Ашық сабақ "Сандар әлеміне саяхат"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сандар әлеміне саяхат"

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сандар әлеміне саяхат

Күні:

Сабақ типі: Саяхат, ойын сабақ

Сабақ түрі: Топтық, жеке жұмыс

Сабақ әдісі: Флипчарт, миға шабуыл, ойын, талдау, жинақтау,салыстыру

Ақпараттық және көрнекі құралдар: Интербелсенді тақта,карточкалар, сандар, геометриялық пішіндер,смайликтар

1) Мақсаты:

Білімдіігі: 1-ден 10-ға дейінгі үш тілде тура және кері санау,сандардардың көршісін, жыл мезгілдерін , апта күндерін,тәулік бөліктерін нөмірлеп атауға, геометриялық пішіндер мен денелерді ажыратуға,қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыра отырып есептер шығару арқылы балалардың білімін тиянақтау, тез жауап беру дағдысын қалыптастыру.

2)Дамытушылдығы: ойындар, есептер шығару арқылы, балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін, тіл байлығын дамыту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру.

3) Тәрбиелілігі: мақсатына жетуге ұмтылдыру,шығармашылық еңбек етуге,ұқыптылыққа , тәрбиелеу.

Оқу-іс әрекетінің барысы:

І . Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

1. Балалармен сәлемдесу

2. Психологиялық дайындық

-Балалар, күн нұрына қарай қол созып алақанымызды жаяйық.

Алақанды ашайық,

Күн шуағын шашайық,

Жүректегі жылуды

Қонақтарға шашайық!

ІІ.Көңіл-күй ережелерін көрсету

ІІІ. - Балалар , біз қай республикада тұрамыз?

- Президентіміз кім?

- Қазақстан Республикасының бас қаласы қандай қала?

- 16-желтоқсан біз сендермен қандай күнді атап өтеміз?

- Елордамыз Астана күннен –күнге құлпырып келе жатыр. Бүгін сабақта біз Астана қаласындағы ең әсем, ең биік ғимарат «Бәйтерекке» саяхат жасап,сандар әлеміне шығамыз. Интербелсенді тақтадан «Бәйтерек» монументін көрсету.


«Бәйтерек» біздің еліміз осы бәйтерек ағашы сияқты әрқашан биіктен көрініп, аспандағы күніміз алтын жұмыртқадай жарқырап, халқымыз тату – тәтті өмір сүрсін» - деген оймен қазақ елінің символы ретінде жасалған. Биіктігі 97 метр. Панарама залында «Аялы алақан» тұмары бар.

Саяхаттайтын «Бәйтерегіміз»үш бөліктен тұрады.

1.Төменгі бөлік.

2.Негізгі бөлік.

3. Ғажайып шар.

-Ал енді төменгі бөлікке кірейік. Төменгі бөлікте бізді Сырым мен Әлия қарсы алады.

(Сырым мен Әлияның суретін көрсету) Сырым мен Алияның дайындаған тапсырмаларын орындайық.

Тапсырмалар интербелсенді тақтада көрсетіледі.

1 –ші тапсырма:Есептің жауабына сәйкес,апта күндерін ата!


2- тапсырма: Балықтарды аквариумға орналастыр



3-ші тапсырма: Жыл мезгілдерін ретімен нөмірле, ата


4-ші тапсырма: Тарелкадағы алмұрттарды сана да,сәйкес санмен сызып қос

-Жақсы балалар, біз Сырым мен Алияның «Бәйтерек» монументінің төменгі бөлігіндегі тапсырмаларды орындадық.

Енді бізге негізгі бөлікке көтерілуіміз керек.

-Балалар, « Байтеректің» негізгі бөлігіне кіру үшін бізге не қажет?(Билет)

-Ендеше билет алу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

5-ші тапсырма: «Түсіп қалған сандарды тап»

6-тапсырма: Сурет бойынша есеп құрастыр. Жауаптарын тор көздің ішіне жаз.

ІІІ. Сергіту сәті Интербелсенді тақта арқылы көрсетіп, алмаларды санау

Бір алма, екі алма, үш алма, төрт

бес алма, алты алма, жеті алма көп.

7- тапсырма: Есепті шығар. Бағыт арқылы есеп жауабына сәйкес суреттер мен сандарға қос.

  • Жарайсыңдар , балалар!

ІV. Ендеше «Ғажайып шарға» кірейік. Шардың ішінде не бар екен?

«Аялы алақан» оған келген әр адам өзінің армандарын айтады екен. Армандарымыз орындалу үшін мына тапсырмаларды орындауымыз керек.

8- тапсырма: Салыстыр .>, <, = таңбаларын қой

9-тапсырма: Геометриялық пішіндер мен денелерді атап ажырату.

10- тапсырма :Семантикалық картамен жұмыс

«

11- тапсырма: Қисынды ,көңілді есептер.

1.Алаңқайда 8 қоян ойнап жүр. Олардың төртеуі ініне кіріп кетті.

Алаңқайда неше қоян қалды?(4)

2.Әуежайда 10 ұшақ тұр. Олардың бесеуі ұшып кетті.

Әуежайда неше ұшақ қалды( 5)

3. Гүлнәрдің туған күніне 4 қыз бала, 5 ұл бала келді.

Гүлнәрдің туған күнінде неше бала болды? 9

4. Далада 6- ты бала серуендеп жүрген, 3 баланы аналары шақырып алды. Қанша бала далада серуендеп жүр?

1.Пісіп тұрған төрт алмұрт

Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан

Алып жеді Мұратхан.

Қанша қалды алмұрттан?

2. Төменде 3 қаз ұшады,

3-еуі бұлтты құшады.

Өзеннен көрдік екеуін.

Айтқын, қаз нешеу екенін? «8»

V.Қорытынды: Міне , балалар сендер бүгінгі сабақта Астана қаласындағы ең әсем, ең биік ғимарат «Бәйтерекке» саяхат жасап,сандар әлеміне шолу жасадыңдар.

VІ. Рефлексия.

VІІ. Бағалау. Смайликтар арқылы










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.01.2021
827
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі