400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ Санды өрнек 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып оқушыларына Санды өрнек тақырыбында мұғалімге көмекші дайын нұсқасы ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Математика

Ұзақ мерзімі жоспар бөлімі:

Ортақ тақырып:

Мектеп: Карманов ЖОББМ-Б

20-ға дейінгі сандарды қосу және азайту

«Саяхат», «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

тақырыптары аясында

Күні: 13.04.18 ж

Сынып: 1


Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны: Жексенова А.М

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Санды өрнек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:(оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1** санды өрнектерді (қосынды, айырма ) құрастыру, жазу, оқу және ажырату

1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру,білу және қолдану.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады.

Көптеген оқушылар: Санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады. Қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнекті оқу мен жазуда қолданады.

Кейбір оқушылар: Санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады. Қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнекті оқу мен жазуда қолданады. Санды өрнектерге мысал келтіреді және мәнін табады.

Бағалау критерийлері:

Білім алушы:

  • Қосу және азайту амалдарына санды өрнектер құрастырады.

  • Қосу және азайту амалдарының компоненттерін анықтайды.

Тілдік мақсаттар:


Оқушылар:

сандық сәуледе санның қалыбын , дөңгелек ондықтардың түзілуін түсіндіреді; сандық заңдылықтың қарай түзілгенін және қандай санның келесі болатынын; 0 санының қасиеттерін түсіндіре алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

заңдылық, тәртіп, реттілік, келесі, алдыңғы заңдылық құру кеңейту, жалғастыру (заңдылық)

• Кейін не жүреді? Заңдылық қайталана ма?

• қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, теңсіздік

• сандық өрнектер

• бір таңбалы, екі таңбалы сандар

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Талқылау:

  • Сендер келесі сандарды атай аласыңдар ма?

  • Заңдылық жалғаса ма?

  • Сендер сандар қатарынан заңдылықты таба аласыңдар ма?

Неліктен ... айта аласыңдар ма:

  • ...бұл сан келесі болатынын?

  • ... бұл сан осы реттілікте келесі бола алмайтынын?

Айтылым:

Өрнек- выражение- expression

Санды өрнек- численное выражение - numerical expression


Құндылықтарды дарыту:




Топқа бөлінуде құрмет пен ашықтық құндылығы арқылы әдептілік пен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды қолданады.

«Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісінде шығармашылықпен жұмыстанады. Өмір бойы білім алу құндылығы қалыптасады.

Пәнаралық байланыстар:

Музыка - «Стоп кадр» әдісі

бейнелеу өнері - «Галереяға саяхат» әдісі

АКТ қолдану дағдысы: (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Интертақта: «Стоп кадр» әдісі

(https://www.youtube.com/watch?v=RuAgdgXVvUA)

«Санамақ» әні

Бастапқы білім:

10 шегінде тура және кері тәртіпте есептеу; бірінші ондық сандарының құрамын білу. Қосу мен алу компоненттерін, «үлкен», «аз», «тең» құрамдас бөліктерін білу.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут




(Ұ) Ширату. «Галереяға саяхат» әдісі

Балалар, бүгін біз сынып қабырғасына геометриялық пішіндерден галерея жасақтаймыз. Ол үшін сынып қабырғаларына ілінген түрлі геометриялық фигуралар таңдап аламыз. Таңдалған фигуралардан жануарларды құрастырауымыз керек.

Фигуралардың артына жазылған өрнектердің мәнін табу арқылы 9,7, 8 сандарын құрастырады сол бойынша,

1-топ: мысық, 2-топ: бақа, 3-топ:балапан бейнесін құрастырады және оны галереяға іледі, топтарға бөлінеді.


гРисунок 1 еометриялық фигуралар

А3 формат, желім


Сабақтың ортасы

8 минут
















































8 минут



































7 минут






















7 минут










































«Стоп кадр» әдісі

(Ұ.) «Бір алма екі алма» әні тыңдалады.

1 алма, 2 алма,3 алма төрт

5 алма, 6 алма, 7 алма көп деген жерден тоқтатып көп алманы санату.

  • Көп алманың саны қанша?

  • Оны қалай білдіңіздер?

Ендеше балалар 4 санның (1,2,3,4) ішінен үлкенін және ең кішісін пайдаланып екі өрнек құрастырыңдар?

4-1 3+1

Жазған өрнектеріңізді тақтаға ілейік.

Бұдан не байқадыңыздар?

(заңдылық, тәртіп, реттілік, келесі, алдыңғы заңдылық құру кеңейту, жалғастыру (заңдылық))

  • Кейін не жүреді?

  • Заңдылық қайталана ма?

  • қосылғыш, қосынды, азайғыш, азайтқыш, теңсіздіктерді ажырат.

  • сандық өрнектер

  • бір таңбалы, екі таңбалы сандар

  • Сендер келесі сандарды атай аласыңдар ма?

  • Заңдылық жалғаса ма?

  • Сендер сандар қатарынан заңдылықты таба аласыңдар ма?

Неліктен ... айта аласыңдар ма:

  • ...бұл сан келесі болатынын?

... бұл сан осы реттілікте келесі бола алмайтынын?

Дескриптор:

  • Стоп кадрдағы алмаларды санайды.

  • Өрнектер құрастырады.

  • Сұрақтарға жауап береді.

ҚБ: «Бас бармақ » әдісі

«Тамаша, жақсы, талпын» деген сөздер арқылы топаралық графикалық бағалау жүргізіледі.

Балалар, бүгінгі сабағымызда санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастыруды, жазуды, оқуды және ажыратуды және қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнекті оқу мен жазуда қолданамыз. Санды өрнектерге мысал келтіріп және мәнін табуды үйренеміз.

(Т) Оқулықпен жұмыс: «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жұмыс жүргізіледі.

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Оқулықтағы тапсырмалар әрбір топқа берілгеннен кейін алдымен әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, Содан соң топпен бір шешім шығарып, басқа топтармен бөліседі.

1-топ: Санды өрнек және цирктегі қойылым.

Дескриптор:

  • Санды өрнектің не екенін түсіндіреді.

  • Суреттегі санды өрнектерді тауып оқиды.

Кері байланыс: 2- топтың бағалауы

« Екі жұлдыз, бір ұсыныс»



2-топ: Санды өрнектің мәні және Шығарып көр

Дескриптор:

  • Санды өрнектің мәнін түсіндіреді

  • Санды өрнектерді оқып, мәнін табады.

Кері байланыс: 3- топтың бағалауы



3-топ: Санды өрнектердің компоненттері және орындап көр тапсырмаларын орындайды.

Дескриптор:

  • Санды өрнектердің компоненттерін атайды, оқылуын түсіндіреді.

  • Тізбекпен жүріп, өрнектердің мәнін табады.

К ері байланыс: 1 -топтың бағалауы



Дәптермен жұмыс

(Ө):99-100 жұмыс парағындағы тапсырмаларды орындау.

Өрнек – выражение - expression

Санды өрнек - численное выражение - numerical expression


Дескриптор:

  • Шарларды санды өрнектердің мәндеріне сәйкес бояулармен бояйды.

  • Өз білімін қосу кестесі бойынша тексереді.

  • Сиқырлы санды өрнектер құрастырады, олардың мәнін табады.

ҚБ: Топтар бірін-бірі «Түрлі түсті стикерлер» арқылы бағалау.

«Ойлан!», «Бәрекелді,дегенмен ойлан!» «Өте жақсы!»

(Ө). Сараланған тапсырма:

  1. Санды өрнек құр. Өрнек пен санды өрнекті ажырат.

Дескриптор:

Білім алушы:

  • Санды өрнек құрастырып жазады.

  • Өрнек пен санды өрнекті ажыратады.

2. Қосу мен азайтудың компоненттерін сәйкестендір.

2+4

8 +9



қосылғыш

12+5


6-3

Азайтқыш

қосылғыш

3+8 азайғыш

азайтқыш

18-9 қосылғыш

Дескриптор: Білім алушы:

  • -Қосу мен азайтудың компоненттерін сәйкестендіреді.

3.Санды өрнектерге мысал келтір және оның мәнін тап.

Дескриптор:

Білім алушы:

  • Санды өрнектерге мысал келтіреді.

  • Мәнін табады.

(Әр топтан өз еркімен бір оқушыдан сұраймын. Тапсырма жиналып алынады. Қорытынды келесі сабақта кері байланыс ретінде жұргізіледі)

ҚБ: Мұғалімнің бағалауы. (Жарайсыңдар, Тапсырма сәтті орындалды деп сенемін. Өйткені, бұл тапсырманы орындау қолдарыңнан келеді).

https://www.youtube.com/watch?v=RuAgdgXVvUA






Қағаз, қалам












































Флипчарт, маркер,






Жұлдыздар, стикерлер




Сабақтың соңы

(3минут)

































2 минут

(Т) «Жүгірмелі бақылау» әдісі

  • Бағалау критерийі: қосу және азайту амалдарына санды өрнектер құрастырады;

  • қосу және азайту амалдарының компоненттерін анықтайды.

Үш топқа үш нұсқада тапсырмалар беріледі.

Қабырғаға ілінген өрнектерді оқып, мәнін табу.

Топтағы оқушылар кезектесіп, орындайды. Бірінші оқушы жүгіріп өрнекті оқиды, оны қағазға жазып шығарып мәнін табады. Бірінші оқушы тапсырманы жазып жатқанда келесі оқушы жүгіріп өрнекті оқиды, келіп қағазға жалғастырып жазып мәнін табады. Ойын топтағы оқушылар барлығы орындағанша жалғасын табады.

Дескриптор:

  1. Өрнектерді оқиды, еске сақтайды.

  2. ­Өрнектің мәнін табады.

  3. Тапсырманы тез орындайды.


ҚБ: «Ыстық картоп» әдісі арқылы топтар бірін-бірі және өз-өзін бағалайды.

(Тапсырма орындалып болғаннан кейін, постерлер топтарға кезекпен беріледі. 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 1-топқа келесі айналымда 1 топ 3-топтың, 3-топ 2-топтың, 2-топ 1-топтың тапсырмаларын өздеріне берілген түстер арқылы тексеріп, толықтыратын жерлерін толықтырып, ұсыныстарын жазады. Әр топ өз постерлері қайтып келген соң, жаңа мәліметтермен танысып, топтардың берген ұсыныстарына өз көзқарастарын білдіреді).



Ұ. Рефлексия: «Жетістік жолы» арқылы жүзеге асады.

Сынып еденіне қызыл- «Түсінбедім», сары-«Білемін», жасыл- «Түсінемін және орындай аламын», көк - «Үйрендім және басқаларға көмектесе аламын» сөздері жапсырылады,








Қабырғаларда жазылған өрнектер.



1-топ: көк түс

2-топ: жасыл түс,

3-топ: қызыл түспен орындайды.















Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Сараланған тапсырма:

1, Санды өрнек құр. Өрнек пен санды өрнекті ажырат.

Дескриптор:

Білім алушы:

  • Санды өрнек құрастырып жазады.

  • Өрнек пен санды өрнекті ажыратады.

2. Қосу мен азайтудың көмпоненттерін сәйкестендір.

2 +4

8+9



қосылғыш

12+5


6-3

Азайтқыш

қосылғыш

3+8 азайғыш

азайтқыш

18-9 қосылғыш

Саралау

Саралау тапсырмасында оқушыларға жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай орындайды.

- Барлық оқушылар: Санды өрнек құрастырып жазады.Өрнек пен санды өрнекті ажыратады.

-Көптеген оқушылар: Қосу мен азайтудың компоненттерін сәйкестендіреді.

-Кейбір оқушылар: Санды өрнектерге мысал келтіреді.Мәнін табады.

Тапсырмада саралаудың мынадай тәсілдері негізге алынды:

-Қарқын: Барлық оқушылар санды өрнек құрастырып, өрнек пен санды өрнекті тез ажыратуға тырысады.

Диалог пен қолдау көрсету.

Тапсырманы орындау кезеңінде кейбір қолдау күтетін оқушылармен диалог жүргіземін.

-Өрнек пен санды өрнектің айырмашылығы қандай?

-Қосудың, азайтудың қандай компоненттері бар?

- Қандай мысал келтірер едің?

Қорытынды: Барлық және көптеген оқушыларөрнек және санды өрнекті ажыратып, олардың мәнін табады. Қосу мен азайтудың компоненттерін сәйкестендіреді. Кейбір оқушылар Санды өрнектерге мысал келтіріп, олардың мәндерін табады.

Жұмыстан соң, «Жарайсыңдар», «Тапсырма сәтті орындалды деп сенемін. Өйткені, бұл тапсырманы орындау қолдарыңнан келеді-деп қолдау білдіремін.



Стоп кадр әдісінде ҚБ: «Бас бармақ » әдісі

«Тамаша, жақсы, талпын» деген сөздер арқылы,

Дәптермен жұмыс:

Топаралық графикалық бағалау,

ҚБ: Топтар бірін-бірі «Түрлі түсті стикерлер» арқылы бағалау.

«Өте жақсы!» «Ойлан!»,

«Бәрекелді, дегенмен ойлан!»

(Ө). Сараланған тапсырма:

ҚБ: Мұғалімнің бағалауы. (Жарайсыңдар, Тапсырма сәтті орындалды деп сенемін. Өйткені, бұл тапсырманы орындау қолдарыңнан келеді).

Топаралық бағалау.

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»




(Т) «Жүгірмелі бақылау» әдісі

ҚБ: «Ыстық картоп» әдісі арқылы топтар бірін-бірі және өз-өзін бағалайды.

(Тапсырма орындалып болғаннан кейін, постерлер топтарға кезекпен беріледі. 1-топ 2-топқа, 2-топ 3-топқа, 3-топ 1-топқа келесі айналымда 1 топ 3-топтың, 3-топ 2-топтың, 2-топ 1-топтың тапсырмаларын өздеріне берілген түстер арқылы тексеріп, толықтыратын жерлерін толықтырып, ұсыныстарын жазады. Әр топ өз постерлері қайтып келген соң, жаңа мәліметтермен танысып, топтардың берген ұсыныстарына өз көзқарастарын білдіреді).


Рефлексия: «Жетістік жолы» арқылы жүзеге асады.

Сынып еденіне қызыл- «Түсінбедім», сары-«Білемін», жасыл- «Түсінемін және орындай аламын», көк- «Үйрендім және басқаларға көмектесе аламын» сөздері жапсырылады,






Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.














Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы даойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?







































Тапсырма: Әр сабақ нәтижелі болу үшін сабақтың өн бойында оқушыларға мотивация жасалып отыру керек. Мотивация - оқушының сабақтағы белсенділіктерін арттырып, оқуға деген ынтасын шыңдауға жетелейді. «Галереяға саяхат» әдісі, «Стоп кадр» әдістері арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттырып отырамын.

Бағалау: Әр тапсырма орындалғаннан кейін сындарлы қалыптастырушы бағалау

«Бас бармақ» әдісі, «Тамаша, жақсы, талпын» деген сөздер арқылы, Топаралық графикалық бағалау жүргізіледі.

ҚБ: Топтардың бірін-бірі «Стикерлер арқылы» бағалауы, ҚБ: Мұғалімнің (Жарайсыңдар, Тапсырма сәтті орындалды деп сенемін. Өйткені, бұл тапсырманы орындау қолдарыңнан келеді- деген сөздері арқылы бағалауы жүргізіледі.

Қорытынды:

«Жетістік жолы» арқылы жүзеге асады.

Сынып еденіне қызыл- «Түсінбедім», сары-«Білемін», жасыл- «Түсінемін және орындай аламын», көк- «Үйрендім және басқаларға көмектесе аламын» сөздері жапсырылады,

жүргізіледі.

Қарқын: Саралау тапсырмалары барлық оқушыға, «жеңілден күрделіге қарай» беріледі.

Оқушы өз мүмкіндіктеріне қарай орындайды. Бір-біріне қолдау көрсетеді.

Жіктеу: Тапсырмалардың қорытындысы сараланған тапсырмалар бойынша есепке алынады. Әр оқушыға кері байланыс жазылады.










Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 қаңтар
572
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі