолын түсіндіру. Топ мүшелері бірін-бірі бағалайды.

IV.Сергіту сәті.


Оқушылар сан есімге қатысты логикалық сұрақтарға жауап береді.

V.Қорытындылау

Семантикалық карта толтыру

Білу, түсіну, қолдану. Әр топтың топ мүщелері бірін-бірі тексереді.

VI. Үйге тапсырмасын беру

Сан есімнен өткенді қайталау. Сан есімнің мағыналық түрлерін қатыстыра отырып «Тәуелсіздік – ел тұғыры» тақырыбында эссе жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы.

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Таңдау» әлісі1.

Мен сабақ қызықты ___қызықсыз _____ болды деп ойлаймын
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____үйренгенім аз болды _____
3. Мен басқаларды мұқият ____зейінсіз _____ тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ___ сирек _____ қатыстым
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____риза емеспін. _____



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі