400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Санды теңсіздік 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Математика пәнінен санды теңсіздік тақырыбына арналған ашық сабақ 6-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән/Сынып:

6 сынып

Күні:

30.01.24

Бөлім:

6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер

Сабақтың тақырыбы:

Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.2.5 тура санды теңсіздіктердің қасиеттерін білу және қолдану;

Сабақтың мақсаттары:

Санды теңсіздіктердің қасиетін біледі және оларды салыстыра алады.

Қатаң және қатаң емес теңсіздіктерді ажырата біледі.

Мәтін есептерден санды теңсіздік құра алады

Құндылықтарды дарыту

«Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына:

Топпен, жұппен жұмыс орындау барысында құрмет, серіктестік және жеке жұмыс орындау кезінде жауапкершілік, үздіксіз оқу құндылықтарын дарыту.

Сабақтың барысы:


Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

7 минут


Ұйым

дастыру

Сәлеметсіздерме! Оқушылармен амандасу. «Кездейсоқ барабан» әдісімен үш топқа бөлу. «Теңдеу», «Теңсіздік», «Модуль» топтары. Өтілген тақырыптарға «TWISTER» әдісімен қайталау жасаймыз

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

-Оқушылар санды теңсіздіктердің қасиетін білуін, білімдерін нақтылау, жүйелеу, алған білімдерін тереңдету және тақырыпты меңгеру деңгейлерін анықтау.

Амандасады, топқа бөлініп отырады.

Әр топтан сұрақтарға жауап береді








Оқушыларды «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша»! сөздерімен мадақтап, қолпаштап отыру





Оқулық, жұмыс дәптері


Тақта

слайд

13 мин

Жаңа сабақты бекіту.

V тарау. БІР АЙНЫ МАЛЫСЫ БАР СЫЗЫ ҚТЫҚ

Теңсі здікт ер жә не олардың жү йелері

5.1. Санды теңсіздіктер

Есеп. Ұзындығы 7 см, ені 4 см тік төртбұрыштың ауданын қабырғасы

5 см квадраттың ауданымен салыстырыңдар. Салыстыру нәтижесін

теңсіздік түрінде жазыңдар.

Шешуі. 7 · 4 – тік төртбұрышының ауданы.

52– квадраттың ауданы.

7 · 4 > 52 – санды теңсіздік.

Екі санды өрнектің теңсіздік белгісімен («>» немесе «<») жазы-

луы санды теңсіздік деп аталады.

Теңсіздік белгісінің сол жағындағы жазуды теңсіздіктің сол жақ

бөлігі деп, ал оң жағындағы жазуды теңсіздіктің оң жақ бөлігі деп атайды.


Оқушылар сурет бойынша жаңа сабақ тақырыпты анықтайды


Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады



Оқушыларды «Жарайсың!», «Керемет!», «Тамаша»! сөздерімен мадақтап, қолпаштап отыру











5

минут


Топтық жұмыс

Оқушылар есептерді орындайды


Дескриптор

-Берілген теңсіздіктердің ішінен тура теңсіздікті табады(2 балл)

- Координаталық түзудегі нүктені координатасымен жазады. (1 балл)

-Нүктелердің координатасын салыстырып, нәтижесін санды теңсіздік күйінде жазады. (1 балл)

Оқулық, жұмыс дәптері


Тақта

слайд

5 минут










Жұптық жұмыс








852. Теңсіздік түрінде жазыңдар. Белгісіз шаманы х-пен белгілеңдер:

1. Ыдыстағы сұйықтың көлемі 3 л-ден артық емес;

2. Өзен суының ағыс жылдамдығы 4 км/сағ-тан кем;

3. Бүгін Тараз қаласындағы ауаның температурасы 5°С-тан төмен

емес.

4. Доғал бұрыштың градустық өлшемі 90°-тан артық, бірақ 180°-тан

кем.



Дескриптор:

-Мәтін есептердің мағынасын түсінеді(1балл)

-Мәтін есептерге санды теңсіздік құрады(1балл)

Барлығы:4 балл

Оқулық, жұмыс дәптері


Тақта

слайд

5 мин

Жеке жұмыс

853. Жұлдызшаның (*) орнына тиісінше > немесе < белгілерін жазып,

тура санды теңсіздік құрастырыңдар. Кестені толтырыңдар:

Қосымша жеке жұмыс №855 есеп

Тапсырманы орындайды

Дескриптор:

-Санды өрнектерді азайтуды орындайды ( 1балл)


-Санды өрнектерді салыстырады (1балл)

Парақша Оқулық, жұмыс дәптері


Тақта

слайд

5 минут








Бүгінгі сабақта:

  • -Санды теңсіздіктердің қасиеттің  біледі, координаталық түзуде  сан  аралықтарын  ажыратады, бір айнымалысы  бар сызықтық  теңсіздікті   шеше  алады.

Кері байланыс Үйге тапсырма

Тақырыпты меңгергенін анықтау

Кері байланыс



Оқулық, жұмыс дәптері


Тақта

слайд







Shape1



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.05.2024
247
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі