жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ Санды өрнекті салыстыру 1 сынып
Пән:Математика Орта мерзімді жоспар бөлімі: Алгебра элементтері Күні: Сынып: 1 сынып |
Мектеп:187 М.Шоқай атындағы IT мектеп-лицей Мұғалімнің аты-жөні: Әбілтай Әсем Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||||
Сабақ тақырыбы |
Санды өрнектерді салыстыру |
||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.2.1.5 Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру.
|
||||
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: Жақшасыз санды өрнектерді салыстырады. Көптеген оқушылар: Санды өрнектерді құрастыра алады. Кейбір оқушылар: Әріпті және санды өрнектерді салыстырады,айырмашылығын түсіндіреді. |
||||
Бағалау критерийлері |
|
||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Санды өрнектерді салыстырып, олардың теңдік немесе теңсіздік екенін түсіндіре алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Санды өрнек,өрнектің мәні,артық, кем, теңсіздік,теңдік Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Талқылауға арналған сұрақтар: -Өрнек неше түрге жіктеледі? -Санды өрнектер дегеніміз? -Қандай санды өрнектердің мәні бірдей?
Жазуға берілетін тапсырмалар: -Санды өрнектерді салыстырады, жазады
|
||||
Құндылықтарды дарыту |
-Орындап көр әдісінде шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау. -Топтық жұмыс барысында қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік құндылықтары қалыптасады.
|
||||
Пәнаралық байланыстар |
Жаратылыстану «Жануарлар тарауы» (логикалық тапсырма) Математика – топқа бөлуде |
||||
Бастапқы білім |
Оқушылар «Теңдік және теңсіздік» тақырыбында алған білімдері бар. |
||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта |
||||
Сабақтың барысы |
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
Психологиялық ахуал -Балалар бүгінгі сабағымызды жылы лебізбен бастайық. «Жүректен жүрекке» ойыны Шарты: Оқушылар қобдишадан өрнектерді алу арқылы бір-біріне жылы лебіздерімен айтып береді. Болғаннан кейін оқушылар сол өрнектегі сандар арқылы 1,2,3 болып топтастырылады..
1-топ. 2-топ. 3-топ.
Ширату жаттығу Оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнегін көрсету арқылы өз білгендерін сұрайды. -Сонымен Бұл не? Ою-Өрнек Бұлардың ерекшелігі неде? -Сандарында -Демек бұны қалай айтамыз? -Санды өрнектер Мұғалім топтардағы өрнектердің санын салыстыртады. Оқу мақсаты. Санды өрнекті салыстыруды үйренеміз |
Интрбелсенді тақта |
|||
Сабақтың ортасы
Сергіту сәті
|
(Ұ)«Кім тапқыр?» ойыны Балалар сонымен өрнектер нешеге бөлінеді? Қандай ? Санды өрнек дегеніміз не? Ал әріпті өрнек дегеніміз? Берілген өрнектерден санды өрнекті ажырат,салыстыр,тиісті таңбаларын қой. 5+а с+3 а+6 7+с 5+6 8+8
ҚБ «Қошқар мүйіз өрнегі арқылы » бағалау
(Ж)«Желпуіш әдісі» А-4 түрлі түсті параққа желпуіш жасалынып, әрбір бөлігіне кезекпен салыстыруға арналған есептер жазылады. 11+3-10 19-1 4+5 2+1 12-4 9+3 5+3-4 4+0
4 12-9 7-4 ҚБ «Жұлдызша арқылы»бағалау 6-5- үлкен жұлдызша 4-3- орташа жұлдызша 2-1 кіші жұлдызша
«Шығарып көр» (Т) Санды өрнек мәндерін салыстыр.Қандай санды өрнектердің мәні бірдей.Оларды ата
ҚБ «Геометриялық фигуралар » арқылы бағалау
Бір дегенде бәріміз Орнымыздан тұрамыз Көкке созып қолды біз Шапалақты ұрамыз Ал енді екі дегенде Қолды созып алға біз Отырамыз,тұрамыз Үшке кезек келгенде Басымызды мойынмен Оңға солға бұрамыз Санақ төртке келгенде Шеңберді сыз үйіріле Бес саусақтай жұмылып Беске кезек келгенде Орнымызға бәріміз Тізіле отыра қаламыз.
(Т)«Орындап көр» әдісі Шифрларға қара .Бірдей шифрлардағы фигуралар бірдей санды білдіреді.Фигураларды сандармен ауыстыр. Санды өрнектер құрастыр және оларды салыстыр.
Дескриптор: -фигуралар мен сандарды сәйкестендіреді -фигураларды сандармен ауыстырады. -санды өрнек құрастырады -санды өрнекті салыстырады. ҚБ «бағдаршаммен бағалау» 4-жасыл түспен 3-сары түспен 2-1- сары түспен
6 (Ө)Семантикалық карта
ҚБ «Жұппен бір – бірін бағалайды» Қалыптастырушы бағалаудың тапсырмасы (Ө)Логикалық тапсырма
1 8+7*6+11
Дескриптор: -Санды өрнек құрастырады. -санды өрнекті салыстырады
|
Үлестірме қағаздар
А-4 түрлі түсті парақ
Ламинатталған парақша
Интертақта
Ү |
|||
Сабақтың соңы
|
«Аяқталмаған ой» әдісі «Артық,кем,тең»таңбалары арқылы көрсету. « > » -Мен бүгін ___________білдім « < » -Бүгінгі сабақта менің үйренерім әлі көп, өйткені___________ « = » Бүгінгі менің өзіме деген бағам _____
|
Таңбалар белгіленген таратпа қағаздар |
|||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
|||
Сабақ мақсаты сараланып қойылады.Барлық оқушылар жақшасыз санды өрнектерді салыстырады. Қабілеті жоғары оқушылар санды өрнектерді құрастырады. Жұптық жұмыс жасағанда нәтиже бойынша саралау болады. Жеке жұмыс жасағанда диалог және қолдау көрсету арқылы саралау болады.
|
Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін әр тапсырма сайын бағалау техникалары пайдаланамын.Соңында әр тапсырмадан кейін кері байланыс жүреді және рефлексия болады.Сабақ бағалау критерилеріне сайкес жүргізіледі.Бағалау критерилеріне сәйкес тапсырма беріледі.Дискриптор құрастырылып,бағалау шкаласы қойылады. |
Топтық жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелер сақталады. |
|||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||
|
|||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||
-2+5
9-6
.
лестірме
қағаздар

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген