400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Сақ патшайымы-томирис" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге қажет деп ойлаймын. Себебі материалда қазіргі жаңартылған білім мазмұнына сай тапсырмалар мен сұрақтар, мәліметтер мен деректер қамтылған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3А Сақтар


Мектеп: Күлтөбе негізгі орта мектебі


Күні: 01.02.2018ж


Мұғалімнің аты-жөні:

Исмаилова Ж.Б

Сынып: 5


Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны:0

Сабақ тақырыбы

Сақ патшайымы-Томирис

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.3.2.1 сақ, сармат тайпаларының халықаралық аренадағы орнын анықтау,

Тәуелсіздік жолындағы шайқастары мен ерлік істерін тану

Бағалау критерийлері



-Сақ-парсы қатынасын анықтайды.

-Томиристің ел қорғаудағы роліне сипаттама береді.

-Сақтардың Тәуелсіздік үшін күресіне ой-пікірін білдіреді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Тайпа,тайпалық бірлестік, абыздар,жауынгерлер,егіншілер мен малшылар

Мемлекет,көсем,патша, әскери демократия

Жазылымға арналған тіркестер:

Мемлекет,көсем,патша, әскери демократия, батырлық, жауынгерлік, патшайым, массагет

Құндылықтарды дарыту

Осы тақырыпты оқыта отыра оқушыларды елін, жерін, Отанын қорғауға, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.


Пәнаралық байланыстар

Дүниежүзі тарихы. Томиристің дүние жүзі тарихындағы ролін анықтайды


АКТ қолдану дағдылары

Сабақ кезінде оқушыларға тақырыпқа байланысты бейнеролик , презентация көрсету.

Бастапқы білім

Берел қорымынан табылған олжалар сақтардың мәдениетін қалай сипаттайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту кезеңі

6 мин

Оқушылармен сәлемдесу

«Хат қоржыны»

6 сынып оқушылары сыныпқа хат әкеліп оқушыларға тапсырады. Оқушылар хаттағы тілектерді оқып, сұрақтарға жауап береді. Оқушыларды топқа бөлу

Сабақ эпирафы: «Отан үшін отқа түс күймейсің» Б.Момышұлы

Суреттер сөйлейді

Сабақ тақырыбын оқушылар осы әдіс арқылы анықтайды.

Оқушылардың ойларын тыңдағаннан кейін сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары айтылады.


1-слайд




Сабақтың ортасы


30 мин








Жаңа сөздермен танысу (4 мин)

  • Патшайым

  • Парсы

  • Кир

  • Соғыс

  • Азаттық


Тұмар мен Кирге сипаттама беру (ауызша) Бейне ролик көрсету (1 мин)

«Есте сақта!» (2 мин)

М Оқушыларға Томирис жайлы бейнематериал ұсынып, төмендегі сұрақтарды қойылады:

  1. Бейнематериалдағы негізгі кейіпкерлерді атаңыз.

  2. Қандай оқиға желісі баяндалған?

  3. Бейнематериалда қандай маңызды идея қарастырылған?


Топтық жұмыс.Оқушылар бейнероликті көріп болғаннан кейін мәтінді оқып топтық жұмыс жасайды. Кластер құру (5 мин)

1 топ: Кирдің айласы

2 топ: Томиристің қорғанысы

3 топ: Сақтар мен парсылар арасындағы шайқас нәтижесі


Дескриптор:

  1. Әр топ өздеріне тиісті тақырыпшаға қатысты мәліметтерді жазады

  2. Кемінде 4 дерек келтіру

Топтар бір-бірін бағалайды(бас бармақ)


Жұптық жұмыс: « Интервью» әдісі Диалог құру (6 мин)

1- сұрақ. Кир туралы айтып беріңізші?

2-сұрақ. Кир патша неліктен Томириске үйленуге ұсыныс жасады?

3-сұрақ. Кир патшаның сақ патшайымы Томириске қарсы жорығы неліктен сәтсіз аяқталды?

4-сұрақ. Спаргапис кім, қалай қаза болды?

5 сұрақ. Томирис әскері бұл ұрыста қалай жеңіске жетті?

6 сұрақ. Сақтар мен парсылардың арасындағы шайқас қандай оқиғамен аяқталды?

  Әр жұпқа әр түрлі сұрақтар беріледі.Қойылған сұраққа жұптар бірігіп жауап береді

Жұптық бағалау(шапалақ ұру)


Сергіту сәті «Оркестр» (1 мин)


Жеке жұмыс.Мағынаны тану кезеңі «ПТМС –Формула»(5 мин)

Суретті пайдалана отырып, Томиристің ел қорғаушы ретіндегі роліне пікір білдіріп, формулаға сәйкес сөйлем құрастыр.


ПТМС –Формула

  • Позиция___________________ деп санаймын.

  • Түсіндіру (себебі...)

  • Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын...)

  • Салдар немесе нәтиже (айтылған мәселе бойынша мынадай қорытынды жасаймын...)

Дескриптор:

  1. Томиристің ел қорғаудағы рөлін анықтайды

  2. Өз пікірін деректер арқылы дәлелдейді

Парталас оқушыны бағалау(қошемет сөздер)


Жеке жұмыс. Таратпа материал беріледі.

«5 сауал» әдісі (5 мин)

Сақтар мен парсылар арасындағы шайқас

Кім?

Не?

Қашан?

Қайда?

Не себепті?

Нәтижесі






Дескриптор:

1.Тақырыпқа қатысты мәліметтерді әр бағанның сұрағына сәйкес жауап жазады


2-слайд









https://www.youtube.com/watch?v=2kmPE0sz-gc

0:58-07-12


3-слайд












4-слайд











https://www.youtube.com/watch?v=DML1MwqeH0E

5- слайд





6-слайд


















7- слайд

Сабақтың соңы

Қорытындылау кезеңі


5 мин

«Иә, жоқ» деректердің дұрыс, бұрыстығын алдарындағы карточканы көтеру арқылы анықтайды (2 мин)

№

Сұрақтар

Иә

Жоқ

1

Томирис Кир патшадан жеңілді



2

Кир патшаның әскері екі есе күшті болды



3

Сақ ханшайымы Томирис



4

Кир Македония патшасы



5

Томирис тәуелсіздік үшін шайқасты













Кері байланыс: «Бес саусақ» стратегиясы (3 мин)

  1. Білдім

  2. Ұнады

  3. Көмектестім

  4. Көңіл –күйім

  5. Тілек

Үйге тапсырма: РАФТ” әдісі бойынша кейіпкерге хат жазу: “Томирис патшайымға...”



8-слайд












Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тілдік қабілеті жоғары оқушылар тілдік қабілеті төмен оқушылармен араластырылып отырғызылады.

Қабілеті жоғары оқушылар ой қорытынды жасайды, тапсырмалар бойынша 3-тен артық дәлелдер келтіре алады

Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың материалды меңгеруі қандай деңгейде екенін анықтау үшін бағалау критерийіне сәйкес топтар өзара бір-бірін бағалайды, мұғалім оқушыларды өзі бағалайды, оқушылар өзін-өзі бағалайды.


Компьютерді, ноутбуктерді тек тапсырма кезінде аз уақыт жұмыс жасап өшіру, интерактивті тақтаны қажет емес уақытта сөндіріп қою.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Оқу мақсаттары дұрыс құрылған. Барлық оқушылар бүгінгі сабақта белсене араласып өз мақсаттарына жетті. Сабақ уақыттар берілген минут кестелеріне байланысты нақты сақталды. Сабақ кезінде сабақ жоспарынан еш ауытқулар болмады.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
30 мамыр
3556
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі