Пәні:
география
Сабақтың
тақырыбы:
Сарыарқа
Сабақтың
мақсаты: «Сарыарқа» тақырыбын өткенде
оқушылардың оның географиялық орнын анықтай алуға, картадан
көрсетіп сипаттай білуге, пайдалы қазбалардың заңдылықтарын,
климаттың ерекшеліктерін, ішкі суын, жер бедері арасындағы
байланысты аша білуге дағдыландыру, шығармашылық ізденісін дамыту,
туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қоршаған ортаны
қорғап, табиғатын аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: сайыс
сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ –жауап,
топтастыру
Сабақтың
көрнекілігі: Қазақстанның физикалық
картасы, пайдалы қазба үлгілері, суреттер.
Сабақтың
барысы:
-
Ұйымдастыру
кезеңі
-
Үй тапсырмасын
сұрау
«Жорға » ойыны.
сөзжұмбақ
-
«Кім жылдам»
ойыны
-
Жаңа сабақ
.
«Қарлы кесек»
ойыны
-
Картамен
жұмыс
-
Жаңа сабақты қорыту. «Даналық
ағашы»
-
Бағалау.
-
Үйге тапсырма.
Сарыарқа
II. Үй
тапсырмасы
«Жорға»
ойыны. Сөзжұмбақ
шешу
-
Негізгі өзені
(Ертіс).
-
Жер бедері қандай эрада
қалыптасқан? (кайназой)
-
Орал тауынан басталатын өзен
(Тобыл)
-
Орманда шоқ- шоқ болып өседі
(көктерек)
-
Ертіс- Құланды жазығының ең
үлкен көлі (Шүрексор)
-
Ірі темір кен орны
(Лисаков)
-
Есілдің жағасындағы қала
(Астана)
-
Пайдалы қазбасы
(Темір)
-
Қысқа қарай келетін құс
(Кекілік)
-
Тобыл- Обаған жазығының ең
үлкен көлі (Құсмұрын)
-
1959 жылы ұйымдастырылған
қорық (Наурызым)
-
Есіл өзені бастау алатын тау
(Нияз)
-
Солтүстік Америкадан әкеліп
жерсіндірілген аң (ондатр)
-
Орманды дала, дала зоналарының
өсімдігі (қарабас)
III. Топ басшылар сайысы.
«Кім жылдам».
-
Петропавл қаласында
буланушылық мөлшері 500 мм, жауын –шашын 500 мм. Ал Қызылорда
қаласында буланушылық 900 мм, жауын –шашын 150 мм болғанда,
ылғалдану коэффициенті (К) қаншаға тең
болады?
-
Астана қаласында жауын-
шашынның жылдық мөлшері 300 мм шамасында, ал булану мөлшері 600 мм.
Сонда ылғалдану коэффициенті қандай?
IV. Жаңа
сабақ.
«Сарыарқа» күйін
тыңдау.
Мұғалімнің кіріспе
сөзі: -Сарыарқа – Қазақстанның
ірі физикалық – географиялық, табиғи тарихи аймағының бірі.
Сарыарқа сөзі халықтық атау, оның топонимикасы «сарғайып жатқан кең
де үлкен жон, жалпақ үстірт, адырлы қырқа» деген мағына береді.
Сарыарқа қазақтың байлығының көзі, өнер мен мәдениеттің, тарихтың
кешені. Бұл өлкенің асыл тумалары Бұқар жырау, Қаз дауысты Өазыбек,
жазушы С.Сейфуллин мен ақын Қ.Аманжолов компазитор Тәттімбет пен
Мәди, Ұлы Отан соғысының батыры Н,Әбдіріов, тұңғыш ғарышкер
Т.Әубәкіров, тұңғыш президентіміз Н.Назарбаев та Теміртау қаласында
дүниеге келген. Әрине бұл туралы айта берсек өте көп сондықтан
өзіміздің географиялыө тұрғыдан берер бағамызға келсек Сарыарқа
солтүстігінде - Солтүстік Қазақ жазығымен, Оңтүстігінде - Тұран
ойпатымен, Батысында -Торғай үстіртімен, шығысында-
Сауыр-Тарбағатай тау жүйесімен шектесетін кең
өлке.
Батыстан шығысқа дейінгі
ұзындығы – 1200км, ені -400-900 км шамасында. Сарыарқаға Қарағанды,
Ақмола облыстарының жері толық, Солтүстік Қазақстан, Павладар,
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының біраз бөлігі
кіреді.
«Қарлы кесек»
ойыны.
Оқушылар жаңа сабақты өздері
меңгереді. Сарыарқа аймағының
А тобы– географиялық орны,
климаты, жер бедері
Б тобы – пайдалы қазбалары,
өзендері, көлдері, өсімдігі, жануарлары туралы
айтады.
V. Картамен
жұмыс.
Оқушылар картадан Сарыарқа
аймағын картадан белгілеп бояйды.
VI . «Даналық
ағашы». Оқушылар сұрақтар құрап,
сандықшаға салады. Содан кейін осы сұрақтарды алып оқиды, жауап
береді.
VII. Бағалау.
VIII. Үйге
тапсырма.
Сарыарқа