жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Ашық сабақ "шаттық шеңбері"(1ден-5ке дейін сандарды қайталау)
31.01.2017жыл
Білім беру саласы: Таным,Әлеумет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математика түсініктерді
қалыптастыру . Көркем әдебиет.
Тақырыбы: «Әдептілік шеңбері», (1-5ке дейінгі сандарды қайталау.)
Мақсаты:
1 Білімділік: 5 –ке дейін санау қабілеттерін күшейту: реттік санау
дағдыларын қалыптастыру.
2 Дамытушылық: Балаларды 5-ке дейінгі реттік сандарды ауызша тура және
кері санау арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту,сөздік
қорларын байыту, логикалық ойларын дамыту.
3 Тәрбиелік: Балаларда адамгершілік тәрбиесін қалыптастыра отырып
ұқыптылыққа, зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: кіріктірілген
Көрнекі құралдар: 1-5 ке дейінгі сандар, геометриялық пішіндер,
әдептілікке байланысты суреттер.
Билингвалдық компонет: Амандасу-здороваться- greet, үлкенді сыйлау-
уважать взрослых
Сабақтың әдіс тәсілдері:Түсіндіру, қайталау, әңгімелесу, демонстрациялық
дидактикалық материалдар,ойын ,мадақтау,
сұрақ – жауап,логикалық сұрақтар.
|
Кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы кезең. Ізденуші – ұйымдастырушы кезең Қорытынды |
Шаттық шеңберіне тұрғызу: Айда біреу аспанда Күнде біреу аспанда Тұратұғын елжіреп Бәрімізде бір жүрек Сенбесеңіз қараңыз Бір ғана бас Бір ауыз Кім байқады? Кім сезді? Мықты жандар бір сөзді Жалғап тұрған жұртыңды Бәрімізде бір кіндік. Өте жақсы қараңдаршы балалар бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті қане келген қонақтармен амандасайық. Үлкенге де сіз, кішігеде сіз. Сәлем беріп баршаға, бас іиеміз біз. -Балалар , мен сендермен бірге «Ойлан да,тап»атты ойын ойнағым келеді.Ойын шарты мен қолымдағы шарлардың түсіне қарап жыл мезгілін табындар. -Казір жылдың қай мезгілі? -Бір аптада неше күн бар? Апта күндерін атап беріндер Балалардың назарын тақтаға аудару. -Балалар ,тақтадағы шеңберді көріп тұрсындарма? Бұл сыйқырлы шеңбер. -Сыйқырлы шеңберінде не жасырылғанын білгілерін келе ме? -Балалар сендер мына шеңбердің бетінен нені көріп тұрсындар? Қандай сандар? Балалар мынау жәй шеңбер емес сыйқырлы шеңбер болған. Бұл сандар сыйқырлы сандар. Ол сандардын сыйқырын білу үшін әр-түрлі тапсырмалар орындау керекпіз. 1санның тапсырмасын орындайық. 1 ден – 5 ке дейін тура және кері сана. Әр түрлі нұсқау бойынша санау. Өте жақсы балалар жарайсыңдар. Бірақ балалар мына сыйқырлы сан ашылмай тұр. Тағы бір тапсырма орындайық «Көршісін тап» ойын ойнайық -Балалар 2 санының көршілерін атай қойындаршы. -4 санының көршісі. Өте жақсы балалар сендер 1санының тапсырмасын жақсы орындадыңдар ,енді осы сан туралы Мөлдір тақпақ айтып берем дейді. Енді осы санның артында не жасырғанын көрейік. Нені көріп тұрсыңдар балалар? Амандасу туралы мақал –мәтел айтқызу Дұрыс айтасыңдар ,балалар әдептіліктің бір белгісі ол сәлемдесу. Үлкендермен үнемі амандасып жүріңдер Сәлемдесуді орысша ағылшынша қалай айтамыз. Дұрыс айтасыңдар Балалар біз жаңа қай санның тапсырмасын орындадық? Енді екі санының тапсырмасын орындаймыз. -Балалар екі саны туралы тақпақ айтып беріндер Тапсырма: Балаларға
логикалық сұрақ: Үйге келді Мадияр, Оған қоса Алдияр, Кейін келді Айдана, Қанша болды бар
бала? Балалар сендер 2 санының тапсырмасында жақсы орындадыңдар енді артында не бар екенін көрейік.Сендер қандай суретті көріп тұрсыңдар? Дұрыс балалар біз үнемі үлкендерге көмектесуіміз керек Әдептілік туралы мақал - мәтел Ал енді шеңбердің сыйқырын ашуды жалғастырайық. Келесі үш саны туралы тақпақ сұрау. 3санының тапсырмасы «Сергіту жаттығуы » екен бір сергіп алайықта 1 дегенде тұрайық, 2,3,4 алақанды соғайық Оң жаққа бұрылып Сол жаққа бұрылып Бір отырып ,бір тұрып Біз жүгіріп алайық 5 дегенде асықпай орнымызды табайық. -Жақсы балалар , 3санының артында қандай сурет жасырылған екен. -қарт кісіге орын беру (Сурет бойынша сипаттау айту) Әдептілік туралы тақпақ айтқызу 4 саны туралы тақпақ. 4санының тапсырмасы: «Мұқият бол» Әуенге дыбысқан сәйкес байланысты жиын жина. Мақсаты: Есту мүшелері арқылы баланың ойлау қабілетін анықтау. Мен сендерге әр түрлі іс қимылмен дыбыстар шығарамын, сендер соны санап мұқият тыңдап сол санды тауып бересіндер. 3шапалақ 4қадам 5ойыншықтың дыбысы Жақсы балалар сендер 4санының тапсырмасын жақсы орындадыңдар. 4санының артында қандай сурет жасырынған екен? Құстарға ұя жасап жатқан балалардың суреті.(Сурет бойынша жұмыс) 5 саны туралы тақпақ. 5санының тапсырмасы: Дидактикалық ойын: «Шешуін тауып құрастыр» Мақсаты: геометриалық пішіндерді таяқшалар арқылы құрастыру 5санының артында , ағаш отырғызып жатқан балалардың суреті.(Сурет бойынша жұмыс) -Әдептілік туралы мақал. -Балалар біз бүгін не туралы әңгімелестік? Сонымен әдепті бала қандай болуы керек? Сандарды қайталаумен қатар әдептілікті үйрендік. Әдептілік шеңберін қарастырдық. |
Балалар шеңбер құрып тұрады. Өлең жолдарын қайталайды Қимыл қозғалыспен келтіреді. Балалар хормен өлең жолдарын қайталайды. Балалар өз орындарына орналасады. Балалар шарлар түсін жыл мезгілдерімен байланыстырады: Ақ-қыс,жасыл-көктем,қызыл-жаз,сары-кұз. -Қыс -7 Балалар апта күндерін айтып береді. -Ия -Білгіміз келеді. -Сандарды көріп тұрмыз. 1 ден-5ке дейінгі сандар. Балалар осы сандарды кері және тура санайды. 1 ден – 5 ке дейін тура санайды 5 тен – 1 ге дейін кері санайды. 1 және 3 3және 5 -Тақпақ айтады Мөлдір Ата мен бала амандасып тұр Иа біз үлкендермен үнемі амандасып жүреміз. -Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені(Айзере) Амандасу-здороваться- greet, 1санының тапсырмасын -Тақпақ айтады (Салтанат) -Балалар логикалық сұрақтарға жауабын табады -Төртбұрышты доп болмайды. -3 -3 -Баланың апаға көмектесіп жатқанын көріп тұрмыз. -Әдепті бала-арлы бала Әдепсіз бала –сорлы бала(Талшын) 3 саны туралы тақпақ (Ерасыл) Қимыл қозғалыспен қайталап келтіреді. Өлең жолдарын қайталайды Қарт кісіге орын беріп жатыр. -Ғ.Фариза -4саны туралы тақпақ айтады(Ерали) - Қанша дыбыс естиді сол санды тауып көрсетеді. -Жан қиналмай жұмыс бітпес,Талап қылмай мұратқа жетпес. (Алдияр) -Балалар тақпақ айтады (Әділжан) -Жұмбақтардың шешуін табады,санауға арналған таяқшалармен геометриялық фигураны құрастырады -Балалар мақал айтады әдептілік туралы Үлкендермен үнемі амандасу, Үлкендерге көмек Ағаштарды сындырмау жане жануарларға қамқор болу. -Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық, Көріскенше күн жақсы Сау-саламат болайық! |
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: 1ден 5ке дейінгі сандарды тура және кері санауды, геомет-қ пішіндерді ажырата білу.
Нені білді: Тура және кері санауды естеріне түсірді.Әдептілік туралы білді.
Меңгереді:Тапсырмаларды орындау кезінде шапшандық,мұқияттылық тәрізді сапалар.
ШҚО, Үржар ауылы ,Үржар ауданының КМҚК-ның
«Ер Төстік»балабақшасының «Қарлығаш» ортанғы тобының
2 санатты тәрбиешісі Бекбосова Айгуль Жасыбаевна
Тақырыбы:
«Әдептілік шеңбері»
(1 - 5-ке дейін сандарды қайталау)
Тәрбиеші:Бекбосова А.Ж



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген