400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Саңырауқұлақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Басқа әріптестеріммен бөліскім келеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Баякеева Шолпан Мэлсовна

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медицина Орталығы "Карлығаш"балабақшасы РМК

Тәрбиеші

Нұр-Сұлтан қаласы



Ормандағы саңырауқұлақтар

Білім беру саласы: Таным. Шығармашылық. Комунникация

Бөлімі:Жаратылыс тану, сөйлеуді дамыту, мүсіндеу

Мақсаты: Балаларға саңырауқұлақ туралы түсінік беру. Саусақ ұсақ қол моторикасын дамыту, сөздік қорларын арттыру. Саңырауқұлақтардың зиянды, пайдалы туралы ой өрістерін дамыту. Салауатты өмір салты әдеттеріне тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Саңырауқулақтар, суреттер, күлгінді орман, эйллер шеңбері, слайд.

Әдіс тәсілдер:ойын, әнгімелеу, сұрақ-жауап, іс-тәжирибе.

Сөздік жұмыс: Ақсаңырауқұлақ, шыбынжұт, түлкішек, томарқұлақ, қайынқұлақ.

Шаттық шеңбер: Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжеуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасың сенде.

Куанайық достарым ,

Арайлап атқан күнге.

Жұмбақ:

Жапырақтар сарғаяды,

Жаңбыр жиі жауады.

Құстар жылы жаққа ұшады,

Айтыңдаршы балалар,

Бұл қай кезде болады?

-Күз мезгілінде.

-Күз мезгілінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Күн суытады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, көкөністер мен жемістер піседі.

-Нені байқадыңдар балалар?

-Балалар қараңдары не шашылып жатыр? (шашылған қиындыларды құрастырады)

Д\Ойын: «Саңырауқұлақ»

-Саңырауқұлақ қайда өседі?

Саңырауқұлақ жайлы білгілерің келеді ме?

-Мультфильм «Саңырауқұлақ»

-Сәлеметсіңдер ме балалар!

-Сәлеметсің бе Үкі апа!

-Үкі апа , сіздің ертегіңізді тындағымыз келеді, бізге ертегі айтып бересіз бе?

-Әрине , мен бүгін саңырауқұлақ жайлы ертегі айтып беремін.

-Ертеде орманда Зорман деген мұғалімі болыпты. Топтағы аңдарға саңырауқұлақ әкеліңдер деп тапсырыпты.

-Аңдар қуанып кетеді.. Недеген оңай тапсырма -деп ойлайды.

- Стоп кадр- Зорман мұғалім қандай тапсырма берді?

-Келесі күні топтағы аңдар барлығы қолдарында саңырауқұлақтарын алып келіпті.

–Тақтаға бірінші болып аю шығады.

- Қолындағы қызыл қоңыр қалпақты саңырауқұлақты шыршаның астынан тауып алдым-дейді. Оның аты- «Ақ саңырауқұлақ» жеуге жарамды.

-Стоп кадр.-Тақтаға қандай аң шықты?

–Қандай саңырауқұлақ тауып алды?

- жеуге жарамды ма?

-Тақтаға екінші болып кірпі шығады.

-Менің саңырауқұлағым ең ұзын қоңыр қалпағы бар, мен оны қайын ағашының астынан тауып алдым.Оның аты-«Қайынқұлақ» жеуге жарамды.

-Стоп кадр.- Қандай аң шықты?

–Қандай саңырауқұлақ тауып алды?

- Жеуге жарамды ма?

-Үшінші болып қасқыр шығады.

-Менің саңырауқұлақтарым өте тату ,олар бірігіп өседі. Ол –«Томарқұлақ» -деп аталады. Жеуге жарамды.

-Стоп кадр.-Не шықты?

–Қандай саңырауқұлақ тауып алды?

- Жеуге жарамды ма?

-Төртінші болып түлкі шығады.

-Менің саңырауқұлақтарым ең әдемісі түсі қызғылт сары, өзі күнге ұқсайды, ол маған қатты ұнайды.Ол-«Түлкішек» -деп аталады. Жеуге жарамды.

-Стоп кадр.-Не шықты?

–Қандай саңырауқұлақ тауып алды?

- Жеуге жарамды ма?

-Ең соңында қоян шығады.

-Оның мақтаңғаны соншалық саңырауқұлақты әрең көтеріп келіп менің саңырауқұлағым ішіндегі үлкені , оның аты-«Шыбын жұт»

-Осы кезде, Зорман мұғалім Қоян ,қолындағыныңды таста деді.

-Түсінбей қалған қоян жылап жібереді.

-«Шыбынжұт» саңырауқұлағың жеуге болмады , тіпті оны ұстауға да болмайды. Шыбынжұтқа маса келіп қонса маса өліп қалады , себебі ол-улы .

-Стоп кадр.-Қоян неге жылады?

–Қандай саңырауқұлақ тауып әкелді?

- Жеуге жарамды ма?

-Саңырауқұлақтар қандай болады екен?

Ойын:«Сәйкесін тап»(күлгін орман арқылы)

Сергіту сәтті: (Би арқылы)

Саусақ гимнастикасы: интерактивті құмсалғыш пен орындау

-Жеуге жарамды саңырауқұлақ жасаймызба?

-Неден жасаймыз?

–Түсі, пішіні қандай?

Балалардың шығармашылық жұмыс кезінде әуен ойнап тұрады. Жұмыс барысында балалармен сұрақ-жауап алмасып сөйлеу белсенділігін арттыру.

Қорытынды:Кубик арқылы

-Саңырауқұлақ қайда өседі?

-Саңырауқулақтың қандай түрлері болады екен?

-Біз бүгін не істедік?











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1353
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі