400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 21 материал табылды

Ашық сабақ "Сәндік гүлдерді жүннен дайындау" 8 - сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жүн - қазақ халқының салт - дәстүрінің ажырамас бір бөлігі. Жүннен жасалатын бұйымдарға жаңаша бағыт ендіру - заман талабы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сәндік гүлдерді жүннен дайындау

Қалбибі Өміртайқызы Сәрсенбаева

№4 Қ.Сәтбаев атындағы ЖОББМ технология пәнінің мұғалімі

ОҚО,Төлеби ауданы, Леңгер қаласы.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға халқымыздың ұлттық қолөнерінен түсінік бере отырып,жүннен гүл дайындау техникасын үйрету.Практикалық машықтарын қалыптастыру.Оқушыларды әсемпаздыққа үйдің сәнін келтіру және эстетикалық сұлулыққа тәрбиелеу. Сабақтың білімділігі:Жүннен жасалатын бұйымдардың жасалу жолдарын үйрету.Оны жасауда қолданған материалдар туралы түсінік беру.

  1. Сабақтың дамытушылық мақсаты: Пәнге деген қызығушылығын, қиялдау арқылы ой-өрісін дамыту.

  2. Сабақтың тәрбиелелегі:Оқушыларды шеберлікке, еңбексүйгіштікке, этномәдени дүниетанымын қалыптастыра отырып,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

  3. Сабақтың түрі: аралас сабақ

  4. Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап;

  5. Көрнекілігі: суреттер, дайын бұйымдар, түрлі-түсті түтілген жүндер, сабын, су, ине,жіп,қайшы,тор мата.

  6. Пәнаралық байланыс: тарих, бейнелеу өнері,математика.

  7. Сабақтың барасы:

  8. І.Ұйымдастыру кезеңі

  9. ІІ.Өткен тақырыпты қайталау

  10. Өткен сабақта жүнен қандай бұйыды жасауды үйрендіңдер?

  11. Моншақты дайындамас бұрын жүнді не істеу керек?

  12. Жұмыс барысында қандай қауіпсіздік ережесін есте сақтау керек?

  13. ІІІ. Жаңа сабақ.

  14. Мұғалім: Халқымыз мал шаруашылығын кәсіп еткендіктен,осы төрт түлік мал жүнін пайдалануда қой жүні ерекше орын алған.Қазіргі кезде осы өнерді заман талабына сай сәндік бұйымдарды жасау арқылы үй тұрмысында пайдаланамыз.

15.Бүгінгі сабақтың тақырыбы: « Сәндік гүлдерді жүнен дайындау» Гүліміз сәнді болып шығу үшін боялған жүннің түстерін таңдап аламыз.Тор матаны жайып, үстіне жүнді тегістеп, айқастырып саламыз. Гүлді әсемдеу үшін басқа түспен жүқалай тармақтар тастаймыз.Бетіне тор матаны жауып аударамыз. Аударған беттің тор матасын ашып, ортасына жасыл жүннен гүлдің түбіндегі тостағаншасын келтіреміз.Енді тор матаны жауып, ыстық суды себелеп сабынмен үйкелеп, алақанмен сипалаймыз. Жүннің басы біріктіргеннен кейін тор матасын ашып, таза сумен шайып,алақанмен умаждап гүл құрлысын ретке келтіріп, құрғатамыз.Дайын болған гүл құрлысын қайшымен қиып формасын шығарап, моншақ араластыра отырып,сәндейміз.Алдын ала дайындалған рамкалы фонға орналастырамыз. ІV.Гүлді дайындау үшін қандай қауіпсіздік ережесін сақтауымыз керек? 1.Қайшыны сабымен ұсыну керек; 2.Инені ауызға салмау; Қайшымен жұмыс істеп жатқан оқушыға кедергі жасамау; V.Жаңа сабақты пысықтау.

  1. Гүлдің формасын қалай шығарамыз?

  2. Жүннен тағы да қандай бұйымдарды жасауға болады?

  3. Түс үйлесімін қалай келтіреміз?

  4. Моншақ қалай жасалады? VI.Сабақты қорытындылау.

Оқшылардың жасаған жұмыстарын ортаға шығарып,жұмыстарын бағалау. Үйге тапсырма: Үйден түрлі-түсті жүн, қайшы, ине, жіп алып келу.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11 мамыр
449
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі