400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Ашық сабақ: Шаштарды аймақтарға бөлу

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі: Білім алушыларға шаштарды аймақтарға бөлу туралы ақпарат беру және олардың түрлерімен таныстыру. Білім алушылардың теорияда алған білімдерін практикада қолдана білуге, мамандыққа қызығушылығын, қабілетін, біліктілігін және өз бетінше еңбек ету дағдысын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы

Арқалық қаласы

КМҚК «Арқалық политехникалық колледжі»

Ельясова Молдир Жанбусиновна

өндірістік оқыту шебері




Сабақ жоспары

Шаштарды аймақтарға бөлу.

(сабақ тақырыбы)

Модуль/пәнатауы: КМ 05Шаштараздық қызметтердің базалық түрлерін орындау

    

2021 жылғы "25" қантар


1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ: IIкурс П-21

 Сабақ типі: Жаңа тақырыпты меңгеру

 2. Мақсаты, міндеттер

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі:

Білім алушыларға шаштарды аймақтарға бөлу туралы ақпарат беру және олардың түрлерімен таныстыру.

Білім алушылардың теорияда алған білімдерін практикада қолдана білуге, мамандыққа қызығушылығын, қабілетін, біліктілігін және өз бетінше еңбек ету дағдысын арттыру.

 3. Сабақты жабдықтау:

 3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер:оқулық «Технология парикмахерских работ» Т.Удовиченко, Т.Авдеева.

3.2Техникалық құралдар, материалдар: интерактивтік тақта, шаштараздық жабдықтар.

4. Сабақтың барысы

5. Сабақ бойынша рефлексия

 6. Үй тапсырмасы

     










САБАҚ ЖОСПАРЫ

Сабақтың барысы

Уа

қыт (минут)

Оқытушының әрекеттері

Тыңдаушылардың әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалдары

1

2

3

4

5

1. Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

Амандасу.

Оқушыларды түгендеп, сабаққа бейімдеу


Оқушылар сабақ құралдарын түгендеп, сабаққа әзірленуі


2. Үй тапсырмасын орындауын тексеру

15 мин

Үй тапсырмасын сұрау Қосымша 1.

1.кезең. Құралдар артыда жасырылған сұрақтарға жауап беру.

2.кезең Берілген сөздерді сәйкестендіріп,сөз тіркестерін құра:

3.кезең. Білім алушылардың дайындап келген презентацияларын тындау.

Үй тапсырмасын қайталап дайындалу, сабақ айту, сұраққа жауап беру

Слайдтар, сәйкестендіру кестесі.


3. Оқушылардың негізгі кезеңде жұмысқа дайындығы

Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін қалыптастыру


7 мин

Жаңа сабақтың мақсаты мен жоспарын айту.

Қосымша 2

Оқушылардың оқу-таным қызметін жүйелеу. Өткен тақырыппен жаңа тақырыпты байланыстыра отырып түсінік беру

Тақырыпты меңгертуге жаңа әдіс тәсілдер қолдану.


Ынта қойып тыңдау Жаңа сабақты зейін қойып түсіну, жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою

Оқулық, Интерактивті тақта, макеттер, тақырыпқа байланысты суреттер

4. Зерделенген материалды түсінуді алғаш тексеру Қызметтің жаңа білімі мен тәсілдерін бекіту

10 мин

Жаңа тақырып бойынша білімдерін

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі (Иен Майлс бойынша)

арқылы бекіту. Білім алушылар бір-бірімен әңгімелесу арқылы ой қорытады.


«Кинометрафора» әдісі

Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы білім алушының бүгінгі сабақты меңгергенін білу.


Сұрақтары бар қорап

Қораптан алынған сұрақұтарға жауап беру:

1.Шаштарды қандай аймақтарға бөлуге болады?

2.Шашты аймақтарға бөлу арқылы қандай сызықтар аламыз?

3.Сагитальдық сызық шашты қандай аймақтарға бөледі?

4.Сызықтардың қандай түрлерін білесің?

5.Қалын шашты қысқарту үшін қандай сызық және аймақтарға бөлеміз?

6.Самай аймақтарды алу үшін шаштарды қалай бөлуге болады?




Жаңа сабақ бойынша түсінгендерін айту, әр түрлі тапсырмалардың орындалуын меңгеру, тапсырмалар орындау, сұраққа жауап беру арқылы жаңа тақырыпты меңгергендерін көрсету Жаңа тақырып бойынша тақырыпты меңгерту мақсатында әр – түрлі жұмыс түрін көрсету

Оқулық, Интерактивті тақта, макеттер, тақырыпқа байланысты суреттер,

СТО

5. Қызметтің білімі мен тәсілдерін қолдану Білімді жалпыландыру және жүйелендіру Қызмет білімі мен тәсілдерін бақылау және өзіндік бақылау Қызметтің білімі мен тәсілдерін түзету

5 мин

Жаңа тақырыпты меңгерту барысында әр- түрлі әдіс тәсілдер қолдана отырып сабақ түсіндіру Жаңа тақырып бойынша жалпы тақырыпты қорытындылау

Білім алушыларға әр түрлі тапсырмалар орындата отырып өзіндік бақылау жүргізу


Берілген ақпартты меңгеру, тапсырмалардың орындалу жолдарын меңгеру

Өзіндік орындалған жұмыс түрін көрсету Жаңа тақырып бойынша түсіінбеген сұрақтарын қою

Интерактивті тақта

6. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру

2 мин

Үй тапсырма беру, жаңа тақырыпты оқып келуді және де тақырып бойынша қосымша материалдар жинап келуді тапсыру

Дәрісті оқып мазмұнын айту, жаңа сабаққа ізденіспен келу

Интерактивті тақта

7. Сабақ қорытындыларына қорытынды жүргізу және рефлексия

3 мин

Білім алушылар білімін бағалау кезеңі, сабаққа белсенділік танытқан білім алушыларды бағалау

Алған бағаларынан қорытынды шығару

Көңіл күй смайликтері




Қосымша 1

Үй тапсырмасын сұрау

1.кезең

Сұрақтар:

1.Бас терісіне арналған массаж қандай түрлерге бөлінеді?

2. Бас массажықаншауақытқасозылуы керек?

3. Бас массажының жасалу реттілігін сипаттаңыз.

4.Бас массажына қандай қарсы көрсетілімдер болады?

5. Шаштаразда бас жуудың үш мақсаты қандай?

6. Сусабынмен бас жууға қай су ең қолайлы?

7. Шаштаразда бас жуудың ережесі?

8. Қандай жағдайда косметикалық бас массаж тағайындалады?

9.Қандайжағдайдамедициналық бас массаж тағайындалады?

2.кезең

Берілген сөздерді сәйкестендіріп,сөз тіркестерін құра:

Бас терісіне массаж жасаудың мақсаты

Шаштың өсуін жақсарту

Шаштың тамырларын нығайту

Қан айналымын жақсарту.

Массаж көрсетілімдері

Шаш бездерінің бұзылуы

Шаш тамырларын күшейту

Шаштың түсуінің алдын алу.

Массажға қарсы көрсеткіштер

Шаштың қатты түсуі

Тері ауруларының болуы

Қан қысымы жоғарлануы



3.кезең. Білім алушылардың дайындап келген презентацияларын тындау.

Жланбаева Райхан оқиды:Шаш туралы мәлімет.

Мизамбаева Алтын: Тарақтардың түрлері.




Қосымша 2

Шашты аймақтарға бөлу-бұл кесудің бастапқы кезеңі. Шашты аймақтарға бөлу сызықтар арқылы жүзеге асырылады.Ол үшін тұтқасы үшкір тарақ және шаш бекітуге қысқыштар қажет.

Клиенттің шаш қалындығына қарамастан, бір уақытта бүкіл басын кесуді бастау мүмкін емес, сондықтан кесуді бастамас бұрын бас аймақтарға бөлінеді. Тәжірибелі шеберлер мұны еш ойланбастан, олар өздеріне ынғайлы реттілікпен шаштарды бөле алады.

Көптеген шаш қыстырғыштардын көмегімен шашты бірнеше аймақтарға бөле аласыз. Тәжірибеге сүйенсек,не бәрі бес негізгі аймаққа бөлу жеткілікті - жоғарғы және төменгі желке аймақтар, төбе және екі самай аймақ.

Шашты аймақтарға бөлу үшін бөлу сызықтарын жасау керек. Бөліктер тік, көлденең және радиалды болуы мүмкін (яғни, бір нүктеден шығады). Кейде шаш қиюдың ыңғайлылығы үшін бастың бүкіл шеңбері бойымен шаштың шеткі сызығына параллель бөліктер жасалады, мұндай бөліктер көлденең сияқты жасалады.

Шашты бөлу аймақтары:

1 - жоғарғы желке бөлігі

2-төменгі желке бөлігі

3-орта желке бөлігі

3-төбе бөлігі

4-самай бөлігі.


Сагиттальды сызық-бұл он жақ құлақтан сол жақ құлаққа дейн бастың ең жоғарғы нүктесі арқылы бөлінеді. Сагиттальды сызық басты екі аймаққа бөледі: ол төбе және желке аймақтары.

Ең жоғары нүкте төбенің, орталық-тік бөлу аймағында орналасқан. Оны тарақ көмегімен басына бекітілген тарақ көлденең орналасқан жерде орналасқан.


Көлденең жатқан сызық- бұл он жақ құлақтан сол жақ құлаққа дейін орналасқан сызықтар, оксипитальды нүкте арқылы өтеді. Оксипитальды нүктені табу үшін тарақты желке бөлігіндегі бас сүйектердің үстіне тігінен қою арқылы табамыз. Көлденең бөлу сызықтар басты жоғарғы және төменгі бөліктерге бөледі.

Тік бөлу сызығы- маңдайдың ортасынан бастап бастың артқы жағынан өтеді.



Бүйір сызығы- бастын төбе бөлшегін бөле отырып,екі самай жағын бөлеміз.



Барлық осы сызықтардың көмегімен біз төбе, екі самай, жоғарғы және төменгі желке аймақтарды аламыз.

  1. жоғарғы желке

  2. төменгі желке

  3. төбе

  4. он жақ самай

  5. сол жақ самай




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 ақпан
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі