Ашық сабақ "Сандық есептер шығару" 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сандық есептер шығару" 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мен жасаған ашық сабақтың жосапры мектептің барлық мұғалімдеріне ұсынамын. ашық сабақ өткізетін ұстаздарға дайын жоспар ретінде.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы

Сандық есептер шығару.

Сабақтың типі

«Жұлдызды сәт» ойынының желісінде қорытынды сабақ.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: Өтілген материалды қорытындылау және бекітуге, танымдық белсенділіктерін жоғарылатуға, өздігінен жұмыс жүргізуге, сандық есептер шығаруға жағдай туғызу;

Дамытушылық: Есептер шығарғанда, химия пәні нақты дәлелдемені қажет ететін ғылым екеніне оқушылардың көзін жеткізе отырып танымдылық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік: өз жасаған жұмысына жауапкершілікті, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу, химиялық мәдениетін қалыптастыру.


Міндеттері:

1. Өтілген тақырыптар бойынша әр оқушыға жекелей тапсырмалар беріп нәтижелі жұмыс ұйымдастыру;
2. Сайыс арқылы нәтижеге жетуге ұмтылу жағдайын туғызу;
3. Қорытындылау тақырыптары бойынша түрлі қызықты сұрақтар қою арқылы оқушылардың қызығушылығын қолдап отыру;
4. Өз жұмысына баға беруді ұйымдастыру.

Көрнекілік

тері:

Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесі, әрбір оқушыға арналған тапсырмалар, семантикалық карточкалар, плакат, компьютер, слайд.


Қолданыла

тын әдіс-тәсілдер:

Сұрақ-жауап, тапсырмалары бар «Көңілді шарлар», «Еркін талқылау» әдісі.

Күтілетін нәтижелер:


а) Атом құрылысы, химиялық элементтердің периодтық жүйесі және периодтық заңы. Химиялық байланыс туралы анықтаманы тұжырымдайды.

в) Атом құрылысы, изотоптар, энергетикалық деңгейлерді анықтайды.

с) Д.И.Менделеевтің периодтық заңы, ғылыми ерлігі, периодтық заңның маңызы, химиялық элементтерге сипаттама береді.

д) Есептерді шығармашылықпен орындап, бағалайды.


Сабақтың жүру барысы:

Уақыт

Жоспар мазмұны


3 минут

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Мотивациялық кезең. «Шаттық шеңбер» Оқушылардың көңіл күйін сабаққа бағыттау.

«Көңіл - күй неге ұқсас» ойыны.

Периодтық жүйенің IA тобында, сілтілік металдардың атаулары сумен әрекеттескенде сілті түзуіне байланысты аталған. Сілтілік металдар тобына литий Li, натрий Na, калий К, рубидий Rb, цезий Cs, франций Fr жатады.

- Литий жұмсақ, күмістей ақ металл, барлық металдардың ішінде ең жеңілі.

- Натрий күміс ақ түсті, жұмсақ, жеңіл.

- Калий күміс ақ түсті металл, жұмсақ металл.

- Рубидий күміс ақ металл, паста тектес.

- Цезий күміс ақ сілтілік металл. Балауыздай жұмсақ металл.

- Франций радиоактивті, сілтілік металдардың ең активтісі.

Осы элементтерге байланысты оқушылар бір-біріне көңіл – күй тілейді.





13 минут

2. Оқушыларды белсенді білім алуға дайындық кезеңі:
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айту.

Сабағымызды бастамас бұрын тыныштық сәті «Орманға саяхат»
Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабарлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезінің. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей, әрі қалыңдай түсті.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап. Химия үздіксіз даму үстіндегі ғылым. Химиялық түсініктерді қалыптастыру кезінде теориялық білімді табиғатпен байланыстыру керек. Химиялық элемент, оның таңбасы, атомдық құрамы және құрылысымен байланысты анықтайды, элементтердің салыстырмалы атомдық массасы, атомдық абсолюттік массасы туралы алған түсініктерді дұрыс қалыптастыру үшін изотоптар түсінігін қалытастыруды ұсынамын.

Міне, мектептің алдына да келдік. Алдыңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттықты, тыныштықты, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.

Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!


Белсенді жұмыс жасауға дайындалады.

Үй тапсырмасын тексеру: §30, кристалдық торлардың сызбасын жасап келу.







2 минут

3. Өткен тақырыптарды қорытындылау және бекіту кезеңі.

"Іздесең табасың, талаптансаң - жетесің, зейін салсаң – ұғасың”
Оқушылардың реттіліктерін анықтау үшін сұрақ – жауап

I - кезең. «Ой шақыру» ойыны.

1.III периодта V топта негізгі топшасындағы элементтердің валенттілік электрондарының формуласын көрсет.

2. Екінші энергетикалық деңгейге неше электрон сыяды?

3. Na, K, Rb қатарында металдық қасиет қалай өзгереді?

2 2

4. Валенттілік электрондарының формуласы ... 3s 3p , бұл элемент қай топта орналасқан?

5. IV периодтағы III топтың негізгі топшасының элементін көрсет.

6. n = 3 болса, энергетикалық деңгейдің электрондар сыйымдылығы қанша?

7. PH3, H2S, HCI бағытында қышқылдық қасиет қалай өзгереді?

8. C, N, F қатарында бейметалдық қасиет қалай өзгереді?

9. IV периодта VI топтың қосымша топшасының элементін көрсет.

10. Калий элементі металл ма, әлде бейметалл ма?

11. Хлор элементі қандай қасиетке ие?

12. Химиялық элементтер ұқсастықтарына байланысты қалай жіктеледі?

13. Изотоп дегеніміз не?

14. Электртерістігі ең үлкен элемент.

15. Электртерістігі ең кіші элемент.


Оқушылар сұрақтардың жауаптарын бір параққа жазып, мұғалімге көрсетеді:

Жауаптары:

2 3
1. 3s 3p .

2. 8.

3. артады.

4. IV.

5. Ga.

6. 18.

7. Артады.

8. Артады.

9. Cr.

10. металл.

11. Бейметалл, галоген.

12. Металдар, бейметалдар.

13. Ядро заряды, яғни протондар саны бірдей, нейтрондар саны әртүрлі элемент атомының бір түрі.

14. F.

15. Cs цезий.






10 минут

4. Сандық есептер шығару. «Жұлдызды сәт» ойынының келесі кезеңі:

II - кезең. «Қызығушылықты ояту» .


  1. Массасы 40 г мыс (II) оксиді сутекпен әрекеттескенде:

CuO + H2 = Cu + H2O реакция нәтижесінде қанша мыс бөлінетінін есептеңдер.

  1. Реттік нөмірлері келтірілген элементтерді атап: № 10,

29 олардың қай топта, топшада, периодта, қатарда орналасқанын айтыңдар.

  1. Атомдарының энергиялық деңгейлерінде электрондар былай бөлінген: а) 2,5; ә) 2,8; б) 2,8,1. Элементтерді анықтап атаңдар.

  2. Атомдық нөмірлері мынадай элементтердің атомдарындағы электрондар, протондар және нейтрон сандарын анықтаңдар:

а) Z = 6 көміртек C; ә) Z = 10 неон Ne:

б) Z = 14 кремний Si.

5. Оттек атомы изотоптарының құрамын анықтаңдар:

16 17 18

О, О, О.


  1. Жоғары оксидінің формуласы Э2О7, ұшқыш сутекті қосылыстың формуласы НЭ болатын, өзі 4-периодта орналасқан элементті табыңдар.



1 минут

Сергіту сәті.

Оқушылардың алдына металдар таңбалары жазылған карточка берілген. Осы металға теңеп, өз көршісінің жақсы бір қасиетін бір – біріне айтады.

Мысалы: Айнұр – Сен қорғасындай салмақтысың. т.б.

-Ермахан: Дана сен қорғасындай салмақты бол!

-Дана: Болат біз қап түбінде жатпас дегендей Ақжол сен болаттай мықты бол!

-Ақжол: Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын дегендей Ермахан сен алтындай мықты бол!




2 минут

III - кезең. «Ұғыну» полиглот.

Алғашқы атауы, таңбасы, қазақша атауы, халықаралық атауы, орысша атауы.


Берілген элемент

Алғашқы атауы

Таң

басы

Қазақша атауы

Халықаралық атауы

Орысша атауы

1

реітм

Қалам

Fe

Темір

Ferrum

Железо

2

ырмшы

Ақ таңдақ

Zn

Мырыш

Zincum

Цинк

3

псныа

Сұйық күміс

Hg

Сынап

Hudrargirum

Ртуть

4

тланы

Таң шапағаты

Au

Алтын

Aurum

Золото

5

смы

Кипр

Cu

Мыс

Cuprum

Медь

6

алқйыа

Қатты

Sn

Қалайы

Stannum

Олово



3 минут


Оқулықпен жұмыс: Есеп № 5, бет – 76.







5 минут

IV – кезең. «Мағынаны тану»

Семантикалық картамен жұмыс.

  1. Галогендер, оларды сипаттау:


Атом

дық мас

сасы

Жай заттың формула

сы

Сутекті қосылыстарының

формуласы

Метелдармен қосылыстарының

формулалары

Фтор

19


F

HF

NaF

Хлор

35,5


CI

HCI

NaCI

Йод

127


I

HI

NaI


  1. Байланыс түрін анықта:


Иондық байланс

Металдық байланыс

Ковалентті байланыс

Сутектік байланыс


NaCI

+




СH4



+


H2O




+

Fe


+









  1. Элементтерге сипаттама бер:


С

Li

Химиялық таңбасы, атауы.

көміртек

литий

Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны (периоды, тобы, рет саны), салыстырмалы атомдық массасы.

II период,

2 қатар,

IVA топша,

Рет саны 6,

Сал.ат.мас. 12.


II период,

2қатар,

IА топша,

Рет саны 3,

Сал.ат.мас.7

Атом құрамы және құрылысы.

6р, 6n, 6e.

+6 1S 2S 2P

3p, 3n, 3e.

+3 1S 2S

Металл ма, әлде бейметалл ма?

Бейметалл

Металл

Оксиді, гидроксиді формуласы.

СО2.

Гидрокид формуласы жоқ

Li2O, LiOH




2 минут


V – кезең. «Мені анықта!» «Көңілді шар» тапсырмалары.

Ескі мата сөз болмас, ескі ... біз болмас. (темір)

Қойдың сүті - ... . (қорғасын)

От көмір жейді, тот ... жейді. (темір)

Арпа, бидай ас екен, алтын, ... тас екен. (күміс)

Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі ... . (алтын)

Сабыр түбі сары ... . (алтын)





2минут

  1. Қорытынды: Сабақта алған білімдерін

қорытындылап,белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Рефлексия. Рефлексия парағы таратады. Өздерінің бүгінгі сабақтағы көңіл - күйлерін смайликтер арқылы белгілеп, төмендегі сұрақтарға жауап береді:








Тақырып

Барлығын түсіндім

Менің сұрағым бар

Маған әлі де оқу керек

Түсінген жоқпын

Атом құрылысы. Атом ядросының құрамы. Изотоптар








Элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері.





Д.И.Менделеевтің периодтық заңы.








Химиялық байланыстардың негізгі түрлері. Иондық байланыс, металдық байланыс, кристалдық торлар.










1 минут

  1. Оқушылар білімі бағаланады.

Оқушыларды бағалау парағы

Оқушы

ның аты-жөні

Тапсырмалар

Оқушы

өзін –өзі бағалай

ды

Мұға

лім баға

лауы

1.«Ой шақы

ру»

2.«Қызығушы

лықты ояту»

3.«Ұғыну»

4.«Мағынаны тану»

5.«Мені анық

та»











1 минут

  1. Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарды жинақтап қайталау.
















Шағын жинақталған Саржыра негізгі орталау мектебі КММ

Бекітемін: Б.Т. Қомчабаева Келісемін: Н.Т. Қонжанова

Мектеп директоры Мектедиректорының

оқу ісі жөніндегі

орынбасары






Химия пәні бойынша 8 – сыныппен өткізілетін

ашық сабақ

жоспары




Сабақ тақырыбы:


«Сандық есептер шығару»









Химия пәнінің мұғалімі: Райбаева Т.Қ.














2016 – 2017 оқу жылы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.01.2019
571
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі