Ашық сабақ "Сән және талғам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сән және талғам"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімге сабақта қолдануға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Сән және талғам.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: қазіргі таңдағы сән ұғымдарын, олардың түрлерін, стильдерің мағынасын түсіндіру.

2.Дамытушылығы: сәннің  даму сатысы мен қоғамдағы атқаратын ролі, шығармашылығын қалыптастыру

3.Тәрбиелігі: эстетикалық талғамын қалыптастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білуге, жолдастық көмек көрсете білуге   тәрбиелеу.         

Сабақтың түрі: түсіндіру, сарамандық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: киім түрлері

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру

Оқушылардың  сабаққа қатысуын, құрал-жабдықтарын түгендеу, тексеру. Зейіндерін сабаққа аударту.

2. Үй тапсырмасы:

-Техикалық қауіпсіздік ережелері

-Жалпы киім тобы.(көйлектер,блузкалар, белдемшелер,және басқада көйлектік бұйымдар)

- машинаның шығу тарихы (ХVғасыр)                    

3. Жаңа сабақ:

Сән қалай пайда болды? Сән адамзат баласы пайда болғаннан бастап пайда болды. Айтатын болсақ адамзат баласы ең алдымен жапырақ,  аңдардың терісі т.б

Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын ариналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда

Сән (мода) латын сөзі өлшем, әдіс, іс-әрекет түрі, мағынасы ол уақытша келісімді-сәнді киіне білу деген ұғым береді.

Біздің өмірімізде сәннің ролі қандай?

Сән-қоғамдық өмірдің бір бөлшегі, әлеуметтік құбылыс

Сәнге деген көзқарасымыз қандай? әр адамның өз талғамына, қажетіне сай сәнді киіну мүмкіндігі бүгінде бар құбылыс. Сіз іс тіге білетін, бұл кәсіпті сүйетін адам өзіне жарасымды да сәнді киімді қашан да тігіп ала алады.  Талғам-бәрінен бұрын адамның өзіне шек қоя білуі (нені, қайда, қашан кию керек, өзінің сырт келбетіне көзқарасы, өзін-өзі ұстай білуі т.б)

Сәнді арнайы көркемдеуші сәнгер жасайды Ол сәнқой адамның талғамын ескере отырып, тұтынушы халықтың талабына сай келетіндей етіп орындайды.Оларды стильистер деп атаймыз.

Стиль (грекше балауызға өрнек түсіретін үшкір таяқша) сөзі әдебиет пен өнерде автордың, туындының мәнерін, мазмұнын, идеялық көркемдік ерекшеліктерін білдіреді.

Стиль

Классикалық                 Фольклорлық               романтикалық              спорттық

 Классикалық стиль (байсалды, іскер,әсем)ең бір тұрақты, ғасырлар сүзгісінен өткен, мүлдем өзгермейтін, ерлердің жұпты, үштік костюм «ағылшын»пальтосы, плащ, ал әйелдердің киіміне ұзын жеңді көйлектер, тік немесе бүрмелі белдемшелер «шинель» костюмдері жатады.

Фольклорлық стиль –ұлттық сипаттағы осы заманғы киімдер. Бұл стильде ұлттық ою-өрнектер, кестелер, қол жұмыстарын  кеңінен қолданамыз. 

Романтикалық стиль-бұл ұшқыр, қиал елестер ізденістер тобы.  Киімде әйелдік қасиеттерді бейнелейтін бөлшектерді, жиектерді пайдалану.

Спорттық стиль- демалыс, спортпен жаттығу, саяхат үшін ыңғайлы киімдер

                                                              Жаңа сабақты бекіту:

1.     Сән сөзінің мағынасы?

2.     Стиль. Стильдің түрлері?

3.     Классикалық стильмен фольклерлық стильдің айырмашлығы ?

4.     Романтикалық стиль мен спорттық стильдің бір бірінен ерекшелігі не?

5.     Бүгінгі сабақтың бағытын талдау?

6.     Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?

   

Қортынды

Оқушылардың білімін бағалау

Үйге тапсырма: Қазақстандағы белгілі сән үлгілерінің жұмыстарымен танысу.

 



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.01.2019
1509
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі