400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу

Материал туралы қысқаша түсінік
Санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Математика

Ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімі: Үлес

Бөлімше: Сандармен амалдар орындау



Сабақ тақырыбы:: Санның бөлігін табу және бөлігі арқылы санды табу


Мектеп: №2


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Абдыкаримова Жайнагүл Баянова


Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Оқу мақсаттары

3.1.2.14 санның/шаманың бөлігін табу және бөлігі бойынша санды/шаманы табу: 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табу


Сабақтың мақсаттары






Барлық оқушылар үшін:


-санның/шаманың бөлігін және бөлігі бойынша санды/шаманы табады; 100 көлеміндегі сандар мен жүздіктердің жартысын, үштен бір, төрттен бір, оннан бір бөлігін табады;


Бірқатар оқушылар үшін:

-санның/шаманың бөлігін және бөлігі бойынша; -санды/шаманы табуды есептер шығаруда қолданады;




Кейбір оқушылар үшін:

-санның/шаманың бөлігін және бөлігі бойынша санды/шаманы табуға берілген есептерге кері есептер құрастырады;


Бағалау критерийлері

-санның бөлігін табады;

-шаманың бөлігін табады;

-бөлік бойынша санды табады;

-бөлік бойынша шаманы табады;

-санның, шаманың бөлігін табуға арналған есептер шығарады және кері есептер қүрастырып шешеді;


Тілдік мақсаттар

-санның бөлігін табу, шаманың бөлігін табу, үлес, бестен бірі, төрттен бірі, үштен бірі,оннан бірі;


АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта


Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық,ашықтық құндылықтарын дарыту.


Бастапқы білім

Үлес және бөлшек туралы түсінік. Үлестер мен бөлшектерді оқу, жазу,салыстыру.




Жоспарланған уақыт

Жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы 4 мин














Психологиялық ахуал қалыптастыру

Қуанамын менде ,

Қуанасың сен де,

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге.

Топтарға бөлу.

Оқушыларға бөліктерге бөлінген жолақтар таратылады.Жолақтары 2 бөлікке бөлінген оқушылар 1-топқа, жолақтары 4 бөлікке бөлінген оқушылар 2-топқа, жолақтары 8 бөлікке бөлінген оқушылар 3-топқа отырады.

Ширату жаттығуы.

М. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын анықтап аламын. Сұрақтар:

-Берілген жолақтардың ұзындығы неше сантиметр?

-Жолақтар неше бөлікке бөлінген?

-Әрбір бөліктің ұзындығын өлшемей-ақ білуге бола ма?

-Қай санның бөлігін таптық?

--Қалай ойлайсыңдар,берілген бөлік арқылы санды табуға бола ма?

-Олай болса, бүгінгі сабақта алдымызға қандай мақсат қоямыз?

Бүгінгі сабақтың мақсаты: Санның, шаманың бөлігін табу және бөлік бойынша санды, шаманы табу.

Интербелсенді тақтадан көңілді әуен қосу






жолақтар





















Сабақтың ортасы

30 мин


1-тапсырма

«Ойлан,тап» әдісі (Т)

Саралау тәсілі-«Диалог және қолдау көрсету»

Кесіндінің ұзындығы бір жылдағы айлар санына тең.Кесінді қанша бөлікке бөлінген? Әрбір бөліктің ұзындығын өлшемей-ақ білуге бола ма?

Дескриптор.

-кесінді бөліктерін санайды;

-әрбір бөліктің ұзындығын өлшемей-ақ табу жолын айтады;

Кері байланыс:

«Алма» суреті арқылы бағалау

«Жарайсың!»- жасыл алма

«Жақсы»»- сары алма

«Талпын»-қызыл алма


2-тапсырма. «Ойлан,тап» әдісі (ТЖ)

Саралау тәсілі-«Диалог және қолдау көрсету»

Кесінді тең бөліктерге бөлінген.Кесіндінің бір бөлігінің ұзындығын өлше.Бір бөлігін білу арқылы барлық кесіндінің ұзындығын қалай табуға болады?

Дескриптор.

- кесінді бөліктерін санайды;

-кесіндінің бір бөлігін өлшейді;

-бір бөлігінің ұзындығын білу арқылы кесіндінің ұзындығын табу жолын айтады;

Кері байланыс:

«Алма» суреті арқылы бағалау

«Жарайсың!»- жасыл алма

«Жақсы»»- сары алма

«Талпын»-қызыл алма

3-тапсырма. (ЖЖ)

«Көршіңмен бөліс» әдісі.

Саралау тәсілі-«Қарқын»

Қараөрік ағашынан 20 кг жеміс жиналды.Жемістің төрттен бірін,бестен бірін ыдысқа салғанда, әр ыдыста қанша килограмм жеміс болды? Берілген есепке кері есеп құрастыр.

Дескриптор.

-шартын, сұрағын ажыратады;

-санның төрттен бірін,бестен бірін табады;

-кері есеп құрастырады;

3-тапсырмаға кері байланыс.

«Өрік» суреті арқылы бағалау

«Жарайсың!»- қара өрік

«Жақсы»»- сары өрік

«Талпын»-қызыл өрік


Оқулықлықтағы тапсырмалар

































Интербелсенді тақта





4-тапсырма. (Д)

«Дұрыс-бұрыс» әдісі

Саралау тәсілі-«Қорытынды»

Тапсырманың шешімі дұрыс болса Д «әріпін, бұрыс болса Б әріпін қой. Нәтижені мұғалім үлгісімен салыстыр.

1) 50 санының 1/10 бөлігі 5-ке тең;

2) 25 кг-ның 1/5 бөлігі 4кг-ға тең;

3) 32 санының ¼ бөлігі 7-ге тең;

4) 27 см-дің 1/3 бөлігі 9см-ге тең

Дескриптор:

-дұрыс және бұрыс жауапты анықтайды;

-жауабын мұғалім үлгісімен (ДББДДД) салыстырады;

Кері байланыс: «Жалауша» суреті арқылы бағалау

«Жарайсың!»- жасыл жалауша

«Жақсы»»- сары жалауша

«Талпын»-қызыл жалауша



Интербелсенді тақта,топтамалар












Сабақтың соңы

6 мин

Рефлексия

Крестиктер- нөлдіктер

Ереже

1. 1-ші топ (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші топ сол квадратқа нөлдік қояды.

4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші топ (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.Соңында крестик пеннөлдіктерді санап ,қай топ көп тапсырма орындалғаны анықталады.

Сұрақтар:

1) Үйде 56 тұрғын бар. Оның бөлігі – оқушылар. Үйде қанша оқушы бар?

2) Жарысқа 24 спортшы қатысады. Оның бөлігі – мектепке дейінгі балалар. Жарысқа қанша мектепке дейінгі бала қатысады?

3) Шарбақтың 5 метрін бояды. Бұл – бүкіл шарбақтың бөлігі.Шарбақтың жалпы ұзындығы қанша?

4) Хорға 6 оқушы қатысады, бұл барлық оқушының бөлігі. Барлық оқушы саны қанша?

5) Сенбілікке 12 бала қатысты. Оның бөлігі қыз бала. Қыз бала қанша?

6) Автобуста барлығы 25 адам келе жатыр, оның бөлігі ересектер.Автобуста қанша ересек адам келе жатыр?

7) Көшеге 21 ағаш отырғызылды. Оның бөлігі терек ағашы. Көшеге неше терек ағашы отырғызылды?

8) Бәйгеден 3 ат озып келді. Бұл барлық аттардың бөлігі, бәйгеге барлығы неше ат қатысты?

9)Бақшадан 9 кг картоп жиналды, бұл барлық көкөністің бөлігі. Бақшадан барлығы қанша кг көкөніс жиналды?




Интербелсенді тақта


Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз ?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық,жүптық,жеке жұмыс барысында оқушыларға ауызша кері байланыс жасау арқылы,іздену сұрақтарын қою арқылы мақсатқа жетуіне қолдау көрсетемін.

Кейбір оқушыларға басқа оқушыларға көмек беруді міндеттеймін.

Сабақ кезінде өзіндік жұмыс орындату арқылы меңгеру деңгейін анықтаймын.

Топтық, жұптық

жұмыстарда техника

қауіпсіздіктерін сақтау.

қарындашпен жұмыс

жасау барысында

қауіпсіздікті сақтау.

















Рефлексия

Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт

ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Уақытты тиімді қолдандым. Өз жоспарыма келешекте тиімді әдістеді қолдануды ұсынамын.

Қорытынды бағымдау

Сабақта қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақта саралау тәсілдері тиімді болды.

2: Кезеңдер арасында байланыс болды.

Қандай екі нәрсе Сіздің сабағыңызды жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. Белсенді оқыту

2. Кері байланыс

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Балаларға тиімді әрі жеңіл тапсырмалар ұйымдастыру





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 қаңтар
1079
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі