Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ, Санның пайызын табу және пайызы бойынша санды табу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылған. Әдіс тәсілдер өте тиімді, әсіресе 5 сынып оқушыларына қызықты.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы

«Майлыкент» жалпы орта мектебі


«Келісемін» «Бекітемін»

Мектеп директорының Мектеп директоры:

оқу орынбасары: ___________Ж.Ж.Төребеков

___________Ғ.Дуйсеналиев





Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Санның пайызын және пайзы бойынша санды табу





Мұғалімнің аты-жөні: Джунусова Д. К.

Сынып: 5 «А»

Күні: 04.04.2023 жж.







2023 оқу жылы

Бөлімі:

Пайыз

Педагогтің аты-жөні:

Джунусова Динара Канатқызы

Күні:

04.04.2023жж

Сыныбы: 5 «А»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

5.1.2.36 берілген пайызы бойынша санды табу;


Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін: санның пайызын және пайызы бойынша саны таба алады;

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: санның пайызын табуға есептер шығара алады;

Кейбір оқушылар орындай алады: пайыз ұғымын біледі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақ

тың басы









Ұ

с

йымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.


Топқа бөлу:

1 топ-Үшбұрыш

2 топ-Шаршы






Үй тапсырмасы дескриптор бойынша тексеріледі.

«Серпілген сауал» әдісі бойынша оқушыларға үй жұмысын қайталау мақсатында сұрақтар қойылады.

1.Бір пайыз деп нені айтады? Кез келген шаманың не санның жүзден бір бөлігін айтады.

2.Пайыз бөлшекпен қалай жазылады? Мысалдар келтіріңіз. Пайызды санмен немесе бөлшекпен жазу үшін, пайыз белгісін алып тастап, оны 100-ге бөлу керек.

3.Бөлшек пайызбен қалай жазылады? Мысал келтіріңдер. Санды немесе бөлшекті пайызбен жазу үшін ол санды 100 пайызға көбейту керек.







Оқушылар тақтада жасырылып тұрған топ атын таңдап алып, топқа бөлінеді.





Оқушылар слайдта көрсетілген есептің жауаптары бойынша досымен алмасып, тексереді.
















Дескриптор

1.Санның пайызын табады;

2.Пайызы бойынша санды табады.

Жалпы балл – 20 %






Жапсырма қағаздар,

топ аттары жазылған қағаздар




Интерак

тивті тақта, слайд, дәптер, қаламсап, слайд

Сабақ

тың
ортасы


Топтық жұмыс (тақтамен жұмыс)


Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын айтады.



Топтық жұмысқа «Икс және нөл» әдісі бойынша есептер беріледі. Тақтада 9 ұяшықта 9 түрлі есеп болады.

1.15%-і 30 болатын санды табыңыз ;

2.100 санының 30%-ін табыңыз;

3.57 санының 10-ін табыңыз;

4.24 санының 50%-ін табыңыз;

5.9/100 процентпен жазыңыз;

6.25 %-ті ондық бөлшекпен жазыңыз;

7.310 санының 10%-ін табыңыз;

8.12%-і 10,8-ге тең санды табыңыз;

9.36 санының 25%-ін табыңыз.

Оқушылар өздері бүгінгі сабақтың мақсатын қояды.


Оқушылар топпен ақылдасып, әр топтан 1 оқушы шығарып отырады. Шыққан оқушы ұяшықтағы тапсырманы алып, жауап береді. Жауабы дұрыс болса, сол ұяшыққа икс немесе нөл қояды. Соңында тапсырмаларды дұрыс орындап, үш қатарды бірінші тауып сызған топ жеңімпаз атанады.





Дескриптор

1.Санның пайызын табады;

2.Пайызы бойынша санды табады .

Жалпы балл – 20 %





Қима қағаздар, тақта


Жеке жұмыс


«Балмұздақ» әдісі. Мұғалім балмұздақтағы тапсырмаларды оқушыларға таратады. Балмұздақтардың түстері әр түрлі және сол түсіне орай деңгейленіп келеді. Қызыл балмұздақтағы тапсырмалар- қиын, жасыл балмұздақтағы тапсырмалар-орта деңгейдегі, сары балмұзадақтағы тапсырмалар-оңай деңгейдегі тапсырмалар

Қызыл:

1. Cүтті өңдеу кезінде 5 процент ірімшік алынды. 20 кг сүттен қанша ірімшік алуға болады? /1 кг/

2.Бидайдан 80 процент ұн алынады. 70 кг бидайдан қанша ұн алынады? /56 кг/

3.Сыныпта 30 оқушы бар. Сынып оқушыларының 60 проценті қыздар, қалғаны ұлдар. Сыныпта неше ұл бар? /12 ұл/

4.Сыныпта 30 оқушы. 5-ке 20 процент, 4-ке 50 процент жазды. Неше оқушы 5-ке жазды? /6/

5. Егер санның 1 проценті 5 ке тең болса, 6 проценті қаншаға тең болады? /30/

Жасыл:

1.30 санының 5 процентін табыңыз. /1,5/

2.29.7 саны бір санның 18 процентін құрайды. Ол қандай сан? /165/

3.Сыныпта 12 қыз бар. Бұл сыныптағы барлық оқушылардың 40 проценті. Сыныпта неше оқушы бар? /30/

4. Қазан айында барлық күннің 25 проценті жаңбырлы, 40 проценті суық, қалғаны жылы болды. Қанша пайызы жылы болды? /35 процент/

5.970-тің 25 процентін табыңыз. /242,5/

Сары:

1.Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазыңыз: 4.34 /434/100/

2.Егер тауардың 70 пайызы сатылса, тауардың қанша пайызы қалды? /30 пайыз/

3.160 санының 50 пайызы қанша болады?

4.Сыныптың 70 пайызы ұлдар, қалғаны қыздар. Қанша пайыз қыздар? /30 пайыз/

5.Астықтың 35 пайызы жиналды. Астықтың неше пайызы жиналмады? /65 пайыз/



Оқушылар өз деңгейлеріне сай тапсырмаларды таңдап,орын

дайды, шығарады.




Дескриптор

1.Есептің шартын және нені табу қажеттігін біледі;

2.Саннын пайызын табады;

3.Пайызы бойынша санды табады.


Жалпы балл- 20 %



Қима қағаздар

Қалыптастырушы бағалау

Кестені толтырыңыз:

Жай бөлшек

Ондық бөлшек

Пайыз

15/100

0,15


73/100


73



39

4/100




0,77



Оқушылар берілген кестені толтырады.

Дескриптор:

1.Пайызды ондық бөлшекке айналдырады.

2.Пайызды жай бөлшекке айналдырады.

3.Ондық және жай бөлшекті пайызға айналдыру.


Қалыптастыру бағалауға арналған тапсырмаларды парақшаларда әр оқушыға жеке таратып береді, көмек қажет болған оқушыларға көмектеседі.



Жалпы балл-20%



Сабақты бекіту

Жұптық жұмыс












Сабақ

тың соңы.














Үй тапсыр

масы


Бағалау



«Ұшақ» ойыны, wjrd wall-да тапсырмалар.

Мұғалім сабақты бекітуге ойын түріндегі тапсырма ұсынады.










Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жүргізу.

Кері байланыс. «Конус» әдісі.













Үйге тапсырма:

1. Күнделікті өмірден пайызға байланысты есептер құрастыру

«Қуаттағыш» әдісі

Тапсырмалардың бағалау критерий бойынша бағаланады.



Оқушылар интерактивті тақтаға жұптасып шығып тапсырмаларды орындайды.











Оқушылардың әрқайсысына конус пішінді кері байланыс сөздері жазылған қағаз беріледі. Оқушылар конусты айналдырып,өздері-нің бүгінгі сабаққа деген кері байланыстарын көрсетеді.







Оқушылар әр тапсырма сайын қуаттағышты бояп отырады, сол жинаған пайызы бойынша соңында бағаланады.


Әр дұрыс жауапқа 20 %
































Жалпы балл-100 %


АКТ, интерактивті тақта













Конус











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.04.2023
727
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12