жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ: Сәндеу. Безендіру. 8 сынып
|
Көркем еңбек |
Мектеп: |
||||||||||||||||||||||
|
Күні: . |
Оқытушының аты-жөні: |
||||||||||||||||||||||
|
Сынып: 8 сабақ 6 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||||||||||||||||||
|
Бөлім: |
Сәндік-қолданбалы өнер |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Сәндеу. Безендіру |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары |
Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар жасау барысында қазақ ұлттық мәдениет элементтерін пайдалану; Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялауда қолданылған идеяларды талдауда және бағалауда негізінделген сыни ұсыныстар жасау; |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың мақсаты: |
Оқушылар: - өз жұмысында, оны сәндеу (бас киім, кеудеше) кезінде қазақ ұлттық мәдениетінің әртүрлі элементтерін пайдаланады; - өзінің және сыныптастарының жұмыстарында қолданылған идеялар мен тәсілдерді талдап, бағалайды; әртүрлі құралдар және материалдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техника ережелерін сақтайды. |
||||||||||||||||||||||
|
Бағалау критерийлері |
бұйымды сәндеу кезінде әртүрлі ұлттық ою-өрнектер мен мотивтерді шығармашылықпен қолданады; - өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын жетілдіру бойынша дәлелді ұсыныс айтады; әртүрлі құралдар мен материалдарды қолдану кезінде жұмыста қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. |
||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың барысы |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақтың кезеңі/уақыт |
Педагогтың әрекеті |
Оқушылардың әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың басы 2 мин
8 мин. |
Ұйымдастыру кезеңі:
«Кім жылдам?» ойыны (1-қосымша) Оқушылар алдыңғы сабақтағы топ құрамымен жұмыс жасайды. Берілген уақыт ішінде әр топ жобалық бұйымды сәндеуге байланысты сөздер мен сөз тіркестерін мүмкіндігінше көбірек жазуы қажет, мысалы, сәндеу материалдары, жасау техникасы т.б. бисер, фольга, меруерт, ызба, бау, кесте, жапсырма және т.б. Әр топ кезекпен өз сөздерін айтады, қай топта сөздер көп айтылса, сол топ жеңімпаз болып саналады. Бұл ойынның парақтарын оқу бөлмесінің қабырғасына орналастыруға болады, қажет болған жағдайда оқушылар оған назар аударып, бұйымды сәндеу туралы ақпарат алады.
Оқушылар алдыңғы тапсырмада жазылған қағаздарды қарастырады, сонымен бірге тақтадағы қазақ ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің суреттеріне қарап, осы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды. Мұғалім тақтаға қажетті жазулар жазады, ал оқушылар альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып алады. |
Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі |
Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. |
Әр топқа жазуға арналған жеке парақтар.
Қазақтың ұлттық бас киімдері мен кеудешелерінің әртүрлі сәндеп бейнеленген фотосуреттері. |
|||||||||||||||||||
|
15 мин
15 мин |
Оқушылар сұрақтарды топта талқылауы қажет:
Әр топ оқушылары бұл жайлы өз ойларын айтады және оны сыныптастарына ұсынады.
Сәндеу (әрлеу) кезінде бұйымда әртүрлі әрлеу элементтерінің шамадан тыс көбейіп кетпеуі үшін, белгілі бір шаманы сезіну қажет. - Суреттерде бұйымды сәндеудің (әрлеу) қандай түрлері көрсетілген (4 слайд). Бұйымды сәндеу (әрлеу) түрлері:
Топтар барлық сабақ бойындағыдай құрамда жұмыс жасайды. 1 . кезең. Бұйымды сәндеуге арналған эскиз жасау. 2. кезең. Бұйым жасауға қажетті материалдар, құралдар, жасау техникасын таңдау. 3. кезең. Қолмен және машинамен әртүрлі әрлеу тігістерін жүргізе отырып, бұйымды өңдеу және сәндеу жұмыстарын орындау.
Талқылау алдында мұғалім оқушылармен бірге критерийлерді қарастырады. Мұғалім оны келесілерді ескере отырып, тақтаға жазады: шығармашылық жұмыстың жақсы жақтары; жобалық өнімнің жетілдірілетін жері. Оқушылар бағалау парағын толтырады (3 қосымша)
|
|
Дискриптор Батиктің өлшемі бойынша өз жұмысына рамка жасайды. Жұмысын әсемдейді (кракле, бисер) Өзінің және сыныптастарының жұмыстарына баға береді. |
Бисер, жіптер – люрекс, кестелеуге арналған жіптер, ине, қайшы және т.б.
Бағалау парақтары |
|||||||||||||||||||
|
Сабақтың соңы 5 мин. |
Оқушылар мұғаліммен бірге өздерінің жұмыстарының көрсетілімін жасап, бір бірін бағалайды: Не жақсы шықты? Нені түрлендіру қажет? Оқушылар бір біріне комментарийлерін білдіреді. |
|
Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. |
|
|||||||||||||||||||
|
Қосымша ақпарат |
|||||||||||||||||||||||
|
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды?Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
|
||||||||||||||||||||||
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? 1: 2: |
|||||||||||||||||||||||
|
|
|||||||||||||||||||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген