400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ. Саяси партиялар

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ жоспары. Саяси партиялар. Колледждің барлық мамадықтарының 2-курс студенттеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түркістан облысы,

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі,

Әлеуметтану және саясаттану негіздері

пәні оқытушысы А.С.Калыбаева


Саяси партиялар және партиялық жүйелер


Пән атауы Әлеуметтану және саясаттану негіздері

Сабақ типі Аралас

2. Мақсаты, міндеттер

Білімділік саяси партиялар, олардың құрылу тарихы, қызметтері мен түрлері, партиялық жүйелер туралы білім беру

Тәрбиелік Патриоттық тәрбие беру, саяси белсенділігін көтеру, ҚР-дағы саяси

іс-шараларды бағалау алуды үйрету, студенттердің бойына жалпы адаматтық құндылықтарды сіңіру

Дамытушылық Студенттердің еркін сөйлей алу, өз ойын жеткізе алу қабілеттерін дамыту, талдау жасай алуды үйрету

     

2.1 Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі

Саяси партиялардың анықтамасын біледі, саяси партиялардың түрлерін, қызметтерін біледі, партиялық жүйелердің ерекшеліктерін сипаттайды


3. Сабақты жабдықтау

Тақта, бор, оқулықтар, интербелсенді тақта, компьютер,

3.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

1. Жамбылов Д., Саясаттану. – А.: 2011ж.

2. Кенжебаев С., Саясаттану негіздері. –А.:1998ж

      3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Ноутбук, бейнеролик, слайд


  4. Сабақтың барысы

  1. Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу

  2. Студенттердің көңіл-күйлеріне назар аударып, зейіндерін сабаққа шоғырландыру

  3. «Өрмек тоқу» тренингі арқылы студенттердің сабаққа деген ынталарын арттыру

Қанекей балалар, бүгінгі сабаққа деген ынтамызды арттыру үшін, көңіл-күйімізді көтеріп, бір-бірімізге құрметпен қарау үшін «Өрмек тоқу» ойынын ойнаймыз. Барлығымыз ортаға шығып, дөңгелене тұрамыз. Менің қолымдағы жіпті бір-бірімізге беру арылы өрмек тоқимыз. Жіпті біреуге беру үшін оған жақсы тілек тілейміз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  1. «Ия немесе жоқ» тапсырмасы

«Саяси режимдер» тақырыбын есімізге түсіріп, қайталау үшін мен сіздерге тақтада сұрақтар қоямын. Сіздер бұл сұраққа ия немесе жоқ деп қана жауап бересіздер.

  1. Саяси режим демократиялық және антидемократиялық болып бөлінеді - ия

  2. Демократия деген сөз «мемлекет» деген мағынаны білдіреді - жоқ

  3. Саяси режим түріне монархия және республика жатады - жоқ

  4. Демократия грек тілінде демос-халық, кратос билік деген мағынаны білдіреді - ия

  5. КСРО-да авторитарлық режим орнады - жоқ

  6. Тоталитарзм - қоғам өмірінің барлық саласы биліктің бақылауында болатын саяси режим - ия

  7. Мемлекеттік басқару формалары заң шығарушы, атқарушы, сот - жоқ

  8. Заң шығарушы билікті Парламент жүзеге асырады - ия

  9. Қазақстан Республикасы – монархиялық мемлекет - жоқ

  10. Қазақстан тоталитарлық мемлекет пе? - жоқ


Осы сұрақтардың ішінде жоқ деп жауап берген сұрақтың дұрыс жауабын айтыңыздар.


  1. Демократия деген сөз «мемлекет» деген мағынаны білдіреді

Демократия грек тілінде демос-халық, кратос билік, яғни халық билігі

деген деген мағынаны білдіреді

2) Саяси режим түріне монархия және республика жатады

Саяси режим түріне демократиялық режим және антидемократиялық

режим жатады

3)КСРО-да авторитарлық режим орнады

КСРО-да тотаритарлық режим орнықты

4) Мемлекеттік басқару формалары заң шығарушы, атқарушы, сот

Мемлекеттік басқару формалары монархия және республика

5) Қазақстан Республикасы – монархиялық мемлекет

Қазақстан Республикасы – басқарудың формасы бойынша Президенттік

Республика болып табылады

  1. Дебат.

«Қазақстан Республикасындағы демократиялық жағдай» тақырыбында екі фракция бір-біріне қарама-қарсы пікірді жақтап пікірталастырады.

«Адал» және «Отан» фракциялары

  1. Жеке тапсырмалар. Белсенділігі төмен студенттерге үлестірме түрінде таратылып, жазбаша орындалады.

А) Кестені толтырыңыз


Б) Венн диаграммасы

Shape1 Shape2

Демократия Антидемократия





В) Сызбаны толтырыңыз

Shape5 Shape4 Shape3 Shape6

Саяси режимдер


Shape9 Shape8 Shape7



5. Жаңа сабақты түсіндіру. Саяси партиялар және партиялық жүйелер

Саяси партия — әлеуметтік топтың немесе таптың, неғұрлым белсенді және ұйымдасқан бөлігі. Олар саяси билікке қол жеткізу үшін күреседі. Партиялар ұйымдасқан таптар мен әлеуметтік топтардың қажеттіліктерін, мүдделері мен мақсаттарын білдіреді. Саяси биліктің тетіктерінің жұмыс істеуіне белсенді түрде қатысады немесе оған белгілі бір дәрежеде ықпал етеді.

Партияның атқаратын қызметінін, тұжырымды мәні мынада: ол халыққа идеологиялық әсер етеді, саяси сананы қалыптастыруда роль атқарады. Саяси партиялар халықты үкіметпен, азаматтық қоғамды саяси қоғаммен, мемлекетпен байланыстыратын тетік болып табылады. Саяси партиялардың басқа ұйымдардан, қозғалыстар мен клубтардан негізгі ерекшеліктері мыналар — олар саяси билікке, билік тетігіне қатысуға таласады.

Партия саясаттың маңызды құрылымы болып саналады. Қазіргі танда көз алдыңа ең болмағанда бір партиясы жоқ мемлекетті елестету мүмкін емес.

Халық партия арқылы өздерінің топтық талаптарын билікке мәлім етеді, басшылықты сынайды, саяси бағыттың және биліктің өзінің өзгеруіне қол жеткізеді.

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің қалыптасу кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан. бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады.

Қазіргідей нағыз саяси партиялар Еуропада XIX ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастаған. Жалпыға бірдей сайлау құқығының енгізілуі бұқара халықтың саясатқа қатысу мүмкіндігін тудырады. Жұмысшылар ұйымдасып, парламентте өз мүдделерін қорғайтын партиялар құрыла бастады. Партия бірден көпшілік партияға айналған жоқ. Немістің көрнекті саясаттанушысы Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынандай кезеңдерді көрсетті:

1. Аристократиялық үйірмелер.

2. Саяси клубтар.

3. Көпшілік партиялар..

Тұңғыш көпшілік партия болып 1861 жылы Ұлыбританияның либералдық партиясы құрылды. Одан кейін Германияда 1863 жылы жалпы Германияның жұмысшы Одағы партиясы құрылды. Мұндай партиялар басқа да елдерде құрыла бастады.

Партиялардың өмір сүру ұзактығы дау-жанжалдардын тууы мен оларды шешу қажеттігінен туады. Жалпы саяси партиялардың. мынандай сипатты белгілері болады:

1. Партия бағдарламасынын болуы;

2. Саяси билік үшін күрестің болуы:

3. Партиялық тәртіптің болуы:

4. Партияға мүшелік ету;

5. Мүшелік жарна төлеу;

6. Партияның жарғысының болуы:

7. Баспа органдарының, болуы;

8. Партия басшылығының көптеген өкілеттігі;

9. Кәсіптік негіздегі партия аппаратының болуы. Осындай белгілері бар саяси партиялар тапты немесе әлеуметтік топты ұйымдастырады, жұмысына мақсаттылық-сипат береді, белгілі бір идеологияны қорғайды, бағыт береді.

Сонымен саяси партиялардың негізгі қызметтері төмендегідей:

1. Теориялық:

Қоғам дамуының, негізгі салалары бойынша жәңе оның даму жолдарын талдап, теориялық жағынан бағалау. Әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтап үйлестіру. Қоғамды жаңартудын стратегиясы мен тәсілін тұжырымдап бүқараны қимыл бірлігіне теориялык жағынан әзірлеу.

2. Идеологиялық:

Еңбекші бұқара арасында өз көзқарасын, ізгі мұраттарды тарату, оны іскерлікпен ұштастыру. Өз бағдарламасы мен саясатын насихаттау. Азаматтардың түбегейлі мүдделерін ескере отырып өз бағытын қолдауға жұмылдыру және партия қатарына тарту

Қорыта келе, партия деп - мемлекеттік билікті колға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады.

3. Саяси партиялардың жіктелуі, түрлері

Саяси партияларды жіктеп. жүйелеудің көтеген өлшем және белгілері бар.Француз ғалымы М.Дюверже сайлаушылар мен белсенділер санына қарай екіге бөлген:

Кадрлық:

Сайлаушылардың 10 пайызы ғана болатын мүше саны аз,ұйымдастырушылық жағынан жоғары деңгейде. Әр мүшесінің партиялық билеті бар. Мүшелік жарна төлейді. Жарғысын мүлтіксіз орындайды. М: ГФР-дің Христиандық-демократиялық одағы, Жапония либералдық-демократиялық партиясы, Француз коммунистік партиясы.

Бұқаралық

Сайлаушылары көп, мүшелері белсенділері де көп. Партиялық билеті жоқ мүшелік жарна төлемейді. Мысалы: Ұлыбританияның Лейбористер партиясы АКШ-тың республикалык және демократиялық партиялары.

Сайлаушылар партиясы - бұл партияның, негізгі мақсаты үміткердің сайлау алдындағы науқанын ұйымдастыру: қаржы жинау, үгіт жүргізу, т.с.с. Мұнда тұрақты мүшелік жоқ ұйымдық құрылым жоқ

Парламенттік партия - екі қызмет атқарады: парламентке бақылау жасайды, сайлауға дайындалады.

Авангардтық партия - орталықтанған өзінің барлық мүшелерінен партиянын жұмысына белсенді катынасуын талап етеді.

Қауымдастық партиясы - ортак көзкарас, ұқсас мүд-делеріне орай маңызды мәселелерді талқылау үшін бірік-тіріледі.

Коммунистік партиялар — К.Маркстің ілімін басшылыққа алады. Тапсыз, меншіктің жеке түрі жоқ қоғам мүддесін қорғайды.

Социал-демократиялық партиялар - бұл партиялар үнемі еңбекші халыктың мүддесіне сай қоғамды реформалап отырады. Негізгі құндылықтары: әділеттілік, бостандық, теңдік, ынтымақтастық.

Буржуазиялық-демократиялық — билік үшін ашық күрес жүргізеді. Үкіметке жалпыға бірдей сайлау арқылы жетеді. Заң алдында бәрінің, де тең болғанын қалайды.

Консервативтік партиялар - ірі буржуазияның мүддесін қорғайды. Тенсіздікті сақтағысы келеді.

Фашистік партиялар - адам құқықтары мен бостанықтары шектеледі. Ұлтшылдықты уағыздайды. Жеке мүддеден мемлекеттік мүдде жоғары тұрады. Күштеу басым болады.

Билеуші партиялар - билік қолға жеткен соң, қоғам дамуының басты бағыттары мен сипатын айқындауға мүмкіндік туады. Яғни, басқа партиялардың үстінен билік жүргізеді.

Оппозициялық партиялар - олар басқарушы партияның саясатын сын көзбен бағалайды. Қарсыластық қасиет тән.

Ресми партия - жұмысын ашық жүргізеді. Қоғамдық саяси өмірге қатынасуына заң жүзінде рұқсат етіледі. Мемлекеттік тіркеуден өтеді.

Жартылай ресми партия - формалды түрде рұқсат етілген, кейбір жұмысына шек қойылған.

Құпия партиялар - заң бойынша тыйым салынған, жұмысын жасырын жүргізеді

Партиялық жүйелер бірпартиялық, екіпартиялық, көппартиялық болып бөлінеді.

Бірпартиялық - өзінен баска партияның болғанын қаламайды. Мұндай партия тоталитарлық және авторитарлық коғамға тән. Мысалы: бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партия.

Екіпартиялық - мұнда нағыз бәсекелестік ірі екі партия арасында болады. Жалпы сайлау арқылы үкімет басына келеді. Үнемі бір-бірін сынға алып отырады. Мысалы: АҚШ-тағы республикалық және демократиялық партиялары. Ұлыбританиядағы консерваторлар мен лейбористер партиялары, Германиядағы христиандық демократтар мен социал-демократтар.

Көппартиялылық - мүнда үш немесе одан да көп партиялар болады. Саяси мәселелер жан-жақты қаралады, бюрократияға тежеу салынады. Билік басына нағыз дарынды адамдардың келуіне мүмкіндік туады. Мысалы: қазіргі Қазақстан Республикасы. Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция құруы мүмкін.

Коалиция деп жалпы мақсатқа жету үшін партиялардың жасаған бірлігін айтады.

1-тапсырма. «Өрмек тоқу» әдісі арқылы жаңа тақырыпты бекіту

Педагог студенттерге сұрақ қойып, жіпті лақтырады, жіпті алған студент сұраққа жауап беріп, жіпті қайта педагогке лақтырады.

1. Саяси партия дегеніміз не?

2. Пария деген сөз қандай мағынаны білдіреді?

3. Саяси партиялар не себепті пайда болды?

4. Партияның негізгі белгілері қандай?

5. Партиялық жүйе деп нені айтады?

6. ҚР-дағы партиялық жүйе

7. Партиялардың қандай түрлерін білесіз?

8. Партия санының көптігі көппартиялық жүйені білдіре ме?

9. Қазақстанда көппартиялық жүйе құрылды деп айта аласыз ба?

2-тапсырма. «Партия» ойыны. Студенттер жаңа партиялар құрады. 4 партияға бөлініп, партияның атауын қояды, партияның бағдарламасын жасайды. Партия төрағалары партияның бағдарламасымен таныстырады.

Соңында аудиториядағы барлық азаматтар 4 партияға дауыс беріп, сайлау өткізіледі. Сайлауда көп дауыс жинаған партия жеңімпаз болып табылады.


  1. Сабақ бойынша рефлексия. Эдвард Боно. Ақылдының аты қалпағы


Мен сабақта не түсіндім



Маған не оңай болды Мен нені түсінбедім




Мен үшін қызықты болды Маған қиын болды


Менің білгім келеді




  1. Үй тапсырмасы

Н: [1] 62-63 б

Қ: [1] 114 б

Ізденіс жұмыстары. ҚР-дағы саяси партиялар

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
13 қаңтар
1136
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі