Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Шартты рай 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған. жас мамандарға көмек ретінде ұсынылды
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тексерілді»
Директордың оқу-тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары:
Қысқа мерзімді жоспар


Пәні: Қазақ тілі

Мектеп: № 6жом

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Шартты рай

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Кіріктірілген сабақ барысында оқушылардың шартты рай туралы түсініктерін қалыптастыру , мәтіннен шартты райды табуға және оның орыс тілінде аудармаларын білуге дағдыландыру. Сөздік қорын, сыни ойлау қабілетін дамыту.Оқушылардың білімді меңгеруіне мүмкіндік беру және өздігінен білім алуға бағыттау, шартты рай, оның жасалу жолдары, білдіретін мағынасы туралы білім қалыптастыру

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Ереже, қағидаларды еске түсіреді

Басым бөлігі: өз ойларын еркін жеткізеді, сұрақтарға дұрыс жауап бере алады

Кейбір оқушылар: етістіктің райларының өзіндік ерекшеліктерін ажырата біледі, баяндау, пайымдау, рефлексивтік талдаулар жасауға бейімделеді.

Тілдік мақсат:

Оқушылар істей алады:

сыныпта ынтымақтастық атмосферасы артады, топпен жұмыс жасауға, білімдерін пысықтауға, талдауға, жинақтауға, көшбасшылыққа, өзара және өзін - өзі бағалауға дағдыланады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Етістіктің райлары, шақтар, ашық рай, бұйрық рай, қалау рай, шартты рай

Талқылауға арналған сұ-рақтар мен тапсырмалар

Етістіктің райлары туралы сұрақтар мен тапсырмалар

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Бұйрық райлы етістіктің жасалу жолы, шартты райдың жасалу жолы туралы айту


Сабақтың әдіс-тәсілдері:

кіріктірілген сабақ, жеке, жұптық, топтық әдіс, «Сен – маған, мен - саған» әдісі, «Ойлан, бөліс» әдісі, «Шығу парағы» әдістері,

Алдыңғы оқу

Бұйрық райлы, шартты райлы етістіктің жасалу жолы,

Жоспар

Сабақ кезеңдері:

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

ІҰйымдастыру кезеңі: 2 минут

1. Ынтымақтастық ахуалды қалыптастыру: Оқушылар шаттық шеңберін құрып, бір-біріне қазақ, орыс тілінде ашық, бұйрық, қалау, шартты райлы етістік арқылы тілек тілейді.

2. Қағаз кеспедегі сөздер арқылы топқа бөлу. Кеспеде райдың 3 түріне жазылған кеспелер болады, сөздерге қарап, қай рай екенін тауып, тобына бірігеді.

3. Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аудару

Оқу құралдары

кеспелер

басталуы

Үй тапсырмасын тексеру

«Сен – маған, мен - саған» әдісімен (теориялық білімдерін тексеру).

  1. Етістіктің райлары дегеніміз не?

  2. Етістіктің райлары мен шақтарының арасында қандай ұқсастық пен өзгешелік бар?

  3. Етістік райларының қандай түрлері бар?

  4. Ашық рай нені білдіреді, қалай жасалады?

  5. Бұйрық рай дегеніміз не, қалай жасалады?

  6. Қалау рай дегеніміз не?

  7. Қалау райдың қандай жасалу жолдары бар?

8. Бұйрық райлы етістіктің жасалу жолы

9. Бұйрық райлы етістіктің жіктелу ерекшелігі туралы айт

Оқушыларды бағалап отыру

Өткен сабақты қорытындылау

Берілген мәтіннен ашық, бұйрық, қалау райлы етістіктерді тауып, жасалу жолын түсіндіру

Оқушыларды бағалап отыру

Тақта, бор, үлестірме парақтар,

ортасы

Жаңа сабақ

Миға шабуыл

Бірнеше сөйлемдер беріледі

1. Айнұр талабын орындаса, бірге баратынын айтты.

2. Самат үйге келсе, атасы күтіп отыр екен.

3. Ертерек жолға жиналсамшы, көліктен қалып қойдым.

4. Ойыңды айтсаңшы, шешімін бірге қарастырсақ қайтеді?.

Берілген сөйлемдердегі іс - әрекеттің бағыты қандай?
1-сөйлемде іс - әрекеттің орындалуының шарты
2-сөйлемде іс-әрекеттің мезгілдік мағынасы
3-сөйлемде сөйлеушінің өткен іске деген өкініші
4-сөйлемде сөйлеушінің тілегі
Жеке жұмыс

Әр оқушы оқулықта берілген мәтінді оқиды, топта талқылайды, қорытынды түсінген ойларын айтады.

Шартты райға анықтама беріңдер.
Демек, етістіктің шартты райы қимылдың, іс - әрекеттің болу - болмау, іске асу - аспау мүмкіндігінің шартын білдіреді.
   Ұжымдық жұмыс.
Шартты рай етістіктің негізгі және туынды түбіріне, етіс және болымсыз етістік тұлғаларына – са, - се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы, келсе, айтса.

Шартты рай тұлғасына жіктік жалғауы жалғанып қолданылады. Бірақ шартты рай тұлғасы тиянақты бола алмайды. Сондықтан шартты райдағы етістік жіктелгенмен, сөйлемді тиянақтап, аяқтап тұра алмайды: басқа бір етістікпен кейде көмекші етістікпен тіркесіп келеді, я бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы болып тұрады. Мысалы: Жақсымен жанассаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жанассаң, қаларсың ұятқа (мақал).
1. Шартты рай етістіктің жедел өткен шақ тұлғасы сияқты жіктеледі.
Кестемен жұмыс.
Жақ --------- Жекеше ------------------- Көпше
І -------------- Тыңда - са - м ---------------- Тыңда - са - қ
ІІ ------------- Тыңда - са - ң ---------------- Тыңда - са - ңдар
--------------- Тыңда - са - ңыз ------------- Тыңда - са - ңыздар
ІІІ ------------ Тыңда - са --------------------- Тыңда - са
Ескерту: 1. Шартты рай жұрнағы -са, -се жалғанған етістік әрқашан қимылдың, іс-әрекеттің болу шартын білдіре де бермейді. Мысалы: Мен болсам ойланып келемін. Ол ендігі келсе керек еді. Бұл мысалдағы болсам, келсе деген етістіктер шартты рай тұлғасында жіктеліп (I және III жақ) тұрса да, ол іс-әрекеттің ешбір болу шартын білдіріп тұрған жок.
2. Шартты рай тұлғасындағы етістік бағыныңқы сөйлемнін баяндауышы кызметінде келіп, мезгілдік мағынаны және да, де, та, те шылаумен тіркесіп, қарсылықты мағынаны білдіреді. Мысалы: Мен келсем, жиналыс басталып кетіпті. Сен келіспесең де, біз атап өтетін болдық.. Берілген мысалдағы келсем, келіспесең де деген шартты рай тұлғалы етістіктер өздері бағыныңқы сөйлемнін баяндауышы болып, келесі басыңқы сөйлемнің мезгілін және оған қарсы мағынаны білдіріп тұр.
3. Шартты райлы етістік I жақ жіктік жалғауында тұрып, оған -шы, -ші жұрнағы жалғанса, ол кейде өкіну, налу мағынасын білдіреді. Мысалы: Оның ұсынысына келіссемші. Үйде отырғанша, бізбен бірге жүрсеңші.

Берілген етістіктерді шартты райға айналдырып, сөйлем құрау

1-топ:          келіс, шынықпа

2-топ:          сөйлет, болма

3-топ:          жинал, тыңда

4-топ: жаздыр, күт

Оқушыларды бағалап отыру

Оқулықпен жұмыс

187-жаттығу

Шартты райлы етістікті теріп жазып, жіктік жалғауын бөліп көрсет.

4 бөлімін 4 топ орындайды.

Оқушыларды бағалап отыру

Бүгінгі сабағымыз кіріктірілген сабақ болғандықтан орыс тілі пәні мұғалімі Сымбат апайды шақырамыз. Сендер орыс тілінен рай түрлерін өткен болатынсыңдар.

Образование глаголов условного наклонения

Глагол в форме + частица БЫ, (Б)

прошедшего времени

Он увидел бы тебя

Иногда:

Н.Ф.Г + частица БЫ, (Б)

Увидеть бы тебя

Образуйте форму условного наклонения

1-группа:  сказать, подпрыгнуть; читать, писать

2-группа:  поплыть, разобрать; рисовать, пытаться

3-группа:  приласкать, подарить, загружать, разрешить

4-группа: бегать, создать, гулять, играть

«Ойлан, бөліс» әдісі

Құрамында шартты райлы етістігі бар қазақ, орыс тілінде мақал-мәтел жазу

Сергіту сәті: дене жаттығулары

Қолды белге қояйық, басты оңға бұрайық.

Басты солға бұрайық, бір отырып, бір тұрып,

Бір отырып, бір тұрып, біз демалып қалайық.

Руки к верху поднимаем,

А потом их опускаем,

А потом к себе прижмем,

А потом их разведем,

А потом быстрей, быстрей,

Хлопай, хлопай веселей

Оқулық, тақта, бор, слайдтар

аяқталуы

Шығармашылық жұмыс

1. Егер қолымда билік болса...

2. Что бы ты сделал, если бы в руки к Вам попала сказочная волшебная палочка?

слайд

\/. Бағалау:

1,5 минут

Оқушыларды критерий бойынша бағалау

Бағалау парағы

\/І. Рефлексия:

1 минут

Кері байланыс.

Сабақтан алған әсерім

шығу парағы

\/ІІ.Үйге:0,5 мин

188,189,190-жаттығу

Күнделік

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері. АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

А- топтық, жұптық, жеке жұмыстарға тарту;

В- тапсырмалардың орындалу ретін анықтайды;

С – тапсырмалардың жасалу жолын талдайды

Жеке тапсырманы орындауын, талдауын бақылау, деңгейлік тапсырмадан. Критерийлер бойынша, рефлексиядан

партада дұрыс отыру,АКТ-мен байланыс.

Достық қарым-қатынас орнату

Рефлексия:

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.







Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?





Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?





Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не екенін білдім?










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.11.2018
2643
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі