400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

ашық сабақ Сақтар туралы мәліметтер 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың таралуы: 5.2 В Сақтар

Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы №222 орта мектеп


Күні: 6. 12. 2019 ежелгі

Мұғалімнің аты-жөні:  Молдабекова Күлайхан


Сынып: 5 «а»

Қатысқандар саны:


Сабақтың тақырыбы:

Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Зерттеу сұрағы: Қандай дереккөздер сақтар туралы мәлімет береді?

 


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.3.1.1 – картадан тайпалық одақтардың орналасуын көрсету;

5.3.1.2 –Ежелгі мемлекеттердің құрылуын түсіндіру;

 


Сабақ мақсаттары

 Барлық оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін біледі, сақтар туралы жазған тарихшыларды біледі.



Оқушылардың басым бөлігі: Сақтардың атауларын ажыратады, дереккөздерге сүйеніп дәлелдейді.


Кейбір оқушылар: Сақтардың орналасқан жерлерін кескін картаға түсіреді, оларды сипаттайды, дереккөздерге сүйеніп, сақтардың айырмашылықтарын ажыратады


Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану


Бағалау критерийі

  • Сақтардың атауларын есіне сақтайды.

  • Сақтар туралы деректер қалдырған тұлғаларды атайды;

  • Сақтар туралы мәлімет беретін дереккөздерге сүйеніп, Қазақстан жерінде өмір сүргендігін, тарихи маңызын дәлелдейді;

  • Сақтардың орналасуын картадан көрсетеді


Тілдік мақсаттар

Оқушылар :

Оқылым:- Сақтардың орналасуы, тарихи деректерлерді оқулық мәтінінен оқиды. Сақтардың әр деректердегі атауларын ажыратады.

Тыңдалым: — Сақтар туралы бейнематериалдарды, бір-бірінің пікірлерін тыңдайды.

Айтылым:—  Оқулық пен бейнероликті деректерлерді немесе карталарды қолдана отырып сақтардың орналасуын ауызша сипаттайды.

Жазылым: — Сақтардың орналасқан аумағы бойынша сәйкестендіріп және сақтардың орналауын кескін карталарда көрсетеді, тапсырмалар орындайды


Негізгі сөздер мен тіркестер: Сақтар, тиграхауда, хаумаварга, парадарайа, скиф, массагет, исседон, аргипейлер, ариймаспылар.


Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Тиграхауда, парадарайа, хаумаварга ұғымдары нені білдіреді

Сақтардың әр деректерлердегі атауларының мағынасы….

Тарихшылар келтірген деректерден нені байқауға болады


Талқылауға арналған тақырыптар:

Деректерлерге сүйеніп, сақтарға сипаттама бере алады.

Сақтардың орналасқан жерлерін картадан көрсету арқылы түсіндіреді.


Жазу үшін ойға салу:

Сақтар туралы зерттеген тарихшылардың деректерін сәйкестендіру.

Картаға сақтардың орналасуын көрсету.


Құндылықтарға баулу

топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойында бір-біріне құрмет көрсету, тарихқа құрметпен қарау, еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру


Пәнаралық байланыс

География кагтамен жұмыс кезінде, дүниежүзі тарихы- тарихшылардың деректерімен жұмыс кезінде


Алдыңғы оқу

Қазақстан территориясында өмір сүрген тайпа одақтары жайлы білімдері бар


Жоспарлан

ған уақыт

Жоспар


Сабақтың басы







Үй тапсырмасы бойынша қайталау сұрақтары:


5 мин

Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, психологиялық ахуал)

Үй жұмысы: «Сұрақ бізден, жауап сізден әдісі» бойынша ұжымдық жұмыс

  1. Сақтар туралы дереккөздерді қандай деректерден аламыз?

Заттай және жазбаша

  1. Геродот сақтардың қай тайпасы жайлы мәлімет қалдырды?

Массагет

  1. Сақтарды «Азия скифтері» деп атаған тарихшы?

Геродот

  1. Сақтарды «дұшпанға қатал, досқа адал» деп кімдер суретті?

Грек авторлары

  1. Ктесий сақ әйелдері жайлы не деп жазды?

Сақ әйелдері ержүрек, соғыс қаупі төнгенде көмек көрсетіп, ұрысқа араласады

  1. Сақтарды ең әділ, ең шыншыл деп баға берді?

Грек тарихшылары

  1. Сақтар жайлы Геродоттың қай еңбегінен білеміз?

Тарих 5-том

Бағалау: мақтау мадақтау арқылы

Тарихқа шолу жасау. «Бүгінгі күн тарих бетінде»

1939 ж 6 желтоқсанда халық жазушысы Қазақстанның еңбек ері Әбіш Кекілбаев дүниеге келді

2011 жылы Қазақстан ғалымдары бес томдық «Н.Ә. Назарбаев» биобиблиографиялық нұсқаулығын шығарды

1971 жылы Қазақстанда тұңғыш рет техникалық ақпарат орталығы Алматы қаласында құрылды

1991 6 желтоқсанда Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылған күні

Қызығушылығын ояту: берілген суреттер арқылы жаңа тақырыпқа шығу

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Бұл суреттердің сабағымызға қатысы бар деп ойлайсыңдар ма?


Жаңа сабақ тақырыбы: Сақтар туралы тарихи мәліметтер

Зерттеу сұрағы Қандай деректерлер сақтар туралы мәлімет береді?

Оқушылар «Сақтар туралы мәліметтер» тақырыбындағы

бейне материалды тамашалайды.

1. Бейнематериалдан не тамашаладыңыздар?

2. Онда кімдер туралы айтылады? Т.б сұрақтар қою

Топтарға мәтінді бөліп беру (мәтінмен жұмыс 5 минут) жеке жұмыс

1-топ: Геродоттың «Тарих» атты еңбегінен үзінді

2-топ: Срабонның «Географиясынан» үзінді

3-топ: Парсы деректері нен мәлімет

4-топ: Сақтар қайда мекендеген?

Тыңдалым және оқылым бойынша алған мәліметтерін жариялау әдісі бойынша әр топ өз тапсырмасын жариялайды

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Оқушылар жариялау әдісі бойынша тақырыптан түсінгендерін баяндайды.


Бағалау: тиынмен бағалаймын

Дискриптор: 1. Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде сақтар жайлы не жазылғанын біледі

2. Страбонның «Географиясынан» сақтардың тұрмыс-тіршілігі, дүниетанымы жайлы танысады.

3. Парсы деректерінен сақтар жайлы ақпарат алады.

4. Сақтардың қоныстанған жерлерін біледі

Сергіту сәті. (тест)

Оқушылар өздеріне ұнайтын түстері арқылы мінездерін байқайды.

Сұр түс. Ақылды, асығыс шешім қабылдамайтын жансыз Табиғатыңызға жайдарылық тән. Жақсы қасиеттеріңізді жасырып ұстайсыз.

Қоңыр түс. Сіз нағыз реалистсіз. Шешімді жалғыз қабылдағанды жақсы көресіз.

Көк түс. Қарапайым жансыз. Тұрақтылықты жақсы көресіз. Үнемі шаршап жүресіз, бірақ бойыңыз дарынға толы жансыз.

Жасыл Өмірге құштарсыз. Мақсатқа ұмтыласыз. Жақындарыңызға құрметіңіз шексіз

Жұмбақ хат (топтық жұмыс)

4 түрлі конверт ішінде сақтар жайлы әртұрлі жұмбақтар бар. Әр топ 1 конверттен алып, топта жұмбақтың шешімін ақылдасып шешеді.

Бағалау: асыл тастар арқылы бағаланады

Картаменмен жұмыс (ұжымдық жұмыс)

Бағалау критерийі: сақтар мекендеген жерлерді картадан көрсетеді

Дискриптор: Картадан тиграхауда, парадарайа, хаумаварга сақтарының орналасқан жерлерін көрсетіп, жеке контур картаға түсіреді.

Сәйкестендіру кестесін толтырады. Жұптық жұмыс

Бағалау: мақтау мадақтау арқылы

Кері байланыс: тазалық оқушыларға стикер таратылады.

Еттартқыш, чемодан,қоқыс жәшігі

Шарты: оқушылар стикерге аты-жөнін жазып, қажетті жерге жабыстырады

Сақтар электронды оқулық

Тиындар



Слайд

















Конверт, асыл тастар







Карта, контур карта


Кесте


Стикер

Сурет

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы: тақырыпты оқу, сақтар туралы дереккөздерді дәптерге жазып келу




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
10 қаңтар
811
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі