Ашық сабақ "Сатқын жапалақ"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Сатқын жапалақ"

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жопары жас мамандарға көмегі болар деген оймен жариялап отырмын.Оқушыларды қызықты сабақтармен қызықтыра отыра олардын пәнг деген сүйіспеншілігін арттыруға болады.Сол себепте әр сабақ бір біріне ұқсамау керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Сатқын Жапалақ.
Мақсаты: Халық ауыз әдебиетінің бірі ертегі жанырының ерекшелігімен таныстыру;

Міндеттері:1) Құстар және олардың ерекшеліктері туралы мәлімет беру; 2) Ертегідегі оқиға желісінің байланысын, сөз мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру.
3) Оқушыларды адалдыққа, батылдыққа ,шыншылдыққа тәрбиелеу. Әдістері: Сұрақ - жауап, талдау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер,бейнетаспа

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру бөлімі..

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
2 - 3 оқушыға «Батыр бала Бөген мен Шұбар ат» жырының үзіндісі бойынша сұрақтарға жауап алу.

1. Шұбар ат неліктен жүргісі келмеді?
2. «Түсінде аян берді»дегенді қалай түсінесіңдер?
3. Шұбардың сырт бейнесін суреттеу үшін қандай сөздер қолданылған?
4. Шұбар атты суреттейтін әсірелеу сөздерді кім оқып береді?

5. Жырдың мазмұны бойынша құрған жоспарын кім оқып береді?

ІІІ. Жаңа сабақ.
Енді балалар, мына жұмбаққа назар аударайық

Бір құс бар үлпілдеген жүні жұмсақ
Тұяғы бейне болат алмас пышақ.
Тұмсығы имек көрмейді күндіз көзі
Шарықтап көкті кезіп түнде ұшат. (Үкі)


Туысы  дейді  құстардың

Інісі  дейді  тышқанның.

Тышқан  да емес, құс та емес,

Екеуінен  тыс  қалдым.

( Жапалақ)

- Олай болса, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыздың тақырыбы үкінің туысы «Сатқын Жапалақ» атты ертегісімен танысамыз.

- Бұл ертегімен таныспас бұрын кім айтады,- Ертегі деген не?

Толықтыру: Ертегілер халық ауыз әдебиетінің бір түрі болып саналады. Ертегі деген аты ертеде, ерте кезде деген сөзден туған. Қазақ ертегілерінің көбі әдетте «Ертеде бір бай болыпты», «Ертеде бір хан болыпты»,
«Ертеде бір кемпір мен шал болыпты», т с с сияқты басталатынын білеміз.
1. Оқулықпен жұмыс.
Ертегіні оқып беріп мазмұнымен таныстыру.
   а) Ертегінің  мазмұнын  түсіндіру.

б) Мәтінді  іштей  оқыту.

в) Тізбектей  оқыту

2. Сұраққа жауап алу.
1) Сүлеймен патша қандай бұйрық береді?
2) Үкі інілері Байғыз бен Жапалақты қайда жасырады?
3) Құстарды қыру міндеті кімге жүктеледі?
4) Жапалақ Байғыз інісіне қандай опасыздық істейді?
5) Ертегі арқылы адам бойындағы қандай кемшіліктері сыналады?
6) Бұл ертегінің қай түріне жатады?

3. Үкі, Жапалақ, Байғыз – туралы қысқаша түсінік беріп өту.

Үкі – негізінен  орманды  мекендеп, жемін  түнде  аулайтын  жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері  бақырайған, қауырсындары  жұмсақ. Жұптарын  өмір  бойы  сақтайды.Дене  мөлшеріне  қарай 2-12-ге  дейін  жұмыртқа  басады.Қазақта  үкінің  қауырсыны  пәле-жаладан  сақтайды  деген  ұғым  бар.

Байғыз- жапалақ  тәрізді. Орман  байғызы, торғай  тәрізді байғыз  деген  түрлері  бар.Жартастағы  үңгірлерге ұя  жасап, төрт-алты  ғана  жұмыртқа  салады.Салмағы  195-260  грамдай болады.

Жапалақ - қауырсындары қалың және  қопсып  тұрады. Сондықтан  ұшқанда  дыбыс шығармайды. Қорегін есту органының  көмегімен іздеп табады. Құлағының  қалқаны  біршама  жақсы  жетілген. Жемсауы  болмайды.

IV Сергіту сәті

Қане,құс  боп  ұшайық,

Қанатымызды  қағайық,

Ұшып,ұшып алған соң,

Орнымызға қонайық.

V. Дәптермен жұмыс.
1) Сүлеймен патшаның жарлығын сызба бойынша дәптеріңе жаз.
Әдемі қырланған ақ сүйектен
Сүлеймен патша сарайы
Ылғи бас сүйектен
Сарғаймаған жас сүйектен
3) Шығармашылық жұмыс.
Көкжендетке, Жапалаққа, Үкіге мінездеме ер.   Ертегідегі  құстаға  мінездеме  беру

Үкі- ақылды, бауырмал,батыл

Жапалақ – өз  басын  ойлайтын  опасыз, сатқын

Көкжендет – мейірімсіз, жағымпаз

Жоспар  құру

а) Патшаның  жарлығы

б)  Үкінің бауырмалдығы

в) Жапалақтың  сатқындығы

ҮІ . Қорыту.
1) Бүгін қандай тақырып өттік?
2) Кімдер және не жайлы?
3) Сүлеймен патшаға қандай мінездеме беруге болады?
4) Жапалақтың Байғыз інісіне жасаған опасыздығы дұрыс па? .

5)Адалдық, шыншылдық дегенді қалай түсінесіңдер?

Ендеше сендер қастарыңда жүрген достарыңның ,туыстарыңның бойында қандай адамгершілік қасиеттің болғанын қалайсыңдар соны алдарыңдағы стикерге жазып мына тілек ағашына орналастырыңдар.
VII. Үйге: Ертегіні оқу.32-33 бет
Көкжендеттің Үкіге өлеңмен айтқан сөзін тауып дәптерге жазу.
VIII. Бағалау.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі