400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ "Сәндік текемет"

Материал туралы қысқаша түсінік
берілген материал мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілеріне балаларға ұлттық ою-өрнек түрлерін үйретуге көмекші материал ретінде қолданылады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация

Тақырыбы: «Сәндік текемет»

Мақсаты: Халық өнерінің сарыны бойынша өрнек салудың симметрия , қайталау, ырғақ, кезектестіру, ою пішіндерін үйрету. Оларды орналастыру арқылы заттың пішінін көрсету ұстанымын қалыптастыру. Сәндік құрастыру иекемділіктерін арттыру.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, текемет, қойдың жүні, синтепон, желім, бір қолданатын табақ, ермексаз, гуашь бояуы.

Әдіс – тәсілі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ – жауап.

Билингвизм: Текемет – кошма , Қой – овца, Жүн – шерсть , Ою – өрнек – орнамент

Іс – әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Баланың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы



























Іздену – ұйымдастырушы





















































































Рефлексивті түзетушілік

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз.

Балалардың назарын интерактивті тақтаға аудару.

-Балалар, тақтадан ненің бейнесін тамашалап тұрсыңдар?

-Дұрыс айтасыңдар. Бұл жайлау бейнесі. Жайлауды кімдерді, нелерді көріп тұрсыңдар? Олар не істеп жатыр? Балалардың жауаптарын тыңдау.

- Дұрыс айтасыңдар. Жайлауда киіз үй тігіліп тұр.. Балалар жүгіріп ойнап жүр. Әжелеріміз тамақ жасап жатыр, аталарымыз текеметтің устінде ән айтып отыр.

- Бүгінгі оқу қызметіміздің тақырыбы осы текемет туралы болады. Тақырып бойынша білімімізді толықтыру үшін үлкен экран арқылы «Білім» еліне саяхатқа шығамыз. Онда бізді түрлі аялдамалар күтіп тұр. Дайынбыз ба?

1. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы

Экраннан текеметтің суреті көрсетіледі, мағлұмат беріледі.

Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.

Ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап, аурудың алдын алу рөлін де атқарады. Текемет күзем жүннен жасалады. Оның көлемі әр түрлі. Алдымен қойды қырқады, тазартады, сабап, шыбықтайды, жуады, бояйды, кептіреді. Текеметтің бейнесін құрудың өзіндік ерекшеліктері бар.

«Текемет» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

2. «Айналаны тану әлемі» аялдамасы

Көрме жасау. Төрт – түлік мал туралы әңгіме жүргізіп, олардың пайдасы туралы әңгімелеу. Жүндерінен текемет жасайтынын атап өту.

Сергіту жаттығуы.

Киіз үйдің төрінде

Текемет тұр жайылып.

Қос аққудың бейнесі

Жарасып тұр сән құрып.

3. «Математика» аялдамасы.

Текеметтің пішіндерін көрсетіп, атау. Текеметтердің артына логикалық сұрақтар жасыру.

Билингвалды компонент

Текемет – кошма

Қой – овца

Жүн – шерсть

Ою – өрнек – орнамент

4. «Шығармашылық» аялдамасы.

Әженің аулына келіп қалғандарын айтып, әжемізбен сәлемдесу. Әженің тапсырмасын орындау. Балаларды екі топқа бөліп екі түрлі тапсырма беру.

1 – тапсырма: Текеметті синтепоннан бастыру.

2 – тапсырма – текеметті бір пайдаланатын табақтың ішіне ермексаздан ою – өрнектер жапсыру арқылы жасау.

Әжеміз балалардың жұмыстарын ұнатып, оларға кәмпит салынған қоржын береді.

Балалардың жұмыстары мадақталып, экран арқылы тобымызға оралу.

Сұрақ – жауап:

  • Балалар, сендерге саяхат ұнады ма?

  • Қандай аялдамалар кестесті?

  • Ол аялдамаларда қандай тапсырмалар орындадық?

  • Әжеміздің тапсырмасы ұнады ма?

  • Жарайсыңдар, балалар! Маған да сендердің оқу қызметке белсене қатысып, жұмыстарды жасағандарың ұнады. Рақмет! Қонақтарымызбен қоштасайық.




Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын тәрбиешімен бірге айтады.











Сұрақтарға жауап беріп, сурет бойынша әңгіме құрайды.









«Білім еліне» саяхатқа баруға қуана келіседі.











«Әдебиет әлемінде» аялдамасында текемет туралы мағлұмат алып, «текемет» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.



















Сергіту сәтін өлең мазмұнына қарай іс – қимыл жасап айтады.









«Математика» аялдамасында логикалық тапсырмалар орындайды.









«Шығармашылық» аялдамасында әженің берген тапсырмаларын орындайды.











Балалар қуанып, жақсы көңіл – күймен топқа оралады.

Сұрақтарға жауап береді.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30.03.2019
3029
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі