«ЖАНЕРКЕ»
балабақшасы» Қарасай ауданының Қаскелең
қаласы әкімінің аппаратына қарасты»
коммуналдық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорыны
Бекітемін
Балабақша
меңгерушісі
__________Н.Омирзакова
Тақырыбы:
Саңырауқұлақтар
(Ортаңғы
«Құлыншақ» тобының ашық оқу қызметі)
Орындаған
тәрбиеші: М.Т. Жанабаева
Қаскелең
қаласы
2019-2020
оқу жылы
Білім
беру саласы:
«Шығармашылық»
Бөлімі:
Сурет салу.
Тақырыбы:
Саңырауқұлақтар.
Мақсаты:
Саңырауқұлақтар
туралы түсініктерін қалыптастырып,
сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден
тұратын бейненің суретін сала біледі.
Қолданылатын
көрнекті құралдар:
Көктем
мезгілінің суреті, орман суреті,
саңырауқұлақ суреті.
Қажетті
құрал-жабдықтар:
Бояу, қылқалам, қағаз, су, сүлгі, сурет
дәптері, Сөздік
жұмыс:
Саңырауқұлақтар.
Шаттық
шеңбер
Қуан,
шаттан!
Қуанатын
күн бүгін.
Қайырлы
таң! Қайырлы күн!
Күліп
шықты күн бүгін.
-«Қайырлы күн, балалар! Мен сендермен
кездескеніме қуаныштымын. Қанеки бәріміз
шаттық шеңберімізге жиналып, бір-бірімізге
қуаныш сыйлап көрейікші. Ол үшін
бір-бірімізге қарама қарсы тұрайық! Шын
жүректен бір-бірімізге күлкі сыйлайық».
Балалар
ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Мен
сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер
суретте «күн» бейнеленсе, бір-бірімізге
күлімдей қараймыз, «алақан»
бейнеленсе,
қолымызды қысып амандасамыз,
«жүрек» бейнеленсе,
құшақтасамыз.
Ашық-
жабық сұрақтар
Бір
жылда неше мезгіл бар ?
-Бір
жылда 4 мезгіл бар?
Қазір
жылдың қай мезгілі?
Көктем
мезгілінде неше ай бар?
Көктем
туралы қім қандай тақпақ біледі?
Түстер
арқылы топқа бөлініп отырады.
Тәрбиеші:
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Сендер жұмбақтың шешуін тауып көріңдер.
Тіреумен
тіреп ақырын,
Көтеріп
тұр шатырын.- Ол не?
Жарайсыңдар,
балалар енді барлығымыз тақтадағы
суреттерге қарайық.Тәрбиеші
саңырауқұлақтар жайлы суреттерді
көрсетіп, ормандағы саңырауқұлақтардың
түрлерін ВЕНН
ДИАГРАММАСЫ бойынша айтып өтеді.
Саңырауқұлақтың
жер бетінде – түрлері өте көп. Саңырауқұлақ
орманда, тоғай т.б. өседі. Оның өсімдіктерден
айырмашылығы қараңғыда өседі.
Саңырауқұлақтар жеуге жарамды, жеуге
жарамсыз - улы болып бөлінеді.
Саңырауқұлақтың денесі өте нәзік.
Саңырауқұлақты тамаққа пайдаланды және
де дәрі жасайды. Ал,
Ақ саңырауқұлақ қылқан жапырақты,
қалпақшасының үстіңгі бөлігі ашық қоңыр
түсті болып келеді, сабағы ашық сары
түсті болып келеді. Жеуге жарамды, өте
бағалы саңырауқұлақ. Саңырауқұлақ
жаңбырдан кейін сулы, топырағы жұмсақ
жерден шығады.
Кері
байланыс : 1.Саңырауқұлақтың
неше түрге бөлінеді?2. Саңырауқұлақтар
қайда өседі?3. Саңырауқұлақтан не жасайды?
Ғажайып
сәт:
Ортаға
саңырауқұлақ кіреді.
Саламетсіздерме
балалар!
Мен
достарымды іздеп жүрмін, таба алмай
қалдым.
Мен
кеше жаңбырдан кейін саңырауқұлақты
көп шығып еді. Қазір саңырауқұлақ
достарым жоқ. Маған көмектесесіңдер
ме? Достарымды табуға.
Сергіту
сәті:
Саңырауқұлақ
болайық,
Төмен
болып отырайық.
Жаңбыр
жауса көтеріліп,
Өсіп-
өсіп алайық.
Тәрбиеші:
Балалар саңырауқұлаққа көмектесемізбе?
Енді
жұмыс барысымен таныстырамын:
Саңырауқұлақтың суретін бастырып,
суретін бояп шығу. Тапсырмада 2 саңырауқұлақ
жеуге жарамды, 2- саңырауқұлақ жеуге
жарамыз.
Қорытынды:.
Балалар қандай сабақ өттік. Сурет
Қандай
жұмыс жасадық. – саңырауқұлақты салдық
боядық.
Сабақ
ұнады ма? Балалар бүгін сабаққа өте
жақсы қатыстыңдар? Рахмет сендерге,
осымен сабақ аяқталды.
Күтілетін
нәтиже:
Біледі:
Саңырауқұлақтың қайда өсетінін.
Игереді:
Саңырауқұлақтардың жеуге болатын және
жеуге болмайтын түрлері бар екендігін.
Меңгереді:
Жартылай дөңгелек және сопақша пішіндер
арқылы саңырауқұлақ салуды және бояуды.