Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Сан есімнен өткенді қайталау" 6-сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы:
Сан есімнен өткенді қайталау
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: оқушылардың сан есімнен алған білімдерін нығайту,
тиянақтау, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру;
2) дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық, ойлау
қабілеттерін арттыру, ойын тиянақты, әсерлі жеткізу арқылы
шығармашылық ізденістерін дамыта түсу;
3) тәрбиелік: Отанын сүюге, патриотизмге, адамгершілікке, ізгілікке
тәрбиелеу. Еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың типі: қайталау сабақ
Қолданылатын әдіс -
тәсілдер:
жеке жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:
слайд, үлестірмелі
тапсырмалар,
суреттер
Техникалық құралдар:
интербелсенді тақта
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
- Балалар, бүгін сабаққа қонақтар келіп отыр. Сабақта біз өзіміздің
білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екендігімізді танытып, дұрыс
сөйлеп, анық айтуға тырысайық. - Сендерге ерекше хабарлама
айтқалы тұрмын. Ол үшін алдымен сендердің үйге берілген тапсырманы
қалай орындағандарыңды білгім келіп тұр.
128 – жаттығу. Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем
құраңдар.
- Балалар, қазір қай мезгіл?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Бүгін желтоқсанның нешінші
жұлдызы?
Ал, енді бүгінгі ашық сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Қазір сіздерді сайыстың шартымен таныстырып өтейін...
1. Бәйге
2. Ойлан тап
3. Ұш тұғырлы тілдер
4. Білімділер
5. Кім жылдам?
6. Шапшаң болсаң...
Ал,сайысымызды бастасақ...
1 кезең «Кім жүйрік» деп аталады, сұрақтарға жауап беру.
1.Сан есім дегеніміз не?
Қандай сұрақтарға жауап
береді?
Мысал келтір
2. Сан есім құрылысына қарай
неше түрге бөлінеді?
мысал келтір.
3. Сан есім тұлғасына қарай
неше түрге бөлінеді ?
Мысал келтір
4. Сан есім мағынасына қарай
неше түрге бөлінеді?
Түрлерін ата
5. Сан есім мағынасына қарай
неше түрге бөлінеді? Түрлерін ата
6.Реттік сан есім деген не?Сұрағы, жасалу жолы, мысал келтір.
7.Болжалдық сан есім дегеніміз не?
Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
8.
Топтау сан есім дегеніміз
не?
Сұрағы, жасалу жолын
түсіндір
9. Бөлшектік сан есім дегеніміз не?
Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
Мысал келтір
10. Жинақтық сан есім дегеніміз не?
Сұрағы, жасалу жолын түсіндір
Оқушыларды бағалау жұлдызша тарату.
2-кезең «Ойлан тап» Сурет бойынша шағын мәтін құрастыру.
3-кезең «Үш тұғырлы тілдер»
Елбасының
«Үш тұғырлы
тілдер» жобасын іске асыру мақсатында,
берілген мақал – мәтелдердің ішінен түсіп қалған сан есімдерді
тауып, үш тілде айту тапсырылады.
1.... атасын білмеген жетесіз. (жеті - семь - seven)
2. Қызды... үйден тию.(қырық – сорок - forty )
3.... ала болса, ауыздағы кетеді.
... түгел болса, төбедегі келеді. ( алтау, төртеу - шесть, четыри -
six, four)
4. Білекті... жығар,
Білімді... жығар. (бірді, мыңды – один, тысича – one, one
thousand)
5. Білгенің..., білмегенің.... ( тоғыз, тоқсан тоғыз – девять,
девяносто девять – nine, ninety - nine )
6.... өлшеп,... рет кес. (жеті, бір – семь, один – seven,
one)
4-кезең
«Білімділер»
Маршруттық
карта
Маршруттық карта №1
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Тайқазан
Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы Әмір Темір жасатып, Қожа Ахмет Иассауидың мазарына сыйлаған.
Тайқазанның салмағы - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр, диаметрі – екі жүз қырық екі сантиметр
Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар.олардың арасында он екі үлкен шүмектері бар. Ол он екі жыл мүшелді білдіреді.
(«Ол кім, бұл не?» ІІІ том) 5 балл
1. Берілген сан есімдерді сәйкестіндіру.
Мысалдар. Сан есімдер
Он-оннан есептік
Бесеу реттік
Екінің бір бөлігі жинақтық
Елу-алпыстай топтау
Екі болжалдық
Тоғызыншы бөлшектік
5 балл
2.
Сан есімдер |
дара |
күрделі |
жиырма жеті |
|
|
он үш |
|
|
тоқсан |
|
|
тоғыз |
|
|
екі |
|
|
алпыс |
|
|
бір бүтін үштен екі |
|
|
5 балл
4. Мақал – мәтелдерді толықтыру.
-
... жасар бала келсе,
... шал алдынан шығар.
-
... ... білмеген жетесіз.
2 балл
5. 40 санына байланысты халықтық дәстүрлер туралы айтылады.
Қырықтың бірі қыдыр.
3 балл
«5»- 25-20 балл «4»-19-16 балл «3»-15-12 балл «2»-11-0 балл
Маршруттық карта №2
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Жақсы мен жаман
Адам атызға бір түп гүл әкеліп отырғызды. Құнарлы жерге отырғызылған ол күнен күнге тамыр жайып, гүлдене өсе береді. Гүл бірінші - күннің нұрын, екінші - мөп – мөлдір суды, үшінші – таза ауаны сүйетін. Ол осынау тіршілік иесі болғанына, өзін әкеліп отырғызған адамға өте риза болды.
Бір күні:
- Әй, сен көп асқақтама! Өмірге келгеніңе өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түрі ұсқынсыз бір шөп басын қылтитып тұр екен. Гүл ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті, қасындағы біршама үлкендігі бар екінші гүлге басын сүйеді.
- Жабырқама, сабыр ет! Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Бір басынан басқаны ойламайтын жауыз шөп. Әлі – ақ құтыламыз.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды. Әлгі гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне он жастағы бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайта құлпырды.Өмірде жақсылар да, жамандар да, бар екен. (Б. Әбділов).
5 балл
«Сәйкестендіру» стратегиясы. Кестені сан есімнің мағыналық топтарына қарай сәйкестендіріп толтырыңдар.
Сұрақтары |
Сан есім түрлері |
неше? |
Есептік сан есім |
нешінші? |
Реттік сан есім |
нешеу? |
Жинақтық сан есім |
нешелерде? |
Болжалдық сан есім |
нешеден? |
Топтау сан есімі |
нешеуі? |
Бөлшектік сан есім |
5 балл
Сан есімдер |
дара |
күрделі |
отыз |
|
|
тоқсан |
|
|
елу |
|
|
жетпіс жеті |
|
|
алпыс тоғыз |
|
|
жүз елу үш |
|
|
5 балл
4. Мақал – мәтелдерді толықтыру.
-
... рет өлшеп, ... рет кес.
-
Ер жігіттің ... сөйлегені өлгені.
2 балл
5. 40 санына байланысты халықтық дәстүрлер туралы айтылады.
Баланы қырқынан шығару. 3 балл
«5»- 25-20 балл «4»-19-16 балл «3»-15-12 балл «2»-11-0 балл
Маршруттық карта №3
а) Мәтінді қысқаша баянда.
б) Берілген мәтіндегі 3 сан есімді теріп жаз, мағынасына қарай қай топқа жататынын көрсет.
Ақсүйек
Ойын жаздың айсыз қараңғы түнінде ойналады. Ол үшін ірі қараның, жылқының кепкен жілік сүйегі керек. Ойынға қатысушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өзіне басшы сайлап алады. Ойнды кім бірінші болып бастайтыны екі топ басшыларының жеребесі арқылы шешіледі. Әр топ өз көмбесін белгілейді. Екі топтың ойыншылары алаңға арқасын беріп сапқа тұрады. Бірінші болып ойын бастауға мүмкіншілік алған топтың басшысы сүйекті алыстата лақтырады.
Екі топтың ойыншылары сүйекті іздеуге кетеді. Сүйекті кім бірінші боп тапса, сол көмбеге қарай жүгіреді, қалғандары оны қуады. Қарсы жақтың ойыншысы жетіп, сүйекті алатын болса, бар күшін салып, оны өз көмбесіне жеткізуге тырысады. Ойын жалғасып, қайталанып, ойналады.
(«Ұлттық ойындар») 5 балл
Сәйкестендіру
оныншы |
|
есептік |
үш |
топтау |
|
төрт - бес |
есептік |
|
екіден бір |
бөлшектік |
|
алпыс - жетпіс |
жинақтық |
|
бесеу |
болжалдық |
|
ондаған |
реттік |
|
қырық |
топтау |
Сан есімдер |
дара |
күрделі |
он сегіз |
|
|
жиырма төрт |
|
|
мың екі жүз елу сегіз |
|
|
алты |
|
|
үш |
|
|
қырық екі |
|
|
екі -үш |
|
|
4. Мақал – мәтелдерді толықтыру.
5 балл
1. ... ... тістен шыққан сөз ... рулы елге тарайды.
2 Ел құлағы ...
2 балл
5. 40 санына байланысты халықтық дәстүрлер туралы айтылады.
Қызға қырық үйден тыю.
3 балл
«5»- 25-20 балл «4»-19-16 балл «3»-15-12 балл «2»-11-0 балл
5-кезең «Кім жылдам» Сан есімнен өткенді қайталауға арналған тестік жұмыс /Оқушыларға тест тапсырмалары таратылады/
6-кезең «Шапшаң болсаң» /Оқушылар интербелсенді тақтада көрсетілген сұрқатрағ жауап береді? Жеті ата, кие тұтатын сандар, жеті қазына,үш бәйтерек, үш байлық, үш арсыз/
Ал, енді біздің сайымыз өз мәресіне жетті.
Рефлексия.
«Қайық» Оқушылар түсті кемелерге өз туларын жабыстырады.
Қызық – сабақ ұнады
Жасыл – қызықсыз
Қара – сабақ ұнаған жоқ
Бағалау.
Үй тапсырмасы: Сан есімдерді қатыстырып әңгіме құрастырып келу
Алакөл орта мектеп-бақшасы
АШЫҚ САБАҚ
Сан есімнен өткенді қайталау
6 «Ә» сынып
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Кайыпканова А.К.
2017-2018 оқу жылы