Материалдар / Ашық сабақ "Шаңырақ жарастығы" 3 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Шаңырақ жарастығы" 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға «Махаббат» , «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік беру.Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзін өзі танудан сабақ жоспары

Мектеп: №21 ОМ №11 сабақ

Мерзімі: 20.11.2017ж

Мұғалім: Абуева Ф.Қ.

Сабақтың тақырыбы: Шаңырақ жарастығы

Құндылық: сүйіспеншілік.

Қасиеттер: сыйластық, өзара құрмет, мейірімділік, адамгершілік, кішіпейілділік, ізеттілік.

Сынып: 3Ә Оқушылар саны:18

Сабақтың мақсаты: Балаларға «Махаббат» , «сыйластық» құндылықтары туралы түсінік беру.

Міндеттері:

Білімділік: Шаңырақ жарастығы, сыйластығы туралы түсінік қалыптастыру;

Дамытушылық: Жағымды қарым – қатынас жасау іскерліктерін дамыту;

Тәрбиелік: Өзара сыйластыққа , адалдыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті суреттер, себет, үнтаспа.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтағы жағымды күйге келу.

Тыныштық сәті: "Ғажайып табиғат" (Баяу ән жүреді)

Ыңғайланып, терең тыныс алып жайланып отырыңыздар. Көздеріңізді жұмсаңдарда болады.

Көз алдымызға сондай керемет табиғат көрінісін елестетейік. Хош иісті гүлдер, сылдырап аққан бұлақ, әнші құстар. Осынау ғажайып бақтың ортасымен бір өзің ғана табиғаттың әсем көрінісіне көзің тоймай жүріп келесіз. Кенет, бір талдың түбінде жатқан жаралы киікті көрдіңіз, ол жаныңызға қатты батты. Қуанышқа толы көңіл - күйіңіз су сепкендей басылды. Осы кезде сіздің айналаңызға өмірдегі ең жақын жандарыңыз ата – анаңыз, бауырларыңыз, достарыңыз келіп, біз біріксек қандай қиыншылық болса да жеңеміз деп, демеу көрсетті. Осылайша сіз жаралы киікті бірнеше күнде емдеп жаздыңыз. Бәрінің көңіл - күйлері өте тамаша. Сізде отбасыңыздың, достарыңыздың, жақындарыңыздың жаныңыздан табылғаны үшін өмірге ризасың. Осылайша сіз әсем табиғат аясында өзіңе жақын жандарыңызбен тату әрі әдемі ғұмыр кешіп жатырсыз.

Ендеше көзімізді ашып, бұрынғы қалпымызға енейік. Рахмет!

Сабақ барысын талдау. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылар суреттерді таңдап алып, суреттер бойынша төрт топқа бөлінеді.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

Дәптерде 11сабақ 15 бет

Тапсырма: мерекелік кестені толтыру

Дүйсенбі -«Күлкі күні» - Әр адам бұл күні шаңырағында, сыныбында біріне - бірі күле қарап, қалжыңдасып көңілді әңгімелер айтады.

Сейсенбі -«Тосын сый күні» Бұл күні бір шаңырақ астында тұратындар бір - біріне тосын сый дайындап қуантады. Мысалы: қолдан жасалған бұйым жасау


Сәрсенбі -«Еңбек күні» Бұл күні бір шаңырақ астында тұратындар бірлесе еңбек етеді. Мысалы: ағаш отырғызады, көршілеріне достарына көмек беру.

Бейсенбі -«Тазалық күні» Бұл күні шаңырақ астында жиналып шаңырақ айналасын мұнтаздай тазалау

Жұма-«Интеллектуалды орта күні» Бұл күні шаңырақ астында бәрі бір жерге жиналып қызықты кітаптар оқу. Ойындар ұйымдастыру.

Сенбі -«Патшалық күні» Бұл күні шаңырақ астында бәрі бір жерге Шаңырақ патшалығын орнату сыпайылық, әдептілік, ізеттілік көрсету қажет

Жексенбі -«Жұлдызды күн» Бұл күні шаңырақ астында бәрі бір жерге жиналып аулаға шығу


3.Дәйексөз.

«Шаңырақ сәні – сыйластық»

Халық даналығы

Шаңырақтағы сыйластық, сүйіспеншілік, бірлік, ынтымақ, бауырмалдық, қамқорлық, өзара түсінісу шаңырақтың сәнін кіргізіп, жарастық орнатады.

Дәйексөзді оқып, өз пікірлерімен бөліседі. Топ болып хормен дәйексөзді оқиды және дәптерлеріне жазып алады.


4.Әңгімелеу Мәтінмен жұмыс. Оқулықтың 48 бетіндегі Абдрахман Асылбековтың «Сүйіспеншілік» мәтінін тыңдату.

Сүйіспеншілік

Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,- дейді. Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағым болса – Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғанннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:
Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,- деді. 
Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,- дейді. Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағым болса – Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғанннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:
Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,- деді. 

СҰРАҚТАР:

1.Әңгіме ұнады ма?

2.«Сүйіспеншілік бар
жерде – байлық пен сәттілік бар» дегенді қалай түсінесіңдер?

3.Отбасы бахытты болу үшін не істеу керек


Қорытынды: – Шаңырақ жарастығының негізін сүйіспеншілік, яғни бір үйде тұратын адамдардың бір-біріне деген махаббаты құрайды. Сол себепті бір шаңырақ астында тұратын адамдардың бір-біріне сүйіспеншілігі басым болса, ол үйде бақ та, сыйластық та, ынтымақ та, береке де байлық та болады.


5.Шығармашылық жұмыс. Топқа бөлу: Оқушылар қоржыннан суреттерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді.

1-топ: Ата – ана.

2-топ: Ана.

3-топ: Әке.

4-топ: Бала.

1-топ. «Ана мен бала арасындағы махаббат». Өздеріңнің аналарыңа деген тілектеріңді алдарыңдағы кішкене жүрекшеге жазып,оны үлкен жүрекке жапсырайық.

2-топ. «Гүлдесте жасау». Қолдарыңда отырған гүлдерге табиғатқа деген сүйіспеншіліктеріңді жазып, гүлшоғырын жасайсыңдар.

3-топ.»Күн сәулесі». Күн сәулелеріне Отанға,туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді жазып,күнді құрастырыңдар.

4-топ. Өз сыныптастарыңызға деген достық тілектеріңізді жазып, алма ағашына ілесіздер.


6.Ән айту.. Айгерім Қалаубаева –

Ертегілер әлемінде

Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін.

Ертегі әлемнің қызығында жүрдім.

Нұрына шомылдым бүгін.

Жұлдыз, айы – көркем,

Әдемі еді неткен!

Құстары сөйлейді,

Бұлттар тербейді,

Мен оянып кеттім, әттең!

Қайырмасы:

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер?!

Әлемдеріңнің ғажап күйін

Шертпедіңдер, сендер...


7.Үй жұмысы

Оқулықта 51 бетте өлеңді жаттау


8.Соңғы тыныштық сәті.

Енді көзімізді жұмайық.Бүгінгі сабақта не туралы айтқанымызды еске түсірейік.Отбасымыз әрқашан бахытты болсын деп кқзімізді ашайық.\Сабағымыз аяқталды.Сау болыңыздар.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!