400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Санды және әріпті өрнектер.Санды өрнектер 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән : Математика Мектеп : №187 Мұстафа Шоқай атындағы орта мектебі


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі :2 А. 20 –ға дейінгі сандарды қосу және азайту


Күні : Мұғалімнің аты-жөні : Бабаева Бану


Сынып: 1 «В» Қатысқандар саны :

Қатыспағандар саны :

Сабақ тақырыбы :

2.1 Санды және әріпті өрнектер.Санды өрнектер


Осы сабақтағы қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1 Санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастыру,жазу,оқу және ажырату.

1.5.2.4 Қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындайды:

  • Әріпті өрнектерді анықтайды;

  • Санды және әріпті өрнектерді ажыратады;

  • Арифметикалық амалдардың нәтижелерінде өрнектің мәнін табады.

Көптеген оқушылар орындайды:

  • Өрнектерді оқуда қосу және азайту амалдарын компонент атауларымен оқиды;

  • Берілген өрнектерге кері амалдар орындайды.

Кейбір оқушылар орындайды:

  • Санды және әріпті өрнектерге мысалдар құрастырады.


Бағалау критерийлері

  • Санды және әріпті өрнектерді құрастырады.

  • Өрнектерді оқуда компонент атауларын қолданады:


Тілдік мақсаттар

Тірек сөздер : санды өрнек, санды өрнектің мәні

Үш тілділік:

Санды өрнек-числовое выряжение-numeric expression

Санды өрнектің мәні –значение числового выряжения-the meaning of numeric expression


Сабақта диалог үшін пайдаланылатын сұрақтар:

-Санды өрнек дегеніміз не?

-Санды өрнектің мәні дегеніміз не?

-Санды өрнекті қалай оқимыз?

-Әріпті өрнек қалай жасалады?

-Әріпті өрнек пен санды өрнекті ажырату қиын ба?

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын,қызығушылығын,бір-бірінің пікірін тыңдауға,өз ойларын ашық,еркін жеткізе алуға,жауапкершілікке баулу.


Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта , планшет , АКТ.



Бастапқы білім


Санды өрнек пен әріпті өрнекті ажырата алады.





Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

(35 минут)

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин


Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Бүгінгі күнге сәттілік тілей отырып, оқушыларды шаттық шеңберіне шақырамын.


«Шаттық шеңбері» әдісі.

Оқушылардың бір-біріне тілек айту арқылы жақындастыру,көңіл күйлерін көтеру,бауырмалдығын ояту мақсатында жүргізіледі.

  • Жарайсыңдар , балалар! Ал енді сабақ бастамас бұрын барлығымыз интербелсенді тақтаға назар аударайық.


«Миға шабуыл» әдісі.

Оқушылардың қандай да болмасын ақпарат (мәлімет,проблема,сұрақ)туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу мақсатында жүргізіледі.


Интербелсенді тақтадан видео көрсетіледі.

-Балалар , бұл ақпараттан біз нені көрдік?

-Циркті.

-Дұрыс айтасыңдар,ал сендерге циркке барған ұнайды ма?

-Иә.

-Ендеше бүгінгі сабақта біз циркке барамыз және ол жай цирк емес, «математикалық цирк» екенін ескертемін.





Ш аттық шеңбері.


Picture 1


























https://www.youtube.com/watch

v=KDD14Lkt8Qs


Сабақтың ортасы

25 мин

Ұжымдық жұмыс : «Артығын тап» ойыны арқылы жүргізіледі.

-Балалар, сендер ойын ойнағыларың келе ме?

-Иә,әрине .

-Ендеше ,қолдарыңдағы планшетті іске қосып , «Артығын тап » ойынын ойнайық.

-Бұл жерде , сіздерге сурет берілген. Ойын шарты бойынша сіздер суреттегі артық өрнекті табуларыңыз керек.

Интербелсенді тақтадан және планшеттен көрсетілген суреттен өрнектердің артығын табу арқылы тақырып ашылады.

-Дұрыс айтасыңдар, балалар. 7-а , а+4 ,4-а , 8-а өрнектері артық,себебі олардың құрамында әріп бар.Ал қалған өрнектер сандар мен амал таңбаларынан құралған. Оларды санды өрнек деп атаймыз. Ендеше бүгінгі са бағымыздың тақырыбы «Санды өрнек» деп аталады.Бұл сабақта біз санды өрнекті құраймыз, жазамыз, оқып үйренеміз.

Кері байланыс

-Санды өрнек дегеніміз не?

-Тек сандардан және амал таңбаларынан құралған өрнек қалай аталады?

-Әріпті өрнекті қалай ажыратамыз?

-Жарайсыңдар , балалар !олай болса оқулықтағы 102 бетті ашайық,математикалық ережелерге назар салайық .


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру мақсатында, оқушылардың есте сақтау мақсатында санды өрнек,санды өрнек мәні емлесі оқулықтан хормен оқуға ұсынылады.

Үш тілділік:

Санды өрнек-числовое выряжение-numeric expression

Санды өрнектің мәні –значение числового выряжения-the meaning of numeric expression

Оқушылардың үш тілді сөздік қорын молайту мақсатында , өмірде қолдана білу мақсатында жүргізіледі.


Бағалау ауызша бағаланады

Топқа бөлу

Оқушыларды топқа бөлу мақсатында

«Сиқырла» ойыны ұйымдастырылады.

Тапсырма : Бір таңбалы сандардан екі таңбалы сан шығару,ондық пен бірлікті ажырату.

Оқушыларға бір таңбалы сандар жазылған сары,қызыл,көк түсті дөңгелектер ұсынылады. Оқушылар таңдап алынған саннан екі таңбалы сан құрастырып, оның ондығы мен бірлігін атайды.

-Жарайсыңдар, балалар. Өте жақсы!Ал енді қолымыздағы түрлі-түсті дөңгелектер бойынша топқа бөлінеміз .

І топ-

І І топ-

І ІІ топ-


Топтық жұмыс « Цирктегі қойылым»

Тапсырма сандар мен арифметикалық амалдармен байланысып тұрған жазу- санды өрнектер болады деген түсінінікті бекітуге бағытталған.Тапсырманы орындау барысында оқушылар суреттегі санды өрнектерді тауып оқып,түсіндіреді. Оқушыларға кері мысалдар құрастыру ұсынылады.Оқушылар қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екеніне және қосудың ауыстырымдылық қасиетіне сүйеніп , жаңадан санды өрнектер құрастырады,салыстырады және оларды оқиды






І топқа арналған тапсырма :

«Тауып көр» ойыны арқылы ұйымдастырылады.

Тапсырма : Суреттегі санды өрнекті тап,кері амалдарды қолдана отырып,өрнектер құрастыр.


Рисунок 1

5+10=15 5+3=8 19-8=11 60-20=40

15-5=10 8-5=3 11+8=19 60-40=20

15-5=10 8-3=5 8+11=19 20+40=60


ІІ топқа арналған тапсырма:

«Балық аулау» ойыны арқылы ұйымдастырылады.

Тапсырма : Қосудың ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, санды өрнектер құрастыр.

ІІІ топқа арналған тапсырма

«Кім жылдам?» ойыны арқылы ұйымдастырылады.

Тапсырма : Санды өрнектер құрастыр және оларды салыстыр.

Кері байланыс .

-Санды өрнек дегеніміз не? Мысал келтір .

-Санды өрнекті қалай ажыратамыз ?

- Қосу амалына кері амалмен өрнек құрастыруға бола ма ? Мысал келтір

-Қосудың ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не ?

-Тек арифметикалық амалдар тізбегі болса , ол санды өрнек бола ала ма ?

-Санды өрнек құру үшін бізге не керек ?

Санды өрнектің мәнін және арифметикалық амалдар таңбаларын пайдаланып санды өрнек құруға болады ма ? Неліктен ?


Бағалау «Сэндвич» әдісі арқылы бағалау жүргізіледі.



Жұптық жұмыс.

-Балалар, Жонглер деген кім ? Білеміз бе?

-Жонглер ол ауаға бірнеше затты лақтырып, оларды шебер қағып алып өнер көрсететін цирктегі әртіс.

-Сендер жонглер болғыларың келе ме?

Олай болса Жонглер тапсырмасын орындайық.

«Жонглёр» тапсырмасы

Шамаларды санды өрнектердің мәндеріне сәйкес бояулармен бояйды..Өз білімін қосу кестесі бойынша тексереді




Дескриптор :

  • Түстерге сәйкес тапсырманы орындайды

  • Санды өрнектің мәнін табады

  • Дұрыс түсті шарды бояйды, сәйкестендіреді

  • + мен – амалдарының компоненттері атауларын өрнекті оқу мен жазуда пайдаланады.

Бағалау .


«Басбармақ» бағалау әдісі арқылы жүргізіледі.

Жұптардың бір-бірін бағалау мақсатында қолданылады.


Жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Бағалау критерийі


    • Қосу және азайту амалдарына санды өрнектер құрастырады

  • Өрнектерді оқуда компонент атауларын қолданады:


Ойлау дағдыларының

деңгейі


Қолдану.



І тапсырма

Суреттер бойынша өрнек құрастырып жаз. Өрнектерді оқы.


ІІ тапсырма

Берілген өрнектердің компоненттерін анықта. Компонент атауларының тұсына тиісті

санды жаз.




Дескриптор

-сурет бойынша қосынды құрастырады және оқиды,

-сурет бойынша айырма құрастырады және оқиды.

- қосындының компоненттерін ажыратады және жазады;

- айырманың компоненттерін ажыратады және жазады;

Кері байланыс

  • Қосынды дегеніміз не?

  • Айырма дегеніміз не?

  • Қосындының компоненттерін ата

  • Айырманың компоненттерін ата



Сабақты қорытындылауға арналған сұрақтар :

-Санды өрнекті құрастыруда нені қажет етеміз ?

- Айналамыздағы заттарға қарап өрнек құрастыруға бола ма ? Мысал келтір.

- Санды өрнек пен әріпті өрнектің жасалу жолында қандай айырмашылықтар бар ?



И нтербелсенді тақта

Планшет























































О тшашу

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Оқушылардың оқу материалын қандай деңгейде меңгергенін анықтау мақсатында қойылатын сұрақтар :

-санды өрнек деген не?

-санды өрнектерді жазуда қандай арифметикалық амалдар қолданады?

- 7 саны мен 2 сандарын және + таңбасын пайдаланып өрнек құрастыр,

-20+50:80-40 санды өрнекті оқы, мәнін тап.

«Жетістік баспалдағы» әдісі

Оқушылар жоғарыдағы сұрақтарға жауап бере отырып, «Жетістік баспалдағы » арқылы өз-өздерін бағалайды


Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



  1. Қабілеті жоғары оқушылар үшін тапсырма:

Сурет бойынша өр нектер құрастыр.

  1. Қабілеті төмен оқушылар үшін тапсырма:

Санды өрнектің мәнін тап.



  • «Мадақтау, мақтау» - сабақтың өн бойына жақсы көңіл –күй сыйлау .

  • «Сэндвич» әдісі- оқушылардың топтағы жасаған жұмысына екі жақсы жағын айту және бір ұсыныс беру арқылы бағалау.

  • «Басбармақ» әдісі- өзара бағалау мақсатында


Оқушылар циркке , немесе басқа да мәдени орындарға барғанда қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту.

Цирктегі жыртқыш жануарлардың жанына рұқсатсыз бармау, түрлі отшашулардан адам өміріне қауіп төнетінін айту.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
13 ақпан
1997
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі