400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сапарғали Бегалин "Қырдың жас түлегі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.Бұл сабақ жоспарынан тиімді әдіс-тәсілдерді алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Сапарғали Бегалин «Қырдың жас түлегі»

Сабақтың мақсаты:

1.Шығармадағы Шоқан бейнесімен таныстыру.

2.Автордың негізгі идеясын ашуға жағдай жасау.

3.Мәтіннің тәрбиелік мәнін анықтау. Жауапкершілікке баулу.

Сабақтың түрі: топтық сабақ

Сабақтың әдістері: талдау, түсіндіру, қорыту.

Сабақ жабдығы: үлестірмелі материалдар, электронды құралдар.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

«Кездесу» ойыны

Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.

Қызығушылықты ояту

«Допты қағып ал» ойыны Оқушылар допты қағып алып сұрақтарға жауап береді.

Б ағдарлау – мотивациялық кезең.



  • Шоқан Уалиханов жайлы не білесің?

Оқушылар 2-3 сыныптарда оқығанын еске түсіріп, білетінін айтады.

Мұғалім тарапынан қосымша деректер беріледі. Шоқан Уалихановтың шын аты – Мұхамед Қанафия. Қазақтың ғұлама ғалымы, саяхатшы, этнограф. Небары 30 жастың ішінде көптеген ғылыми еңбектер жазып, Орта Азия халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеген. Ол тек Қазақстан бойынша ғана емес, Құлжа (Қытай жерінде), Ыстықкөл өңірінде (Қырғыз елі) экспедицияларға қатысып, зерттеулер жүргізді. Омбының кадет корпусын бітірген (1853 ж) Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған 1861-1862 жылдары. Арғы атасы – Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли – Шоқанның туған атасы.

Шоқан жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерге ден қойып, соларға құлақ түріп өскен. Сөйтіп табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды.

Ш. Уалиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша «жеті жұрттың тілін білуге» тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген.

Орындау кезеңі.

Топқа бөлу шарты: Мұғалім тақтаға «Кім нені жақсы көреді?» деген сұрақ жазып қояды. Осыдан кейін таңдау варианттарын жазады:

А тобы. Шахмат ойнағанды,

Б тобы. Тоғызқұмалақ ойнағанды,

В тобы. Асық ойнағанды.

Осы вариант бойынша бала өзінің ұнататын ісін таңдайды. Сонан соң мұғалім осы таңдау арқылы шахмат ойнағанды жақсы көретіндер бір топқа, тоғызқұмалақ ойнағанды ұнататындар екінші топқа, асық ойнағанды ұнататындар үшінші топқа бөлінеді.

1-тапсырма.

3-топқа 3 қағазға жазылған дайын мәтін, 5-7 минут уақыт береді:

1-топқа мәтіннің 1-бөлігі,

2-топқа мәтіннің 2-бөлігі,

3-топқа мәтіннің 3-бөлігі.

Оқушылар оқығаны бойынша өз тобында бір-біріне мәтіннен түсінгенін айтып береді.

Әрбір топ өздері оқығаны мәтін бөлігіне тақырыпша қояды, сол арқылы мәтінге жоспар жасалады.

Сергіту сәті:

Тереңдет ойыңды,

Тік ұста бойыңды.

Құстарға ұқсайық,

Қалықтап ұшайық.

Шық алға оң қанат,

Шық алға сол қанат,

Шаршаған кездерде

Қонайық жорғалап.

2-тапсырма.

Топтағы оқушылар бір-біріне сұрақ қояды:

1-топ - 3-топқа, 3-топ- 2 топқа, 2-топ – 1-топқа.

3-тапсырма.

1-ТОП офицерге, 2-ТОП Анатолийге, 3-ТОП Шоқанға мінездеме жазады. Топтағы балалар бір-бірімен ақылдасып отырады. Мінездемені оқыған соң, басқа топ оқушылары оның дұрыс не бұрыс жазылғанына баға береді, өз ойларын қосады.

4-тапсырма.

«Қорқарың бар қораға кірме» мақалының мәнін өз өмір тәжірибесіне сүйеніп мысалдар келтіреді.

Үйге тапсырма:

Қырдың жас түлегін оқу, мазмұндау. Сұрақтарға жауап табу.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі.

Не ұнады?

Неліктен?








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 наурыз
1158
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі