400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ "Шаршы" ІІ кіші топ

Материал туралы қысқаша түсінік
бөбекжай тәрбиешіліері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы:таным,шығармашылық

Бөлімі:ҚМТҚ

Тақырыбы: «Шаршы» 

Мақсаты: 

Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра отырып, қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту, пішіндерді ажыратып, айта білуге, оларды қоршаған ортамен салыстырып, түр – түсін, заттардың көлемін анықтай білуге дағдыландыру.

Балалардың ой - өрісін, қол моторикасын, логикалық ойлау қабілеттерін ойын арқылы дамыту, зейіндерін, белсенділіктерін арттыру.

Балаларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Үшбұрыш, дөңгелек, пішіндер.
Құрал-жабдықтар: Видиопроектор, үнтаспа.

Билингвальдік компоненті: шаршы-квадрат



Іс-әрекет кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық


Таңғы шеңбер

Үлкенге де сіз,сіз.

Кішіге де сіз,сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз, біз.












Балалар қуанышпен тәрбиешімен бірге өлең шумағын айтады.















Ұйымдастырушылық ізденіс




-Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде күн қандай болады?

-Ағаштың жапырақтары қандай түске енеді?

-Жапырақтардың пішіндері қандай?

-Аспанда бізге не шуағын төгіп тұрады?

-Оның пішіні қандай?

Жарайсыңдар,балалар,ендеше,сендер айтыңдаршы,біздер бұрыннан қандай геометриялық пішіндерді білеміз?

-Мына суреттен қандай пішінді көріп отырсыңдар?

-Ал оны неге дөңгелек дейміз?

-Ал мынау қандай пішін?

-Оның неше бұрышы бар?

-Жарайсыңдар,балалар.

Тосын сәт.



Аюдың өкірген даусы естіледі.



-Бұл ненің даусы болды екен,балалар?





-Ол осы топтың ішінде өкіріп жатқан жатқан сияқты,кәне,іздеп көрейікші



(тәрбиеші балалармен іздеп жүріп,қорап тауып алады,ашса,ішінен аю шығады қолында шаршы)

Аю:

-Сәлеметсіңдер ме балалар.

-Балалар,аю бізге жаңа геометриялық пішін ала келіпті,кәне өзінен сұрайықшы,бұл қандай пішін екен?

Аю:

- Балалар,сендер қандай геометриялық пішіндерді білесіңдер?

-Мен сендерге жаңа геометриялық пішін ала келдім,ол шаршы деп аталады.Қараңдаршы,балалар,шаршы неге ұқсайды.Ия,үстіне өздерің білетін үшбұрышты қойсаңдар үйшікке ұқсайды.Менің ормандағы үйім бұзылып қалды,сендер маған үй жасап бересіңдер ме?

-Жарайды,онда мен сендер маған үйшік жасап бергенше күтейін.

Сергіту сәті:

Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

(балалардың жұмысы,тәрбиеші көмектесіп,қадағалайды)



.






-Қәзір күз мезгілі.

-Күн салқындайды.

-Сары,қызыл түске енеді.

-Әртүрлі.

-Күн.

-Дөңгелек.



-Үшбұрыш,дөңгелек



-Дөңгелек.

-Себебі,оның бұрыштары жоқ.

-Үшбұрыш.

-Оның үш бұрышы бар.





Балалар елеңдеп тыңдайды.

-Бұл аюдың даусы сияқты.







Тәрбиешімен бірге іздейді.

Балалар төсын сәтке қуанады.



Балалар амандасады.









Балалардың жауабы



-үстелге,үйге ұқсайды.









Балалар сергіту сәтін қуана орындайды.







Балалар өз беттерінше жұмыс жасайды.


Рефлексиялық- түзетушілік

Аю қораптың ішінен шығуға көмектескендері үшін балаларға алғыс айтады.Қоштасып кетеді.
Балалардың 
білімдерін бекіту, жақсы қатысқан балаларды мақтап-мадақтау. Балалардан аюдың оларға қандай геометриялық пішін сыйлағанын сұрайды.


Балалар аюға көмектескендеріне қуанады.
Аюмен қоштасады.



Күтілетін нәтиже :

жасайды: геометриялық пішіндерден үйшікті;

түсінеді: геометриялық фигуралардың әртүрлі болатынын;

қолданады: жапсырмалармен жұмыс істеу дағдысын;



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қараша
1630
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі