Ашық сабақ. "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ"

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. "Саналы ұрпақ- жарқын болашақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ өте жақсы, тартымды өтті. Сабаққа барлық оқушылар қатысып, белсенділік көрсетті. Мұғалімдерде қатысып, өздерінің пікірлерін айтып өтті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:02.09.2021ж

Сынып :4

Тақырыбы: Саналы ұрпақ―жарқын болашақ.

Мақсаты: Өскелең ұрпаққа болшаққа бағдар беретін, білімді, саналы, еліне адал қызмет ететін, патриоттық сезімі жоғары тұлға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Слайд, нақыл сөздер, оқушыларды баулуға түрлі

Сабақтың өту барысы: Мұғалімнің іс - әрекеті Тыңдаушының іс - әрекеті Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру (5мин) -«есімінің бас әріпі бойынша сын есім сөз айту» сергіту сәті – Әрбір қатысушы өз есімін атап, жылы лебіз білдіреді - Келесі ойыншы ол лебізді қайталамауы тиіс.

Мен бастайын: Айлизи – гулдей...

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптасады.

Топқа бөлу (5 мин) Әрбір топты жыл мезгілдеріне қарай 3 топқа бөлу Сыныптағы тыңдаушылар топқа бөлініп отырады.

І. Мұғалімі сөзі:

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы дей, қазір сіздердің білімдеріңізді тексермекшіміз.

Біздің еліміздің 30 тамызда атап өтілетін мемлекеттік мерекесі қалай аталады? Конституция күні
2. Конституция дегеніміз не? ҚР Конституциясы қашан және кім қабылданды?Конституция дегеніміз– қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттікзаң.Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді.
3. Конституциямен қандай мәселелер реттеледі?
Конституция – барлық заң салаларының негізі, ал оның нормалары – басқа заңдар үшін басты қағида болып есептеледі.
РеспубликамыздыңКонституциясы-мемлекеттің негізгі заңы. Ол ел мемлекеттілігі мен егемендігінің, заңдылық пен құқықтық тәртіптің заңдық негізі, барлық заңнама мен құқық қолдану практикасы негізделген іргетас болып табылады.
ҚР Конституциясы бойынша сұрақтары
Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады?Халық.
Қазақстан Республикасындағы басқару нысаны:Президенттік.
Қазақстан Республикасы:унитарлы мемлекет.
Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік;
Қазақстан Президенті кімдерге ант береді?халыққа
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес халық атынан сөз сөйлеуге шыға алады:Президент және Парламент

«Бұл кім» кәсіби бағдар ойыны. 
Қазір мен сендерге әртүрлі мамандықтар айтамын, ал сендер секунд ішінде жолдастарыңызға қарап аталған мамандық көбірек кімге үйлесетінін іштей анықтайсыңдар. Сосын не себепті сол адамға таңдағандарыңды және не себепті сол мамандыққа сәйкес келетіндігі туралы өз ойларыңды жеткізесіңдер. 
Мұғалім, жүргізуші, дәрігер, тігінші, әнші, журналист, спортшы, програмист, эколог, заңгер,ұшқыш 

Видеоролик көрсету «Арманға, мақсатқа жету» Оқушылар түйгенің талқылау.


Қорытынды: Қорыта келе, қазіргі кезде «Жастар-еліміздің жарқын болашағы» деген қанатты сөздерді жиі айтамыз, ал сол жастардың  болашағы, Отанымыздың ертеңгі тағдыры болса,  соған дәнекер өзіміздің бүгінгі қызметіміздің қалай атқарылып жатқаны, қоғамға қандай үлес қосып жүргенімізге тікелей байланысты.  Міне, «Саналы ұрпақ-жарқын болашақ» тақырыбындағы ойтүйінді жалпы ел жастарына бағыттаймын! Жас күш, жас толқын болып толқып, ана тілінде сайрап, өзге тілді меңгеру арқылы болашақ елдің кемел келешегін биіктерден көруге үлес қосайық, саналы ұрпақ...!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.11.2021
1249
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі