400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Санау "Заттарды бөлу"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған бағдарлама бойынша әзірленген сабақ жоспары. Санау пәнінен 1 сынып оқушыларының ерекшеліктерін ескере отырып құрылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Санау

Күні: 18.11. 2021

Сынып: 1 «Б»

Мұғалім: А.Т. Токенова

Ортақ тақырып: Менің отбасым және достарым

Сабақтың тақырыбы

Заттарды бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.5 ойын, тұрмыстық, заттық әрекеттерде заттарды белгісіне қарай бөлу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Алған білімді меңгеруге әрекет жасайды.

Көбі:Тақырыпты түсінуге, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы үлгі бойынша ұғуға ұмтылады.

Кейбірі: өмірде қолдануға талпынады.

Жетістік критерийлері

Сұрақтарға жауап беру арқылы заттардың орнын ауыстыруын айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке, бірін-бірін тыңдап, сыйлауға үйрету

Пәнаралық байланыс

Айналадағы әлем пәні арқылы  пән аралық байланыс жүзеге асады.

АКТ қолдану дағдылары

Бейнетаспа арқылы заттың орнын анықтайды.

Тілдік құзыреттілік


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Шаттық шеңбері:

Амансың ба, алтын күн?

Амансың ба, Жер ана?

Амансың ба, достарым?

Аман болайық бәріміз!

Кеңістік белгілерін қайталау: Жоғары - / қолды көтереміз/

Төмен - /қолымызды түсіреміз/

Ортаға - /ішке жиылу/

Шетке - /сыртқа шығу/



Сабақтың ортасы


18 қараша - /күздің айы, бейсенбі/ түсінік беру

Заттарды бөлу - /тақырыптың 3-ші соңғы сабағы/

/Сабақта орындалған әр тапсырмадан кейін жұлдызша таратып отырамын/

Миға шабуыл:

Интербелсенді тақтада:

- Жыл мезгілдеріне байланысты киімдерді тауып, баланы киіндіру;

- Қоқыс жәшігіне қоқыстарды /бөтелке, шырынның сауыты, кәмпиттің қағазы, қақпақтарды/ мұғалімнің нұсқауы бойынша жинау;

Жұмыс нәтижесін айқындау үшін «шапалақ» арқылы ынталандырамын, қолпаштаймын.


Түсінікті түйіндеу:

Ойын: «Балық аулау»

Шарты: Аквариумнан балықтар аулаймыз. Жай балықтар емес, сиқырлы балықтар. Оларды белгісіне қарай «Оқу құралдар» және «Ойыншақтар» жәшігіне бөліп салу керек.

Ойынның негізгі мақсаты оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін бақылау.

Жұмыс нәтижесін айқындау үшін «бас бармақ» арқылы ынталандырамын, қолпаштаймын.

Сергіту сәті:

«Бала, бала балақан» /бейнетаспадан қайталау/


Дәптермен жұмыс:

  1. Тапсырманың орындалуын толық түсіндіру;

  2. Әр жазу жолындағы заттарды атау, түстерін ажырату;

  3. Артық затты сызып тастау;

  4. Пішіндерді үзік сызықтырды бастырып сызу, көрсетілген түске бояу.

  5. Сызықтан асырмай бояуға баулу;

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


АКТмен жұмыс










Нейрогимнастика жаттығуы

АЛАҚАН – партаға алақандарын қояды.

ШАРБАҚ – алақандарын қырынан қояды.

ЖҰДЫРЫҚ – жұдырықтарын түйіп, жинайды.

Сыныптың лидері орындатады.


Қызықты тапсырма





Артығын тап:

  • Заттардың жұбын тауып, сәйкестендіру;

  • Логикалық ойлауларың дамыту;






Сабақты қорытындылау



-Біз бүгін сендермен заттарды белгісіне қарай бөлу тақырыбын аяқтадық.

Бүгінгі сабаққа белсенділік танытып, тапсырмаларды тамаша орындағандарың үшін алғыс білдіремін.

Жұлдызшалар таратып, сабаққа қатысқандарына түсініктеме беру.


Сабақтың соңы


Р ефлексия:

- Сабақтан алған көңіл – күйімізді көжектер арқылы белгілейміз.

- Егер, көңіл - күйің жақсы болса, өз көжегіңді күнге орналастыр.

- Нашар болса, бұлтқа қоямыз.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
511
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі